2007 ж. 5 ақп.
Күнделікті нұр, 6 ақпан: Мен дүние үшін Нұрмын (Жохан 8:12)
Күнделікті нұр
Осылай маған Иеміздің рақымы молынан төгіліп, Мәсіх Исадан келетін сенім мен сүйіспеншілікке кенелдім.
Тімотеге 1-хат 1:14
Иеміз Иса Мәсіхтің рақымдылығын жақсы білесіңдер: Ол сондай бай бола тұра, сендердің рухани баюларың үшін бәрінен бас тартып, жоқшылыққа ұшырады!
Қорынттықт. 2-хат 8:9
Бірақ күнә қаншалықты көбейсе, Құдайдың рақымы одан да асып түсті.
Римдіктерге хат 5:20
Осылайша Ол бізге Мәсіх Исаның арқасында мейіріммен қарап, болашақ дәуірлерде Өзінің ағыл-тегіл мол рақымын көрсетпек. Сондықтан игі істерімнің арқасында құтқарылдым деп ешкім мақтанбасын.
Ефестікт. хат 2:7, 9
Адамдардың Таурат заңын ұстану арқылы емес, тек Иса Мәсіхке деген сенімдерімен ғана Құдай алдында ақталатынын білеміз. Сондықтан біз де Таурат заңын орындаудың арқасында емес, Мәсіхке сенуіміз арқылы ақталу үшін сенімімізді Мәсіх Исаға арттық. Себебі заңды орындаумен ешбір адам ақтала алмайды.
Ғалаттықт. хат 2:16
Өзінің мейіріміне бола күнәдан жуып тазартып, Киелі Рухы арқылы рухани қайта туғызып жаңартты. Құдай бізді Өзінің Киелі Рухына Құтқарушымыз Иса Мәсіхтің арқасында молынан кенелтті.
Титке хат 3:5–6
Таңғы жарық Жұлдызбын, — деді.
Аян 22:16
Бірақ жақын емес: Жақыптан бір жұлдыз туатын болады.
Руларды санау 24:17
Түнгі уақыт бітуге таяп қалды, ал Мәсіхтің күні жақындады. Сондықтан қара түнектегі жаман істерден бас тартып, жамандыққа қарсы тұратын «нұрдың қаруын» асынайық!
Римдіктерге хат 13:12
Таң атып, көлеңке жоғалып кеткенше, Жас бұғыдай тау сайларында секірші, Сүйіктім, еліктей кері қайтып келші!
Таңдаулы ән 2:17
Күзетші, түн қашан бітеді?» — деп сұрайды. Күзетші былай деп жауап береді: «Қазір таң атады, кейін жер түн жамылады. Егер тағы да сұрағыларың келсе, қайтып келіп, сұрай беріңдер.
Ишая 21:11–12
Мен дүние үшін Нұрмын.
Жохан 8:12
Мен жеңіп шыққандарға таңғы жұлдызды да сыйлаймын.
Аян 2:28
Ұдайы сақ та сергек болыңдар (әрі Құдайға сиыныңдар), себебі Менің қайтып келген кезімнің қашан болатынын білмейсіңдер. Бұл жайт сапарға шықпақ болған бір кісінің әрекетіне ұқсас: ол кетер алдында үй-жайын басқаруды қол астындағы қызметшілеріне аманаттайды. Әрқайсысына атқаратын жұмыстарын үлестіріп беріп, қақпашыға сергек күзетуін тапсырады. Сондықтан сергек болыңдар! ... Кенеттен келе қалған кезімде рухани ұйықтап жатпаңдар! Сендерге айтқанымды бәріне де айтамын: сергек болыңдар!
Марқа 13:33–37
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2007 ж. 4 ақп.
Заңды қайталау 17:16 · Еврейлерге хат 11:15–16
2007 ж. 3 ақп.
Хаққай 2:4 · Жохан 15:5
2007 ж. 2 ақп.
Шежірелер 1-ж. 4:10 · Лұқа 22:46
2007 ж. 1 ақп.
Петірдің 1-хаты 1:8 · Қорынттықт. 2-хат 5:7
2007 ж. 31 қаң.
Руларды санау 33:55 · Тімотеге 1-хат 6:12
2007 ж. 30 қаң.
Еврейлерге хат 12:1–2 · Лұқа 9:23






