Ақбұлақ

Шолу

  • Кітаптар
  • Мақалалар
  • Оқу жоспарлары
  • Сөздік

Байланысу

  • Біз туралы
  • Байланыс

Қадам жасаңыз

  • Құдайды тану
  • Інжілді оқыңыз

Бүгінгі оқуды email арқылы алыңыз

© 2026 Ақбұлақ. Тегін христиан кітапханасы. Көптеген мақалалар қайта басылған; рұқсаттар дереккөзге байланысты.

Қолдау
Ақбұлақ
  • Мақалалар
  • Оқу жоспарлары
  • Сөздік
Құдайды тануКіру
Ақбұлақ
Ақбұлақ
  • Күнделікті Жарық
  • Иеміз жақын

Күнделікті нұр, 5 қазан: Қиындық көргеніңде шақыр Мені

Күнделікті нұр

Күнделікті жарық
Барлық жазбалар

Қиындық көргеніңде шақыр Мені, Сонда құтқарып аламын сені, Ал өзің мадақтайтын боласың Мені.

Забур жырлары 49:15

Жан дүнием, неге сен мұңаясың, Бойымда алаңдап, неге мазасызсың? Жалғыз Құдайдан үмітіңді үзбе! Өйткені Құтқарушымды — өзімнің Құдайымды мадақтаймын әлі де.

Забур жырлары 41:12

Назар аударасың күшсіздердің аңсауына, Уа, Ием, құлақ салып, жігер бересің оларға.

Забур жырлары 9:38

Уа, Ием, Өзіңе сиынғанның барлығына Кешірімді де ізгісің, шексіз рақымды да.

Забур жырлары 85:5

Содан Жақып үй ішіне және еріп жүрген адамдарының бәріне былай деп тапсырма берді: Қолдарыңда бар бөтен тәңірлердің мүсіндерін лақтырып тастап, жуынып-тазарып, киімдеріңді ауыстырыңдар! Содан кейін жиналып, Бетелге өрлейік. Сол жерде мен Құдайға арнап құрбандық ұсынатын орын салмақпын. Күйзелген кезімде Ол маған құлақ асып, жүрген жолдарымда жар болып келеді.

Жаратылыстың баст. 35:2–3

Жан-тәніммен Жаратқан Иені мадақтаймын, Маған көп жақсылық жасағанын ұмытпаймын.

Забур жырлары 102:2

Қатты сүйемін Жаратқан Иені, Жалынған даусымды Ол естіді, Иә, Ием құлақ түрді маған, Өмір бойы сиынбақпын Оған. Өлімнің торы жан-жақтан шырмады, Ажалдың азабы мені қинады, Зор қайғы-қасірет тым меңдеп алды. Жаратқанның атын атап сиындым: Уа.

Забур жырлары 114:1–4

Себебі келуге тиісті Ол сәлден кейін келіп, еш кешікпейді.

Еврейлерге хат 10:37

Сен аянда көрген хабарымды тақташаларға анық қылып жазып қой! Содан шабарман оны әр жерде оқып жарияласын! Өйткені бұл хабар белгілі бір уақытта іске асып, орындалатын кезіне меңзейді. Ол өтірік болып шықпайды. Орындалуы кейінірек болса да, оны күт! Ол шүбәсіз келіп, еш кешікпейді.

Аббақұқ 2:2–3

Сүйікті бауырластар, Жаратқан Иенің алдында бір күн мың жылдай, ал мың жыл бір күндей екенін жақсылап ұғып алыңдар. Кейбіреулер «Ол кешігіп, келмей қалды» деп санағанмен, Иеміз уәдесін орындауын кешіктірмейді! Керісінше, Ол бізге төзімділік танытуда: ешкімнің де тозаққа түсуін емес, барлық адамдардың теріс жолдан қайтып, күнәларына өкініп, солардан арылуын қалайды!

Петірдің 2-хаты 3:8–9

Ал Сен рақымды да қайырымды Құдайсың, Уа, Ием, Сен тез қаһарланбайсың, Шексіз Сенің мейірімің мен адалдығың.

