2009 ж. 24 қыр.
Күнделікті нұр
Тек төзімділіктерің іс жүзінде соңына дейін жетуге тиіс, сонда сендер рухани жағынан жетіліп те кемелденіп, ешбір кемшіліктерің қалмайды.
Жақыптың хаты 1:4
Қуғын-сүргін көруге тура келгенмен, осы сөнбес үмітке қуаныңдар! Азап шегулеріңнің мақсаты — шын жүректен сенгендеріңді дәлелдеу. Жойылып кетуі мүмкін алтын отта балқытылған кезде сыналып, тазартылады. Сол сияқты, алтыннан әлдеқайда бағалы сенімдерің де бастан кешкен азаптарың арқылы сыналып, берік те шынайы екендігі дәлелденеді. Сонда Иса Мәсіхтің қайта оралып, ашық көрінетін күні Құдай сендерді мақтап, даңқ пен құрметке бөлемек.
Петірдің 1-хаты 1:6–7
Шаттана аламыз. Себебі азаптың бізге шыдамды болуды үйренуге көмектесетінін білеміз. Шыдамдылықтан сенімділік туады, ал сенімділік бізге үміт береді.
Римдіктерге хат 5:3–4
Жаратқанның оны құтқарып азат етуін Сабыр сақтап күткені игі адам үшін.
Жоқтау 3:26
Одан әлдеқайда құнды, мәңгілік дәулеттің бар екенін білдіңдер. Ендеше жігер берген нық сенімдеріңнен күдер үзбеңдер! Сол үшін берілетін зор сый алдарыңда күтіп тұр. Құдайдың еркін орындап, Оның уәде еткенін иемдену үшін төзімді болуларың қажет.
Еврейлерге хат 10:34–36
Лайым бізді сүйетін, әрі рақымын төгіп, мәңгілік жұбаныш пен үзілмес үміт берген Иеміз Иса Мәсіх пен Құдай Әкеміз жүректеріңді жігерлендіріп, сендерге іс жүзінде де, сөз жүзінде де ізгілік жасауға күш бергей.
Салониқал. 2-хат 2:16–17
Ал адамдардың бәрінің жасырын істері мен ойларына үкімді Құдай қиямет соты күні Иса Мәсіх арқылы шығарады.
Римдіктерге хат 2:16
Сондықтан уақыты келместен бұрын айыптауға асықпай, Иеміздің қайта оралуын күтіңдер! Ол әзірше қараңғыға жасырылғанды әшкерелеп, жүрегіміздің ой-ниеттерін ашып көрсетеді. Сол кезде Құдай әрқайсымызға лайықты мақтауын береді.
Қорынттықт. 1-хат 4:5
Әкенің Өзі ешкімді соттамай, барлық сотты Оған тапсырған. ... Әкесі Оған қиямет сотын жүргізу билігін де тапсырған.
Жохан 5:22, 27
Құдайдың рухани Ұлынан хабар. Оның көздері оттай жалындап.
Аян 2:18
«Құдай қайдан білсін? — деп сол зұлымдар Мақтана сұрайды: — Хақ Тағала ма хабардар?»
Забур жырлары 72:11
Сен солай істегенде Мен үндемедім, Сонда Мені өзіңдей есептедің. Ал қазір Мен сені сақтандырамын, Күнәларыңды көз алдыңа қоямын.
Забур жырлары 49:21
Ашылмайтын сыр, білінбейтін құпия болмайды.
Лұқа 12:2
Уа, Ием, Саған аян барлық қалауым, Құпия емес Саған ыңқылдауым.
Забур жырлары 37:10
Тексер мені, уа, Жаратқан, байқап көр, Жүрегім мен ой-санамды сынап көр.
Забур жырлары 25:2
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2009 ж. 24 қыр.
2009 ж. 23 қыр.
2009 ж. 22 қыр.
2009 ж. 21 қыр.
2009 ж. 20 қыр.
2009 ж. 19 қыр.
2009 ж. 18 қыр.

Рухани соғыс
Құдайдың дауысын шайтанның өтіріктерінен Киелі кітаптың шындығымен салыстыру арқылы қалай ажырату керектігін…

Адам Ұлы
Иса жоғалғанды іздеу және құтқару үшін келді, соттау үшін емес. Құдайдың таңғажайып рақымын және күнәдан…
Билік
Биліктің бұзатын табиғатын және Иса Мәсіхтің мызғымас, әділ билігін, әділдікпен соттайтын бұзылмайтын Патшаны…
Дұға
Жаңа Өсиет хаттары Мәсіхтің сұлулығын қалай ашатынын, рухани аңсауларды қанағаттандыратынын және дұға мен…
Мәсіхшілік өмір
Құдай біздің жағдайларымыз туралы бәрін біледі, дәл ертедегі шіркеулерді білгендей. Біз Оның Киелі Рух пен…
Даналық
Киелі кітаптағы ең ұзын тарау Забур 119-дың Құдайдың даналығын түсіну және Оның Сөзін өміріңізге қолдану үшін…