2009 ж. 1 там.
Күнделікті нұр
Оған құлшылық ететін болады.
Аян 13:8
Таңдап алған малдарың қойдың не ешкінің еш мінсіз ... Сол күні кешке қарай Исраил халқының бүкіл қауымы тоқтыларын құрбандыққа шалсын. Олар тоқтының қанынан біраз алып, құрбандық асын ішейін деп отырған үйлерінің есік жақтаулары мен маңдайшаларына жақсын. ... соқпай өтіп кетемін.
Мысырдан шығу 12:5–7, 13
Оның төгілген қаны Әбілдікінен гөрі игілікті хабарға меңзейді.
Еврейлерге хат 12:24
Мәсіх біздер үшін өмірін құрбан етті. Сол арқылы сендер жаңа, пәк таза адам болдыңдар.
Қорынттықт. 1-хат 5:7
Ал Иса Құдайдың еркімен және алдын ала білуімен құрбан етілді.
Елшіл. істері 2:23
Өзінің мақсаты мен рақымы бойынша істеді. Себебі Құдай бізге Иса Мәсіх арқылы рақымын сыйлауға әлем басталмастан бұрын-ақ ниеттенген еді.
Тімотеге 2-хат 1:9
Мәсіхтің құрбан болып, қаны төгілуімен төлеміміз өтеліп, біздер жамандықтың құлдығынан азат етіліп, күнәларымыз кешірілді.
Ефестікт. хат 1:7
Сонымен, Мәсіхтің Өзі тәнімен азап шеккендіктен, сендер де (жақсылық үшін азап шегуге дайын) болыңдар! Осындай ой-ниет өздеріңді қорғайтын қалқан іспетті. Тәні азап шегіп жатқан сенуші күнәлі құмарлықтарына берілмейді. Бұдан былай осы дүниедегі өміріңнің қалған кезеңін ескі күнәкар болмыстарыңның құмарлықтарына сай емес, Құдайдың еркіне мойынсұнып өткізулерің керек.
Петірдің 1-хаты 4:1–2
Мен «жүзімдерді» жалғыз таптадым.
Ишая 63:3
Уа, Жаратқан Ие, қай «тәңір» Саған тең келер еді? Ешкім жоқ Сендей салтанатты да қасиетті, Даңқты ұлылығымен айбынды да қастерлі, Керемет істер жасайтын сондай құдіретті!
Мысырдан шығу 15:11
Ақиқатты жақтайтын бірде-бір адамның жоқ екенін көріп, зорлық-зомбылық шеккендерді қолдайтын ешкімнің болмағанына таңғалды. Сондықтан Тәңір Ие Өзінің әділдігіне сүйеніп, құдіретті қолымен құтқаруды дайындады.
Ишая 59:16
Біз күнәнің құлдығынан босатылып, әділ өмір сүре алуымыз үшін Мәсіх айқыш ағашта күнәларымыздың айыбын өз денесінде көтеріп тұрды.
Петірдің 1-хаты 2:24
Бізді Таурат заңы мәлімдеген қарғыстан құтқарды!
Ғалаттықт. хат 3:13
Жаратқанға айтыңдар жаңа әнді, Өйткені Ол кереметтер істеді, Киелі құдіретімен жеңіп шықты.
Забур жырлары 97:1
Осылайша Құдай рухани билеушілер мен әміршілердің күш-қуатын талқандап, оларды бүкіл әлем алдында әшкерелеп, Мәсіхтің істегендері арқылы жеңіп шықты.
Қолостықт. хат 2:15
Әділ Қызметшім «жан азабының нәтижесіне қарап қанағаттанатын болады. Оны көп адамдар танып мойындап, ақталады. Ол солардың күнәларын өз мойнына алады.
Ишая 53:11
Алға басып, қабылдайық күш-қуатты!
Билер 5:21
Ал осының бәрінде біз өзімізді шексіз сүйетін Иеміздің арқасында ұлы жеңіске жетеміз.
Римдіктерге хат 8:37
Бауырластарымыз «Тоқтының» өз жанын құрбан етіп Қанын төгуінің арқасында және өздерінің Ізгі хабарды қабылдап, ашық мойындауларымен жеңіске қол жеткізді.
Аян 12:11
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2009 ж. 1 там.
2009 ж. 31 шіл.
2009 ж. 30 шіл.
2009 ж. 29 шіл.
2009 ж. 28 шіл.
2009 ж. 27 шіл.
2009 ж. 26 шіл.

Құдайдың қасиеттері
Құдайдың қасиеттілігінің табиғатын, сенушінің Мәсіхтегі позициялық қасиеттілігін және киелену арқылы іс…
Рухани соғыс
Аян 12:11-ді және Қозының қаны шайтанның айыптауларын қалай жеңетінін түсініңіз. Мәсіхтің құрбандығы сиқырлы…
Емдеу
Исаның ғажайып емдеулері мен қазіргі заманғы Құдайлық емдеу туралы мәлімдемелер арасындағы айырмашылықтарды…

Суицид
Суицид, мәңгілік қауіпсіздік және сенушінің Мәсіхтегі тағдыры туралы Киелі кітаптағы көзқарасты, тіпті терең…

Ескі келісім
Заң мен сотты білдіретін Синай тауын, Киелі Рухтың рақымы мен жаңа өмірді бейнелейтін Елуінші күн мейрамымен…
Сенім
2 Тімотеге хатындағы «Мәсіх Исада» деген сөз тіркесінің қиын уақыттарда жеңіске жету үшін мол ресурстарды…