Забур жырлары 85:15

Уа, Жаратқан Ие, Сен көкті жарып, жерге зымырап түссең екен ... Сен Өзіңді сеніммен күткендерге игіліктер жасайсың. Мұны істейтін бірде-бір өзге құдай жоқ! Бұрын-соңды ешкім ондай құдай туралы құлағымен естіп, көзімен көрген де емес.

Ишая 64:1, 4

ЖИ көмегімен аударылған, Киелі кітап дәйексөздері де соның ішінде — кез келген сілтемені ашып, Киелі кітап аудармасынан оқыңыз.

© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.

Ахмет Йүксек ✪ Unsplash сайтындағы фотосы (https://unsplash.com/photos/hazy-mountain-peaks-at-sunrise-or-sunset-jUZUTcnJoQw)

Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).

АлдыңғыКелесі
Оқу параметрлері

Мақала қаріп өлшемі

Соңғы күндер

Барлығын көру→
  • 2009 ж. 4 қаз.

    Мысырдан шығу 34:29 · Забур жырлары 115:1

  • 2009 ж. 3 қаз.

    Аян 1:5 · Таңдаулы ән 8:7

  • 2009 ж. 2 қаз.

    Леуіліктер 16:22 · Забур жырлары 103:12

  • 2009 ж. 1 қаз.

    Ғалаттықт. хат 5:22–23 · Қорынттықт. 1-хат 9:25–27

  • 2009 ж. 30 қыр.

    Әйүп 23:10 · Забур жырлары 103:14

  • 2009 ж. 29 қыр.

    Жоханның 1-хаты 3:16 · Ефестікт. хат 3:19

  • 2009 ж. 28 қыр.

    Руларды санау 6:27 · Ишая 26:13

Ұқсас мақалалар

  • Эсхатология

    Мәңгілікке Жаратқанның келуін күтіп өмір сүру

    Раптураның баталы үмітін және Мәсіхпен мәңгілік қарым-қатынасты зерттеңіз. Бұл қуанышты үміт сіздің…

    2025 ж. 1 там.·Тим Баутер
  • Құдайдың жаратылысын, уақытты, мәңгілікті және жұмақты түсіну

    Жаратылыш

    Құдайдың жаратылысын, уақытты, мәңгілікті және жұмақты түсіну

    Құдай аспан мен жерді жаратты, және Құдай: «Сулардың ортасында кеңістік болсын» деді (1:20-тармақ) Құдай…

    2025 ж. 12 мам.·Алан Кросби
  • Құтқарушы туралы пайғамбарлық: Мәсіхтік забур жырлары ашылды

    Мәсіх

    Құтқарушының пайғамбарлығы: Мәсіхтік забурлар ашылды

    Иса Мәсіхтің туылуын, өлімін, қайта тірілуін және Иеміздің Майланғаны ретіндегі мәңгілік билігін пайғамбарлық…

    2025 ж. 27 там.·Белгісіз
  • Мәсіх біздің Ұлы Бас діни қызметкеріміз: жанашырлық және уақтылы көмек

    Дін қызметі

    Еврейлерге хаттағы Мәсіхтің ұлылығы: Ұлы діни қызметкер

    Мәсіхтің біздің ұлы Бас діни қызметшіміз екенін біліңіз, Ол кемел құрбандық жасады және біздің күрестерімізге…

    2026 ж. 6 қаз.·Брайан Рейнольдс
  • Пайғамбарлық

    Исаның туылуы, өмірі және өлімі туралы орындалған пайғамбарлықтар

    Исаның туылуы, өмірі және өлімі туралы Ескі Өсиет пайғамбарлықтарын және олардың Оның қызметі мен құрбандығы…

    2022 ж. 8 нау.·Джордж Хоук
  • Емдеу

    Киелі кітаптағы кереметтерді қазіргі заманғы Құдайлық емдеумен салыстыру

    Исаның ғажайып емдеулері мен қазіргі заманғы Құдайлық емдеу туралы мәлімдемелер арасындағы айырмашылықтарды…

    2022 ж. 13 қаң.·Тео Хабель, доктор медицины