2009 ж. 23 қыр.
Күнделікті нұр
Құдайға жақын болғаным қандай игі!
Забур жырлары 72:28
Сен тұратын қасиетті үйіңді, Ұлылығың мекендейтін орынды Сондай сүйемін, уа, Жаратқан Ие.
Забур жырлары 25:8
Бір-ақ күн болғаным киелі үйіңнің ауласында Мың күннен жақсы өткізген өзге орында. Мен қақпасында тұруды Құдайымның үйінде Артық көрем жайлы өмірден сұмдардың үйінде.
Забур жырлары 83:11
Қандай бақытты — Өзің таңдағандар, Қасыңда, аулаларыңда тұрады олар, Сонда кенелеміз үйіңнің жақсылығына, Киелі ғибадатханаңның рақатына.
Забур жырлары 64:5
Иеміз ізгі Өзіне үміт артқанға, Шындап Оған бет бұрып сиынатын жанға!
Жоқтау 3:25
Сондықтан Жаратқан Ие сендердің Өзіне қайтып келіп, рақымына ие болуларыңды сағына күтуде. Ол орнынан тұрып, сендерге мейірбандық көрсетуге дайын. Өйткені Жаратқан Ие — әділ Құдай. Оған сенім артып Оны күтетіндер қандай бақытты!
Ишая 30:18
Сонымен, бауырластар, Исаның өз қанын төккенінің арқасында енді нық сеніммен ең қасиетті орынға кіре аламыз. Өйткені Құдай алдына баруымызға бөгет болған «шымылдықты» Иса өз денесін құрбан етуімен қақ айырып, біз үшін мәңгілік өмірге жаңа жол ашты. Сондықтан да адал жүрекпен, нық сеніммен Құдай алдына барып, Оған сиынайық. (Мәсіхтің төгілген қаны) жүректерімізге «бүркіліп», ар-ұжданымыз күнә атаулыдан арылған әрі денеміз таза сумен жуылған болсын.
Еврейлерге хат 10:19–20, 22
Иеміз Иса Мәсіхтің рақымдылығын жақсы білесіңдер.
Қорынттықт. 2-хат 8:9
Сөз адамға айналып, арамызда өмір сүрді. Сонда біз Әкенің жалғыз рухани Ұлының асқан ұлылығын көрдік: Ол рақымдылық пен шындыққа толы еді.
Жохан 1:14
Сен әсемсің күллі адам баласынан, Мейірімді сөз ағылады аузыңнан.
Забур жырлары 44:3
Бәрі Оған ризалық білдіріп, аузынан шыққан ұнамды сөздеріне таңғалды. Бұдан кейін олар: — Мынау Жүсіптің Баласы емес пе?
Лұқа 4:22
Себебі «Иеміздің қандай ізгі екенін» өздерің біліп алдыңдар.
Петірдің 1-хаты 2:3
Оның рухани Ұлына сенген кісінің жүрегінде Құдайдың куәлігі жүреді.
Жоханның 1-хаты 5:10
Біз білгеніміз туралы сөйлеп, көргеніміз туралы куәлік етеміз.
Жохан 3:11
Жаратқанның ізгілігіне көз жеткізіңдер, Қандай бақытты Оған сенімін жүктегендер!
Забур жырлары 33:9
Саясында оның отыра берсем екен, Жемісі тәтті, ләззат табамын мен.
Таңдаулы ән 2:3
Бірақ Ол маған былай деді: «Менің рақымым саған жетер: күшсіз жағдайыңда Менің құдіретім толықтай іске аса алады».
Қорынттықт. 2-хат 12:9
Ал әрқайсымызға Мәсіхтің рақым етіп үлестіріп берген ерекше рухани дарындарымыз бар.
Ефестікт. хат 4:7
Тәңір Ие рақым етіп сыйлаған алуан түрлі рухани дарындарыңды жақсылап қолданыңдар. Әрқайсыларың қабылдаған дарындарыңмен бір-біріңе адал қызмет етіңдер.
Петірдің 1-хаты 4:10
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2009 ж. 23 қыр.
2009 ж. 22 қыр.
2009 ж. 21 қыр.
2009 ж. 20 қыр.
2009 ж. 19 қыр.
2009 ж. 18 қыр.
2009 ж. 17 қыр.
Христиандық бірлік
Мәсіхтің аяқталған ісіне негізделген мәсіхшілердің бірлігі сенбейтін әлемге қалай күшті куәлік ететінін…

Мейірім
Рут кітабы Құдайдың мұқтаждарға жететін мейірімін көрсетеді және Мәсіх пен Оның халқы арасындағы дамып келе…
Рождество
Рождество әртүрлі адамдар үшін көптеген мағынаны білдіреді, бірақ шынайы мағына Инкарнацияда табылады: Құдай…
Рождество
Киелі кітаптың Исаның туған күнін нақты көрсетпеуінің себебін және Құдайдың бізден шынымен не тойлауымызды…
Емдеу
Исаның ғажайып емдеулері мен қазіргі заманғы Құдайлық емдеу туралы мәлімдемелер арасындағы айырмашылықтарды…
Рухани өсу
Шомылдырушы Жоханды Құдайдың көзінде ұлы еткен қасиеттерді, соның ішінде оның мойынсұнуын, кішіпейілдігін…