2009 ж. 19 қыр.
Күнделікті нұр
Қандай бақытты даналықты тапқан адам, Ақыл-парасатты иемденген әрбір жан!
Нақыл сөздер 3:13
Өйткені мені тапқан шынайы өмір табады, Жаратқан Иенің ризашылығын алады.
Нақыл сөздер 8:35
Жаратқан Ие мынаны да айтады: Дана даналығымен, мықты мықтылығымен ... Ал кім мақтанғысы келсе, тек Менің Жаратқан Ие екенімді және жер бетінде рақым.
Еремия 9:23–24
Даналықтың бастауы — Жаратқан Иені Терең қастерлеп, Оған мойынсұну.
Нақыл сөздер 9:10
Алайда осы «артықшылықтарымды» Мәсіхке бола залал деп санай бастадым. Иә, мен бәрін де залал деп санаймын, өйткені Ием Иса Мәсіхті жақыннан танып білу өзге нәрселерден әлдеқайда жоғары. Иеме бола бұлардың бәрінен айырылдым, оларды түкке тұрғысыз сыпырынды деп санаймын да. Осылайша қабылдайтын сыйым — Мәсіхтің Өзі.
Філіпілікт. хат 3:7–8
Ал Мәсіхте Құдайдың даналығы мен білімінің бүкіл қазынасы жатыр.
Қолостықт. хат 2:3
Менде ақыл-кеңес бар, адал сана, Иемін парасат, күш-қуатқа да.
Нақыл сөздер 8:14
Құдай Мәсіхті даналығымыздың бастауы етіп, бізді Ол арқылы ақтап, Өзінің қасиетті халқы қылып, күнәнің құлдығынан құтқарды.
Қорынттықт. 1-хат 1:30
Зерделі жан адамдарды әділдікке тартар.
Нақыл сөздер 11:30
Кедей болсақ та, көптеген адамдарды байытамыз.
Қорынттықт. 2-хат 6:10
Иеміз Иса Мәсіхтің рақымдылығын жақсы білесіңдер: Ол сондай бай бола тұра, сендердің рухани баюларың үшін бәрінен бас тартып, жоқшылыққа ұшырады!
Қорынттықт. 2-хат 8:9
Оның шексіз рақымынан бәріміз молынан жарылқанып келеміз.
Жохан 1:16
Ал Иса Мәсіхпен жүрген сендердің барлық қажеттеріңді де менің Құдайым Өзінің керемет байлығы бойынша қамтамасыз ететін болады.
Філіпілікт. хат 4:19
Ал сендерді бүкіл игілікке молынан кенелтуге Құдайдың құдіреті жетеді! Сонда әрдайым, қандай жағдайда да қажеттеріңнің бәрімен қамтамасыз етіліп, әр қилы игі істерді молынан жасай аласыңдар.
Қорынттықт. 2-хат 9:8
Құдай осы дүниелік тұрғыдан кедейлерді сенімдері арқылы рухани бай болуға, әрі өз Патшалығына кіріп, үлес алуға таңдаған жоқ па еді? Осы Патшалығын Ол Өзін сүйетіндерге аманаттауға уәде етті ғой.
Жақыптың хаты 2:5
Құдай сендерді шақырғанда өздеріңнің кім болғандарыңа назар аударыңдаршы: табиғи тұрғыдан қарағанда араларыңда даналар, билік иелері, асыл туғандар көп емес еді. Бірақ осы дүние кімдерді «ақымақ» деп санаса, Құдай «данышпан-ақылгөй» делінгендерді ұялту үшін соларды таңдап алды. Және осы дүние «күшсіз» деп тапқандарды Құдай «күштілерді» ұялту үшін Өзіне таңдады.
Қорынттықт. 1-хат 1:26–27
Біз осы рухани қазынаны сақтайтын қарапайым қыш құмыралар іспеттіміз. Осылайша ондағы шексіз зор құдіреттің өзімізден емес, Құдайдан екені анық болып тұр.
Қорынттықт. 2-хат 4:7
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2009 ж. 19 қыр.
2009 ж. 18 қыр.
2009 ж. 17 қыр.
2009 ж. 16 қыр.
2009 ж. 15 қыр.
2009 ж. 14 қыр.
2009 ж. 13 қыр.

Рухани өсу
Лоттың рухани сәтсіздігіне әкелген бес қадамды, қате көзқарастан бастап түпкілікті жойылуға дейін зерттеңіз…
Сенім
Құдайдың егемендігіне сену және Оның көрінбейтін, мәңгілік мақсаттарына назар аудару арқылы көңіл қалу мен…
Рухани өзгеріс
Ескі және жаңа келісімдердің қарама-қайшылығын зерттеңіз. Мәсіхті көру бізді Рухтың ашық рақымы арқылы…

Құдайдан қорқу
Құдайдан қорқудың екі жағын зерттеңіз: имансыздар үшін үкім және имандылар үшін құрметті таңдану. Бұл…

Қайта тірілу
Қайта тірілген Мәсіхтің өз шәкірттеріне қалай көрінгенін, тыныштық әкелгенін және олардың Киелі жазбаларды…

Құдайды тыңдау
Құдай Сөзін «тыңдауға құлақ» болудың маңыздылығын және оны алаңдатулардан қалай қорғау керектігін біліңіз.