2009 ж. 6 қаз.
Күнделікті нұр
Әрі тура жолын оған нұсқайды.
Забур жырлары 24:9
Кішіпейіл жандар бақытты.
Матай 5:5
Мен осы өткінші дүниеге назар аударып, тағы мынаны көрдім: Жарыста жүйрік, шайқаста мықты жан әрдайым жеңе бермейді екен. Данада — тамақ, ақылдыда — байлық, шеберде — абырой әрқашан бола бермейді.
Уағыздаушы 9:11
Жүрер жолын адам жүрегінде жоспарлар, Ал оның қадамдарын Жаратқан Ие бағыттар.
Нақыл сөздер 16:9
(Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын жыр.) Назарымды Өзіңе аударамын, Уа, көкті мекендеуші Құдайым! Құлдың көзі қожайынының қолынан, Күңінің көзі ханымының қолынан Таймайтындай, біз де Иеміз Құдайдан.
Забур жырлары 122:1–2
Көрсетші маған қай жолмен жүретінімді, Себебі Саған бағыштаймын өмірімді.
Забур жырлары 142:8
Уа, Құдайымыз, Сен оларға үкім шығара гөр! Бізге қарсы аттанып келе жатқан осы ғаламат зор тобырдың алдында әлсізбіз. Не істерімізді білмей, Саған қарап Өзіңе үміт артамыз.
Шежірелер 2-ж. 20:12
Ал егер кейбіреулерің даналыққа мұқтаж болсаңдар, Құдайдан сұраңдар, Ол береді. Тәңір Иеміз еш жазғырмай-ақ бәріне жомарттықпен бере салады.
Жақыптың хаты 1:5
Алайда шындықты білдіретін Құдай Рухы келгеннен кейін сендерді бар шындыққа жеткізеді.
Жохан 16:13
Осыны Өзің айтқандықтан, Сенің ақ батаңмен пендеңнің әулеті ұдайы жарылқанатын болады.
Патшалықтар 2-ж. 7:29
Жаратқан Ие, жарылқағандықтан, осы әулет ұдайы жарылқанатын болады.
Шежірелер 1-ж. 17:27
Жаратқанның жарылқауы адамды бай қылар, Бұл байлыққа Ол қайғы-қасірет қоспас.
Нақыл сөздер 10:22
Мүсәпірлерге жәрдемдесу керек екенін ұдайы үлгі етіп көрсеттім.
Елшіл. істері 20:35
Керісінше, той жасағанда дастарқаныңа жарлы-жақыбайларды, кемтар, ақсақ, соқырларды шақыр! Олар саған есесін қайтара алмайтындықтан бақытты боласың. Әділдер қайта тірілетін қиямет күні саған соның есесі қайтарылатын болады, — деді.
Лұқа 14:13–14
Әкем жарылқағандар, келіңдер! Әлем жаратылғаннан бері өздеріңе дайындалған Патшалықтан үлестеріңді алыңдар! Себебі сендер Мен ашыққанда тамақ, шөлдегенімде сусын бердіңдер. Бейтаныс болып баспана іздегенімде Мені үйлеріңе қабылдадыңдар. Киімсіз жүргенімде киіндірдіңдер, ауырғанымда Маған қамқорлық жасадыңдар, түрмеде отырғанымда артымнан келіп тұрдыңдар.
Матай 25:34–36
Жарлының қамын ойлайтын жан бақытты! Ауыр күнде Иеміз оны құтқарады.
Забур жырлары 40:2
Себебі Құдай Ие күн мен қалқанға ұқсайды.
Забур жырлары 83:12
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2009 ж. 6 қаз.
2009 ж. 5 қаз.
2009 ж. 4 қаз.
2009 ж. 3 қаз.
2009 ж. 2 қаз.
2009 ж. 1 қаз.
2009 ж. 30 қыр.
Шәкірттік
Исаның айқышқа керілуіне дейінгі шәкірттеріне берген соңғы нұсқауларын, соның ішінде қызмет, сүйіспеншілік…

Құдай Патшалығы
Пауыл өз Иесі мен Қожайынының ұлылығы мен даңқты ұлылығын жариялауға батылдық танытты. Әлем сол баталыны…

Киелілік
Киелі кітаптың әулиелер туралы шынымен не үйрететінін біліңіз. Әрбір сенуші рухани суперқаһармандар ғана…

Дүниеқоңыздық
Worldliness is the enemy of godliness, impacting your heart and obedience. Learn to live unspotted from the…
Дұға
Жаңа Өсиет хаттары Мәсіхтің сұлулығын қалай ашатынын, рухани аңсауларды қанағаттандыратынын және дұға мен…
Мәсіхшілік өмір
Құдай біздің жағдайларымыз туралы бәрін біледі, дәл ертедегі шіркеулерді білгендей. Біз Оның Киелі Рух пен…