2009 ж. 5 қыр.
Күнделікті нұр
Көктегі Құдайға жүрегімізді ашайық, Оған сиынып қолымызды жаяйық.
Жоқтау 3:41
Кім Құдайымызға тең бола алады? Жаратқан Ие зәулім тағында отырады, Ол төмен қарап аспан мен жерге көз салады.
Забур жырлары 112:5–6
(Дәуіттің жыры.) Уа, Ием, жанымды Саған бағыштаймын.
Забур жырлары 24:1
Өзіңе қарай қолдарымды жаямын: Кепкен топырақ жаңбырды тілейді, Жан дүнием де Сені аңсап шөліркейді. ... кері бұрмашы менен бетіңді, Әйтпесе боламын көрге түскен секілді. Таң ата маған естіртші мейіріміңді, Өйткені Өзіңе артамын сенімімді, Көрсетші маған қай жолмен жүретінімді, Себебі Саған бағыштаймын өмірімді.
Забур жырлары 142:6–8
Өмірден де артық — берік мейірімің, Ауызым Өзіңді мадақтай берсін, Өмір бойы бір Сені мадақтаймын, Атыңды атап қолымды жаямын.
Забур жырлары 62:4–5
О, Жаратқан, жадырата гөр пендеңнің жанын, Себебі бір Өзіңе сенімімді артамын. Уа, Ием, Өзіңе сиынғанның барлығына Кешірімді де ізгісің, шексіз рақымды да.
Забур жырлары 85:4–5
Менің атымнан Әкемнен не сұрасаңдар да, орындаймын.
Жохан 14:13
Ей, күзетші, түннің қай кезі болды?
Ишая 21:11
Себебі қандай заманда өмір сүріп жатқанымызды білесіңдер: қазір рухани ұйқыдан оянып, сақ болатын уақытымыз келді. Біздің Мәсіхке сене бастаған кезімізден гөрі қазір құтқарылуымыз жақынырақ тұр. Түнгі уақыт бітуге таяп қалды, ал Мәсіхтің күні жақындады. Сондықтан қара түнектегі жаман істерден бас тартып, жамандыққа қарсы тұратын «нұрдың қаруын» асынайық!
Римдіктерге хат 13:11–12
Інжір ағашынан сабақ алыңдар: оның шыбықтары жұмсарып, жапырақтары шыға бастағанда жаздың таяп қалғанын білесіңдер. Сол сияқты, сендер осы оқиғаларды көргенде Менің таяп есік алдына келіп қалғанымды білетін боласыңдар. Аспан мен жер жойылатын болады, бірақ Менің сөздерім еш жойылмайды.
Матай 24:32–33, 35
Шын жүректен Иеме сенім артамын, Берген сөзіне үмітімді артамын. Күзетші күткендей таңның атуын, Қарауыл аңсағандай күннің шығуын, Жан-тәніммен Иемді күтіп сағынамын.
Забур жырлары 129:5–6
Осының бәрін Растаушы былай дейді: — Бұл шындық, Мен жуырда келемін! Аумин! — Иеміз Иса, келе гөр!
Аян 22:20
Сондықтан сергек болыңдар! Себебі сендер Мен Билеуші ретінде көктен келетін күнді де, сәтті де білмейсіңдер.
Матай 25:13
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2009 ж. 5 қыр.
2009 ж. 4 қыр.
2009 ж. 3 қыр.
2009 ж. 2 қыр.
2009 ж. 1 қыр.
2009 ж. 31 там.
2009 ж. 30 там.
Неке
Сенушілер үшін кемел некеге деген үміт біздің Мәсіхпен рухани одағымызда, бізді сөзсіз сүйетін аспандағы…
Екінші келу
Иеміз келеді! Оның Шіркеу (Таңғы Жұлдыз) және Исраил (Әділдік Күні) үшін даңқты қайта оралуын зерттеңіз, ол…
Шәкірттік
Исаның айқышқа керілуіне дейінгі шәкірттеріне берген соңғы нұсқауларын, соның ішінде қызмет, сүйіспеншілік…

Мәсіх
Иса Мәсіхтің туылуын, өлімін, қайта тірілуін және Иеміздің Майланғаны ретіндегі мәңгілік билігін пайғамбарлық…
Жұмақ
Киелі кітаптың тозақ, оның табиғаты және оның жұмақпен қалай қарама-қайшы келетіні туралы не айтатынын…
Киелі кітапты зерттеу
Елшілердің істері кітабынан және Береялықтардың үлгісінен үйреніңіз: Жазбаларды күнделікті мұқият зерттеп…