2006 ж. 16 қаз.
Күнделікті нұр, 17 қазан: Күні бойы олар ұлы атыңа қуанады
Күнделікті нұр
Күні бойы олар ұлы атыңа қуанады, Әділдігің оларды жоғарылатады.
Забур жырлары 88:17
«Әділдік пен құдірет тек Жаратқан Иеде!» деп мойындайтын болады». Жаратқан Иеге ашуланғандардың бәрі Оның алдына келіп, өкініп ұялады. Сонда Жаратқан Ие Исраилдің бүкіл үрім-бұтағын ақтап, олар Оны мақтан тұтатын болады.
Ишая 45:24–25
Иемізге қуаныңдар, әділдер, шаттаныңдар! Шын жүректен адалдар, қуана ән салыңдар!
Забур жырлары 31:11
Ал енді Құдайдың адамдарды ақтау жолы көрсетілді. Бұл жолға заңды ұстанудың қатысы жоқ. Ол туралы Таурат пен Пайғамбарлар жазбалары білдірген еді. Құдай яһуди және басқа ұлт адамдарының бәрін де Иса Мәсіхке деген сенімдері арқылы ақтайды. ... Ал қазіргі заманда Ол Өзінің әділдігін осылай дәлелдейді: Құдай әділ, Ол Исаға сенуші әркімді ақтап алады.
Римдіктерге хат 3:21–22, 26
Әрдайым Иемізбен байланыстарыңа қуаныңдар! Тағы да айтамын: қуаныңдар!
Філіпілікт. хат 4:4
Мәсіхті өз көздеріңмен көрмеген болсаңдар да, Оны сүйесіңдер. Қазір де көре алмағанмен, Оған сенесіңдер. Сондықтан сендер сөзбен суреттеуге болмайтын ұлы да керемет қуанышпен шаттанып тұрсыңдар.
Петірдің 1-хаты 1:8
(Патшалық, құдірет және ұлылық Мәңгі бақи Сенікі!
Матай 6:13
Жаратқан Ие — Патша, Ол билік жүргізуде ... Сенің құрметті «тағың» ежелден бекітілген, Уа, Ием, мәңгі бақи бар болып келесің Сен.
Забур жырлары 92:1–2
Жаратқан Ие қаһарлануға асықпайды, Оның құдіреті ерен зор.
Нақұм 1:3
Бізге кім қарсы шыға алады?!
Римдіктерге хат 8:31
Егер лаулап жанып тұрған пешке лақтырылсақ та, ғибадат етіп жүрген Құдайымыздың бізді құтқаруға құдіреті жетеді. Ол бізді сіздің қолыңыздан құтқаратын болады да!
Даниял 3:17
Оларды Маған берген Әкем бәрінен де ұлы. Ешкім соларды Әкемнің қолынан да тартып ала алмайды.
Жохан 10:29
Өйткені сендердегі Киелі Рух күнәкар дүниені билеп тұрған шайтаннан құдіретті.
Жоханның 1-хаты 4:4
Біздің емес, уа, Жаратқан, тек Сенің атың.
Забур жырлары 113:9
Уа, Жаратқан Ие, Саған тән — ұлылық, Құдірет, салтанат, жеңіс пен нұрлылық! Меншігің — көк пен жердегілер барлық! Һәм Сенікі, уа, Иеміз, патшалық Әрі баршаға деген басшылық! Сонымен енді, я, Құдайымыз, Саған шүкіршілік айтудамыз, Ұлы атыңды мадақтаудамыз! Ал енді, Саған осындай мол сый-тарту беретіндей біз кім едік сонша?! Әлемдегінің барлығы да Сенен келген. Өз қолыңның бізге сыйлағандарын ғана Өзіңе тарту етіп отырмыз.
Шежірелер 1-ж. 29:11, 13–14
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2006 ж. 15 қаз.
Забур жырлары 59:9 · Патшалықтар 2-ж. 22:2–3
2006 ж. 14 қаз.
Римдіктерге хат 14:9 · Ишая 53:10–11
2006 ж. 13 қаз.
Даниял 10:12 · Ишая 57:15
2006 ж. 12 қаз.
Қорынттықт. 2-хат 5:19 · Қолостықт. хат 1:19–20
2006 ж. 11 қаз.
Забур жырлары 22:11 · Забур жырлары 13:1–2
2006 ж. 10 қаз.
Ефестікт. хат 3:15 · Ефестікт. хат 4:6





