2009 ж. 14 қаз.
Күнделікті нұр
Уа, Құдай, Сен қорғанымсың.
Забур жырлары 58:10
Жартастай берік қорғаным, Мені қауіп-қатерден құтқарушым, Құдайым — сенім артқан шың құзым, Қалқандай қорғаушым, мықты құтқарушым, Әрі биік таудағыдай баспанам.
Патшалықтар 2-ж. 22:2–3
Ием — күш-қуатым, қалқандай қорғаным, Шын жүректен Оған сенім артамын. Ол мені қолдады, қатты қуанады жүрегім, Иеме ән салып Оны дәріптеймін.
Забур жырлары 27:7
Оның салтанатты ұлылығына қайран қалады. Өйткені Жаратқан Иенің дауылы су тасқынын қатты айдағандай, Өзі де тездете аттанып келеді.
Ишая 59:19
Сондықтан да біз: «Ием маған жар, мен қорықпаймын ешбір жайттан, не істей алады адам баласы маған?» деп нық сеніммен айтамыз.
Еврейлерге хат 13:6
(Дәуіттің жыры.) Жаратқан — нұрым менің, құтқарушым да, Кімнен мен қорқамын солай болғанда? Жаратқан — өмірімнің берік қорғаны да, Кімнен үрейленемін солай болғанда?
Забур жырлары 26:1
Таулар Иерусалимді жан-жақтан қоршайды, Жаратқан Ие өз халқын солай қоршайды, Қазір де, мәңгі де аман сақтап қорғайды.
Забур жырлары 124:2
Өйткені Өзің менің қолдаушымсың, «Қанатыңның аясында» шаттанамын.
Забур жырлары 62:8
Өйткені жартасым, берік қамалымсың, Жетелеп бастай гөр ізгілігің үшін.
Забур жырлары 30:4
Бізге күнә жасағандарды кешіргеніміздей, Сен де күнәларымызды кешіре гөр.
Матай 6:12
Егер бауырласым маған қарсы күнә жасай берсе, оны неше рет кешіруім керек? Жеті ретке дейін бе? — деп сұрады. Иса: — Саған айтамын: жеті емес, жеті қайтара жетпіс ретке дейін, — деп жауап берді.
Матай 18:21–22
Зұлым қызметші! Сен өтінгендіктен, мен қарызыңды түгелдей кешірдім ғой! Ендеше сен де дәл солай жолдасыңды кешіруге тиіс емес пе едің?! дейді. Патша қаһарланып, оны қарызын толық өтегенше жазалаушыларға тапсырады. Міне, егер сендер бауырластарыңның күнәларын шын жүректен кешірмесеңдер, көктегі Әкем әрқайсыларыңа да солай істемек!
Матай 18:32–35
Бір-біріңе мейірімді де жанашыр болыңдар; Мәсіхтің арқасында өздеріңді Құдай кешіргендей, сендер де өзара кешірімді болыңдар!
Ефестікт. хат 4:32
Рухани тұрғыдан өлі едіңдер. Алайда Құдай сендерді Мәсіхпен бірге қайта тірілтіп алды. Ол күллі күнәларымызды кешірді: бізге айып тағып, үкім белгілейтін «құжатты» Мәсіх құрбан болған айқышқа «шегелеп іліп қойып», күшін жойды.
Қолостықт. хат 2:13–14
Сендерді Иеміз Мәсіх қалай кешірсе, сендер де солай етіңдер!
Қолостықт. хат 3:13
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2009 ж. 14 қаз.
2009 ж. 13 қаз.
2009 ж. 12 қаз.
2009 ж. 11 қаз.
2009 ж. 10 қаз.
2009 ж. 9 қаз.
2009 ж. 8 қаз.

Құтқарылу
Руттың Құдайға адал шешімі кедейліктен батаға қалай әкелгенін, Мәсіхтің біздің Туысқан-Құтқарушымыз ретінде…
Дұға
Жүгіңді Иемізге арт! Құдайдың әр дауылда сені естіп, қолдайтынын біле отырып, Оған сеніммен айқайлауды үйрен…

Құлшылық
Өрлеу забурларын (120-134), олардың исраилдік қажылар үшін тарихи контекстін және бүгінгі мәсіхшілер үшін…
Мәңгілік
Өмірдің көлеңкелері арқылы Құдайдың жоспарына сеніңіз. Жұмақта мәңгілік нұр мен қуаныш күтіп тұр, онда барлық…
Пайғамбарлық
Ишаяның «жоғары көтерілген» сөз тіркесін зерттеңіз, Құдайдың мәңгілік егемендігін және Исаның жердегі…
Эсхатология
Раптураның баталы үмітін және Мәсіхпен мәңгілік қарым-қатынасты зерттеңіз. Бұл қуанышты үміт сіздің…