2009 ж. 15 қаз.
Күнделікті нұр
Лайым жақсылыққа деген талпыныстарың бәсеңдемесін; Иеміздің қызметінде жүріп, рухтарың жалындай берсін!
Римдіктерге хат 12:11
Қандай істі қолға алсаң да, соны жан сала істе! Себебі о дүниеге аттанған соң, онда не жұмыс істеу, не ойлап жоспарлау, не білім мен ғылым деген атымен жоқ екен.
Уағыздаушы 9:10
Қандай жұмыс болса да, оны адам баласы үшін ғана емес, Иеміз үшін істеп жүргендей жан-тәндеріңмен атқарыңдар! Себебі осының ақысы ретінде сендер Иемізден Оның уәде еткен игіліктерін қабылдайтындарыңды білесіңдер. Қызмет ететін Қожайындарың — Мәсіхтің Өзі ғой.
Қолостықт. хат 3:23–24
Мейлі ерікті болсын, әркімнің істеген игі істерінің лайықты сыйын Иемізден алатынын біліп қойыңдар.
Ефестікт. хат 6:8
Сөзін астарлап жалғастырып: — Жарық барда, Мені Жібергеннің тапсырған игі істерін істеуіміз керек. Қараңғы түскен соң, ешкім еш нәрсе істей алмайды.
Жохан 9:4
Менің Әкемнің ісімен шұғылдануым қажет, әлде мұны білмедіңіздер ме? — деп жауап берді.
Лұқа 2:49
Азапқа түсем деп (Забурда алдын ала) жазылған сөздер шәкірттерінің естеріне түсті.
Жохан 2:17
Құдайдың өздеріңді меншікті халқы болуға шақырып, таңдап алғандығын өмірлеріңмен нық бекітуге ынтамен ұмтылыңдар! Егер солай істесеңдер, ешқашан да тура жолдан тайып кетпейтін боласыңдар.
Петірдің 2-хаты 1:10
Әрқайсыларыңның үміттеріңді соңына дейін берік ұстануларың үшін де осындай ынта-жігер танытқандарыңды аңсап тілейміз. Сонда сендер жігерсіз болмайсыңдар. Керісінше, сенім мен шыдамдылық көрсетіп, уәде етілген игіліктерді иемденгендерден үлгі аласыңдар.
Еврейлерге хат 6:11–12
Сендер де «жүлдеге» ие болатындай Мәсіхтің жолымен «жүгіріңдер»!
Қорынттықт. 1-хат 9:24
Азғырылуымызға жол бермей, Бізді жамандықтан сақтай гөр.
Матай 6:13
Өз ақылына ғана сенген аңғал болар, Даналықпен жүрген аман сақталар.
Нақыл сөздер 28:26
Күнәға еліккен ешқайсың да: «Құдай мені еліктіреді» деп айтпаңдар! Құдай күнәға еш елікпейді де, ешкімді еліктірмейді де. Қайта, адамды өзінің құмарлықтары еліктіріп, ол солардың жетегінде кеткенде сынақтан өтеді.
Жақыптың хаты 1:13–14
Жаратқан Ие мынаны айтады: Сондықтан олардың арасынан шығыңдар! Олардан бөлек тұрыңдар, арам нәрселеріне мүлдем жоламаңдар! Сонда Мен сендерді қабылдаймын.
Қорынттықт. 2-хат 6:17
Лут айналасына көз тастап, бүкіл Иордан өзені аңғарының Сиғорға дейін сулы жер екенін көрді. Себебі бұрын сол жердің суы мол болып, Жаратқан Иенің пейіш бағына және Ніл бойындағы Мысыр еліне ұқсайтын. ... Сонымен Лут өзіне шығыста орналасқан бүкіл Иордан алқабын таңдап алып ... Бірақ Содомның тұрғындары Жаратқан Иенің көз алдында ауыр күнәға батқан зұлым адамдар еді.
Жаратылыстың баст. 13:10–11, 13
Ал әділ Лутты Тәңір Ие аман сақтап қалды. Ол айналасындағы арсыз адамдардың бұзық қылықтары үшін қатты қиналып жүрді. Бұл солай болғанда, Жаратқан Ие Өзіне ұнамды өмір сүретіндерді өтіп жатқан сынақтарынан құтқаруды.
Петірдің 2-хаты 2:7, 9
Бауырласың ақталады әрі теріс жолға түсуден сақталады, себебі оны сенім жолында ұстауға Тәңір Иеміздің құдіреті жеткілікті.
Римдіктерге хат 14:4
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2009 ж. 15 қаз.
2009 ж. 14 қаз.
2009 ж. 13 қаз.
2009 ж. 12 қаз.
2009 ж. 11 қаз.
2009 ж. 10 қаз.
2009 ж. 9 қаз.

Мәсіх
Иса Мәсіхтің туылуын, өлімін, қайта тірілуін және Иеміздің Майланғаны ретіндегі мәңгілік билігін пайғамбарлық…
Салдары
Ыбырайымның жиені Лоттың қайғылы оқиғасын зерттеп, оның таңдаулары қалай құлдырауға әкелгенін біліңіз. Өз…
Сенім
Еврейлерге 11-тарау Құдайдың сенімге деген көзқарасын ашады, қателіктеріне қарамастан батырларды ерекшелейді…
Қайғылы оқиға
Исаның Лазардың өліміне берген жауабын зерттеңіз, Оның адамзаттың азабы мен қайғылы оқиғасы алдындағы көз…

Құдайдың қасиеттері
Құдайдың қасиеттілігінің табиғатын, сенушінің Мәсіхтегі позициялық қасиеттілігін және киелену арқылы іс…
Мәсіхшілік өмір
Құдай біздің жағдайларымыз туралы бәрін біледі, дәл ертедегі шіркеулерді білгендей. Біз Оның Киелі Рух пен…