2009 ж. 8 шіл.
Күнделікті нұр
Мен сенің кінәңді алып тастадым. Енді саған салтанатты киім кигіземін, — деді.
Зәкәрия 3:4
(Дәуіттің насихат жыры.) Әділетсіз істері кешірілген, Барлық күнәларынан ақталған Қандай бақытты әрбір жан!
Забур жырлары 31:1
Бәріміз де күнәға батып рухани ластанып кеттік!
Ишая 64:6
Менің бойымда, яғни ескі күнәкар болмысымда, жақсылық жоқ екенін білемін; сондықтан да жақсылық жасағым келсе де, оны жүзеге асыратын күшім жоқ.
Римдіктерге хат 7:18
Мәсіхпен тығыз байланысып, шомылдыру рәсімінен өткен бәрің де Мәсіхтің рухани қасиеттеріне бөлендіңдер.
Ғалаттықт. хат 3:27
Себебі сендер ескі күнәкар болмыстарыңның іс-әрекетін тастап, жаңа ізгі болмысқа ие болдыңдар. Оны жаратып берген Иеміз Өзін жақынырақ тануларың үшін сендердің рухани жағынан Өзіне ұқсас болуларыңды көздеп соған ұмтылуда.
Қолостықт. хат 3:9–10
Онымен тығыз байланыста тұруым үшін Таурат заңын орындауға негізделген жеке басымның ақталуына сүйенбеймін ... Мәсіхке деген сенім арқылы Құдайдан ақталған адам болғым келеді.
Філіпілікт. хат 3:9
Тезірек ең жақсы шапанды әкеліп, балама жабыңдар!
Лұқа 15:22
Сол ақ бәтес киімдер Құдай халқының әділ істерін білдіреді.
Аян 19:8
Жаратқан Иеге қатты қуанам, Құдайыма шаттанады жан дүнием, Мені Ол құтқарып, амандыққа бөледі, Үстіме әділдікті де жауып берді! Күйеу жігіт діни қызметкер іспетті.
Ишая 61:10
Әр құрылысшының істеген жұмысының сапасы Мәсіх үкім шығаратын күні айқындалады.
Қорынттықт. 1-хат 3:13
Сондықтан уақыты келместен бұрын айыптауға асықпай, Иеміздің қайта оралуын күтіңдер! Ол әзірше қараңғыға жасырылғанды әшкерелеп, жүрегіміздің ой-ниеттерін ашып көрсетеді. Сол кезде Құдай әрқайсымызға лайықты мақтауын береді.
Қорынттықт. 1-хат 4:5
Олай болса, мұндай ережелерді орындамайтын бауырласыңды айыптауға қандай қақың бар? Немесе оларды орындап жүрген бауырласыңа менсінбей қарауға қандай қақың бар? Бәріміз де Құдайдың қиямет сотының алдында тұрып, әшкереленетін боламыз. Демек, әрқайсымыз Құдай алдында өз іс-әрекетіміз үшін есеп береміз. Ендеше бір-бірімізді айыптауды тоқтатайық! Қайта.
Римдіктерге хат 14:10, 12–13
Ал адамдардың бәрінің жасырын істері мен ойларына үкімді Құдай қиямет соты күні Иса Мәсіх арқылы шығарады.
Римдіктерге хат 2:16
Әкенің Өзі ешкімді соттамай, барлық сотты Оған тапсырған. Ол көктен келген Билеуші болғандықтан, Әкесі Оған қиямет сотын жүргізу билігін де тапсырған.
Жохан 5:22, 27
Ұлы да құдіретті Құдай, Сенің есімің — «Әлемнің Иесі!» Жоспарларың сондай ұлы, істерің сондай керемет! Сенің көздерің адам баласының барлық істерін анық көреді. Әркімге жүрген жолдары мен істеген істерінің жемісі бойынша лайықтысын бересің.
Еремия 32:18–19
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2009 ж. 8 шіл.
2009 ж. 7 шіл.
2009 ж. 6 шіл.
2009 ж. 5 шіл.
2009 ж. 4 шіл.
2009 ж. 3 шіл.
2009 ж. 2 шіл.

Рухани соғыс
Құдайдың дауысын шайтанның өтіріктерінен Киелі кітаптың шындығымен салыстыру арқылы қалай ажырату керектігін…

Тиатира
Тиатирадағы шіркеуге Мәсіхтің хабарын зерттеңіз, Оның билігіне, ажырата білетін көздеріне және Изабелдің…

Мәңгілік қауіпсіздік
Иса Мәсіхке сенушілер үшін мәңгілік қауіпсіздіктің киелі жазбалық кепілдігін ашыңыз. Құтқарылуды алғаннан…

Адам Ұлы
Иса жоғалғанды іздеу және құтқару үшін келді, соттау үшін емес. Құдайдың таңғажайып рақымын және күнәдан…

Сенім
Иса Петрге «тереңге шығуды» айтқанда, біз мойынсұну мен сенім туралы сабақ аламыз, тіпті логикаға қайшы келсе…

Иса Мәсіх
Исаның Киелі жазбадан қаншалықты жиі дәйексөз келтіргенін және оның қызметіне терең әсерін біліңіз. Құдай…