2009 ж. 9 шіл.
Күнделікті нұр
Шәкірті ұстазынан.
Матай 10:24
Маған «Ұстаз», «Ием» дейсіңдер. Осылай атағандарың дұрыс, себебі Мен Солмын.
Жохан 13:13
Шәкірті ұстазына, қызметшісі қожайынына ұқсаса, соған қанағат тұтсын.
Матай 10:25
Күнәкарлар Мені қудаласа, сендерді де қудалайды. Олар Менің сөзімді ұстанды ма, жоқ, ендеше сендердің сөздеріңді де ұстанбайтын болады.
Жохан 15:20
Бұларға Сенің хабарыңды білдірдім. Күнәкар дүние оларды жек көріп келеді, себебі Менің осы дүниелік еместігім сияқты, бұлар да сондай емес.
Жохан 17:14
Исаның күнәкарлардың қаншама жауыздықтарына шыдағанын ескеріңдер! Осылай сендер де қажымаңдар, жігерлеріңді жасытпаңдар! Күнәға қарсы тойтарыс берген күрестеріңде сендер әлі де қандарыңды төгіп, жандарыңды пида еткен жоқсыңдар.
Еврейлерге хат 12:3–4
Тез шырмап алатын әрбір күнәдан арылып, алдымыздағы «жарысты» қажырлылықпен аяқтайық! Басқа жаққа мойын бұрмай, бар назарымызды Исаға аударайық! Бастапқыда сенім жолын салған Ол бізді сеніміміз арқылы Құдай белгілеген мақсатымызға жеткізеді де. Иса Өзін күтіп тұрған зор қуаныш үшін айқышқа шегеленудің қорлығын елемей, соған төзді. Бұдан кейін Ол Құдайдың тағының оң жағындағы құрметті орнына жайғасып отырды.
Еврейлерге хат 12:1–2
Сонымен, Мәсіхтің Өзі тәнімен азап шеккендіктен, сендер де (жақсылық үшін азап шегуге дайын) болыңдар! Осындай ой-ниет өздеріңді қорғайтын қалқан іспетті.
Петірдің 1-хаты 4:1
Балам, жүрегіңді маған бағышта.
Нақыл сөздер 23:26
Олардың Мені терең қастерлеп, өсиеттерімді түгел орындауға ниеттенген жүректері берік болса екен! Сонда олардың өздері де, ұрпақтары да әрқашан игілікті өмір сүретін болады.
Заңды қайталау 5:29
Себебі Құдайдың алдында жүрегің таза емес.
Елшіл. істері 8:21
Ескі күнәкар болмысымыздың ниеті Құдайға қас, ол Құдайдың заңына бағынбайды, әрі бағына алмайды да. Сондықтан ескі күнәкар болмысының еркімен өмір сүретіндер Құдайға ұнай алмайды.
Римдіктерге хат 8:7–8
Олар өздерін алдымен Иемізге бағыштап, сондай-ақ.
Қорынттықт. 2-хат 8:5
Құдайдың киелі үйіндегі қызмет болсын ... Езекия шын жүректен атқарып, Құдайға мойынсұнды. Осылайша ол табысқа кенелді.
Шежірелер 2-ж. 31:21
Ең бастысы, таза сақта жүрегіңді, Өйткені ол — өміріңнің қайнар көзі.
Нақыл сөздер 4:23
Қандай жұмыс болса да, оны адам баласы үшін ғана емес, Иеміз үшін істеп жүргендей жан-тәндеріңмен атқарыңдар!
Қолостықт. хат 3:23
Ұдайы жан-тәндеріңмен орындай беріңдер! Осылай Құдайдың еркін Мәсіхтің қызметшісі ретінде іске асырыңдар! Сөйтіп қызметтеріңді адамға емес, Иемізге арнағандай ынтамен атқарыңдар.
Ефестікт. хат 6:6–7
Менің жүрегімді азат еттің Сен, Жүремін өсиеттеріңнің жолымен.
Забур жырлары 118:32
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2009 ж. 9 шіл.
2009 ж. 8 шіл.
2009 ж. 7 шіл.
2009 ж. 6 шіл.
2009 ж. 5 шіл.
2009 ж. 4 шіл.
2009 ж. 3 шіл.

Иса Мәсіх
Жаңа Өсиетте «Қожайын» деп аударылған сегіз түрлі грек сөзінің және олардың Мәсіх үшін ерекше мағыналарын…

Рухани өсу
Лоттың рухани сәтсіздігіне әкелген бес қадамды, қате көзқарастан бастап түпкілікті жойылуға дейін зерттеңіз…

Құдайдың қасиеттері
Киелі Рухтың сенушілерді өздерінің құдайлық табиғатын өмірде көрсетуге, күнәға қарсы тұруға және Мәсіхке…

Мейірімділік
Жақсы Самариялық туралы астарлы әңгіме Құдайдың өліп бара жатқан күнәкарларға деген мейірімділігін көрсетеді…

Киелі шатыр
Киелі шатырдағы құман діни қызметшілердің қызмет ету үшін жуынғанын көрсетеді. Құдай Сөзі арқылы мәсіхшілер…

Мәңгілік қауіпсіздік
Иса Мәсіхке сенушілер үшін мәңгілік қауіпсіздіктің киелі жазбалық кепілдігін ашыңыз. Құтқарылуды алғаннан…