2006 ж. 19 қаз.
Күнделікті нұр, 20 қазан: Іштей Құдай заңына ризамын
Күнделікті нұр
Іштей Құдай заңына ризамын.
Римдіктерге хат 7:22
Сенің тәліміңді сондай қатты сүйемін! Күні бойы сол жайлы ойланып та жүремін.
Забур жырлары 118:97
Сөздерің маған жеткен кезде, олардан рухани нәр алып жан дүниеме азық еттім. Сенің сөздерің маған қуаныш әкеліп, жүрегім ләззат тапты.
Еремия 15:16
Саясында оның отыра берсем екен, Жемісі тәтті, ләззат табамын мен.
Таңдаулы ән 2:3
Аузынан шыққан сөздерін қажетті тамағымнан да артық көріп сақтайтынмын.
Әйүп 23:12
Сенің еркіңді орындауға құштармын, Уа, Құдайым, жүрегімде Сенің тағылымың.
Забур жырлары 39:9
Өзімді Жібергеннің еркін іске асырып, Оның тапсырғанын толық орындау Маған «нәр» болады.
Жохан 4:34
Әрі әділ — Жаратқанның бұйрықтары, Олар жүрекке қуаныш құяды. Жаратқанның өсиеттері сондай нұрлы, Көздерді ашып, жарқыратады. Тіл үйірген таза балдан да тәтті, Алтыннан, саф алтыннан да бағалы.
Забур жырлары 18:9, 11
Құдайдың айтқандарын құр естуші ғана болмай, оларды іске асырушы болыңдар! Әйтпесе өздеріңді-өздерің алдайсыңдар. Өйткені Тәңір Иенің хабарын естігенмен, оны іске асырмайтын адам айнаға қарап, бет-әлпетін көрген біреуге ұқсайды.
Жақыптың хаты 1:22–23
Сізге оң көзімен қарай көрсін! — деп ізгі тілек білдірді.
Патшалықтар 2-ж. 24:23
— Мен Жаратқан Иенің алдына қандай сый-тартумен келейін? Көктегі Құдайға нені ұсынып, бас иіп тағзым ете аламын? Оның алдына келгенде құрбандыққа шалынып, өртелетін тайыншалар ұсынсам бола ма? Жаратқан Иеге сан мыңдаған қошқар әрі он мыңдаған бұлақ болып аққан зәйтүн майын әкеліп Оны риза қылуға бола ма? Бас көтеріп теріс іс істегенім үшін тұңғышымды, жасаған күнәм үшін өз перзентімді құрбандыққа шалайын ба? (— Әрине, олай емес.) — Уа, адам, Жаратқан Ие саған ненің игілікті екенін білдірген еді. Ол сенен нені талап етеді? Әділ істер істеп, мейірімділікті ұнатуыңды, әрі сиынатын Құдайыңмен тығыз байланыста болып кішіпейіл жүруіңді талап етеді емес пе?!
Миха 6:6–8
Бәріміз де күнәға батып рухани ластанып кеттік! Күллі әділ істеріміздің өзі лас шүберектей жиренішті!
Ишая 64:6
Киелі жазбаларда бұл туралы мына тәрізді сөздер бар: Бірде-бір әділ кісі жоқ, бәрі де күнә жасап, Құдайдың өздеріне белгілеген ұлылығынан құр алақан қалды. Бірақ олар Құдайдың рақымымен Мәсіхтің бұлардың төлемдерін төлеп, құтқарғанының арқасында тегін ақтала алады. Құдай Мәсіхті күнәлардың құнын өтеуші құрбандық етіп көрсетті: Соның қаны төгіліп құрбан болғандығына сенгендерді Құдай кешіреді. ... Ал қазіргі заманда Ол Өзінің әділдігін осылай дәлелдейді: Құдай әділ, Ол Исаға сенуші әркімді ақтап алады.
Римдіктерге хат 3:10, 23–26
Өзінің сүйікті рухани Ұлы арқылы бізге сыйлаған керемет рақымы үшін Құдай мадақтала берсін!
Ефестікт. хат 1:6
Сендер Мәсіхпен тығыз байланысып, рухани игіліктерге толықтай ие болдыңдар.
Қолостықт. хат 2:10
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2006 ж. 18 қаз.
Жохан 19:34 · Мысырдан шығу 24:8
2006 ж. 17 қаз.
Забур жырлары 89:16 · Ишая 45:24–25
2006 ж. 16 қаз.
Римдіктерге хат 12:11 · Уағыздаушы 9:10
2006 ж. 15 қаз.
Забур жырлары 59:9 · Патшалықтар 2-ж. 22:2–3
2006 ж. 14 қаз.
Римдіктерге хат 14:9 · Ишая 53:10–11
2006 ж. 13 қаз.
Даниял 10:12 · Ишая 57:15





