2009 ж. 3 қыр.
Күнделікті нұр
Соңы немен бітерін білгенше тоса тұр.
Рут 3:18
Ахазға мына хабарымды жеткіз: Абай болып, тыныштық сақта! Ана бықсып, шала жанған екі отындық ағашқа ұқсайтын жауларыңнан қорықпа!
Ишая 7:4
Тынышталыңдар барлығың енді, Біліңдер Менің Құдай екенімді!
Забур жырлары 45:11
Құдайдың құдіретті ұлылығын көресің деп саған айтпап па едім? — деді Иса.
Жохан 11:40
Сол күні адамның өркөкіректігі басылып, пенденің менмендігіне шек қойылып, жалғыз Жаратқан Иенің ғана мерейі үстем болады!
Ишая 2:17
Ол Иеміз Исаның аяқ жағына отырып алып, сөзін құлақ салып тыңдады.
Лұқа 10:39
Мәриям игілікті жағын таңдап алды, оны содан ешкім айыра алмайды, — деді.
Лұқа 10:42
Теріс жолдарыңнан қайтып, тынышталыңдар, сонда құтқарыласыңдар. Уайымға салынбай Маған сенім артыңдар, Мен сендерді күшті қыламын.
Ишая 30:15
Төсекте жатқанда ойланып-толғаныңдар, Жүрек түкпірін тексеріп, тынығыңдар!
Забур жырлары 4:5
Шыдамды бол Жаратқанның алдында, Шешімін күт сабырмен, еш асықпа! Арам жоспарын іске асырған жанға, Табысқа жеткен зұлымға ашуланба!
Забур жырлары 36:7
Сондай адам қауесеттен қорықпайды, Жаратқанға сеніп жүрегі қобалжымайды, Қайта, жүрегі нық.
Забур жырлары 111:7–8
Енді Оған сенімін артқан ешкім Ұятқа қалмайтын болады лайым.
Ишая 28:16
Не істеп тұрғанымды сен қазір емес, кейінірек түсінесің, — деді.
Жохан 13:7
Құдай Иеміздің осы қырық жыл бойы сендерді иен далада бастап алып жүрген жолын естеріңе түсіріңдер! Ол сендерді Өзіне мойынсұндыру үшін, әрі шынайы ниеттеріңнің қандай екенін: Оның өсиеттерін орындайсыңдар ма, жоқ па, соны білу үшін түрлі сынақтардан өткізді.
Заңды қайталау 8:2
Мен кейінірек қасыңнан өтіп бара жатқанымда, сені байқап, махаббатқа дайын екеніңді көрдім. ... мұныммен өзіңе үйленуге уәде бердім. Яғни саған ант беріп сенімен Келісім жасадым. Осылай сен Мендік болдың, — дейді Жаратушы Тәңір Ие.
Езекиел 16:8
Иеміз Өзі сүйетін әркімді Түзетеді әрі тәрбиелейді.
Еврейлерге хат 12:6
Қымбатты бауырластарым, өздеріңнің «от кешіп» ауыр азап шегіп, сыналғандарыңды оғаш нәрсе деп ойламаңдар. Қайта, неғұрлым көбірек Мәсіх секілді азап шексеңдер, соғұрлым көбірек қуаныңдар. Сонда Мәсіх салтанатты ұлылықпен қайта оралып, ашық көрінген кезде де шаттанып қуанатын боласыңдар.
Петірдің 1-хаты 4:12–13
Уақытша көретін жеңіл азаптарымыз бізді өздерінен әлдеқайда зор, тіпті шексіз де мәңгілік ұлылыққа жеткізеді! Сонымен көзге көрінетін емес, көрінбейтін нәрселерге назар тігеміз.
Қорынттықт. 2-хат 4:17–18
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2009 ж. 3 қыр.
2009 ж. 2 қыр.
2009 ж. 1 қыр.
2009 ж. 31 там.
2009 ж. 30 там.
2009 ж. 29 там.
2009 ж. 28 там.
Қауымдастық
Марта мен Мәриямның оқиғасы арқылы Исамен қарым-қатынастың неліктен қызмет етуден бұрын да қажетті «бір…
Қайғы
Құдайдың жазасы — Оның сүйіспеншілігінің белгісі, Оның балаларын тазартуға арналған. Сынақтар ауыр болса да…
Мәңгілік
Өмірдің көлеңкелері арқылы Құдайдың жоспарына сеніңіз. Жұмақта мәңгілік нұр мен қуаныш күтіп тұр, онда барлық…

Жаңа жаратылыс
Құдайдың Киелі жазбада Нұхтан Исаның өзгерістеріне дейін қалай жаңа бастамалар ұсынатынын біліңіз. Оның…

Сенім
Иса Петрге «тереңге шығуды» айтқанда, біз мойынсұну мен сенім туралы сабақ аламыз, тіпті логикаға қайшы келсе…
Құлшылық
Құлшылық – Құдайдың табиғаты мен әрекеттерін жүректен мойындау, ауызша мадақ немесе сөзсіз істер арқылы…