2009 ж. 9 қаз.
Күнделікті нұр
Көктегі және жердегі бүкіл әкелік бедел Оның атынан тарайды.
Ефестікт. хат 3:15
Барлығымыздың бір Құдай Әкеміз бар, Ол бәрімізден үстем және бәріміз арқылы әрекет етіп, бәріміздің жүрегімізден орын алды.
Ефестікт. хат 4:6
Өйткені барлығың Иса Мәсіхке деген сенімдерің арқылы Құдайдың рухани баласысыңдар.
Ғалаттықт. хат 3:26
Тәңір Ие мұны белгілі уақыты жеткенде іске асырып, бүкіл әлемді: көк пен жердегінің барлығын да біріктіріп, Бастығы ретінде Мәсіхтің билігіне тапсыратын болады.
Ефестікт. хат 1:10
Сондықтан да Мәсіх оларды бауырларым деп атаудан ұялмайды.
Еврейлерге хат 2:11
Менің «шешем» мен «бауырларым»! Себебі көктегі Әкемнің еркін орындайтындар Маған бауыр, қарындас, шеше іспетті жақын, — деді.
Матай 12:49–50
Оларға Менің Әкеме, яғни сендердің де Әкелеріңе, өз Құдайыма, яғни сендердің де Құдайларыңа.
Жохан 20:17
Мен құрбандық үстелінің астыңғы жағынан Құдайдың хабарын жариялап, сенімдеріне адал қалғандары үшін шейіт болғандардың жандарын көрдім. Олар қатты дауыспен: — Уа, киелі де шынайы Билеуші! ... Олардың әрбіреуіне (ақталу белгісі ретінде) ақ шапан жабылып: — Сендер сияқты шейіт болуға тиісті қызметтестерің мен бауырластарыңның саны толық болғанға дейін біраз уақыт тынышталып күте тұрыңдар, — деген жауап берілді.
Аян 6:9–11
Ол осы адамдарды бізбен бірге ғана кемелді етіп, мәңгілік мақсатына жеткізуді қалады.
Еврейлерге хат 11:40
Сонымен Құдайға мына іспетті мінажат етіп сиыныңдар: Көктегі Әкеміз!
Матай 6:9
Аспанға қарап былай деді: — Әке, уақыт жетті.
Жохан 17:1
Яғни сендердің де Құдайларыңа.
Жохан 20:17
Өйткені барлығың Иса Мәсіхке деген сенімдерің арқылы Құдайдың рухани баласысыңдар.
Ғалаттықт. хат 3:26
Сендер өздеріңді құл етіп, қайтадан қорқытып жүретін рухты емес, Құдайдың рухани баласы еткен Киелі Рухты қабылдадыңдар. Ол арқылы біз Тәңір Иеге сиынғанда «Әке, Әке!» деп шақырамыз. Киелі Рух Құдайдың рухани баласы екенімізді өз рухымызға растайды.
Римдіктерге хат 8:15–16
Енді біз рухани балалары болғандықтан, Құдай Өзінің рухани Ұлының Рухын жүрегімізге дарытты. Сол Рух бізді: «Абба, Әке!» — деп Құдайға сиындырады. Сонымен енді құл емес, рухани ұлсың; ал рухани баласы болған соң.
Ғалаттықт. хат 4:6–7
Сендерге өте маңызды шындықты айтамын: Әкеден Менің атымнан не сұрасаңдар, Ол соны береді. Бұған дейін Менің атымнан еш нәрсе де сұраған жоқсыңдар. Енді сұраңдар да алыңдар! Сонда шексіз қуанышқа кенелесіңдер.
Жохан 16:23–24
Сонда Мен сендерді қабылдаймын. Мен сендерге Әке боламын, ал сендер рухани ұл-қыздарым боласыңдар дейді Әлемнің Билеушісі — Жаратқан Ие.
Қорынттықт. 2-хат 6:17–18
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2009 ж. 9 қаз.
2009 ж. 8 қаз.
2009 ж. 7 қаз.
2009 ж. 6 қаз.
2009 ж. 5 қаз.
2009 ж. 4 қаз.
2009 ж. 3 қаз.

Құтқарылу
Руттың Құдайға адал шешімі кедейліктен батаға қалай әкелгенін, Мәсіхтің біздің Туысқан-Құтқарушымыз ретінде…
Үміт
Иса Мәсіх дайындаған нақты орын – аспанға деген христиандық үмітті ашыңыз. Құдаймен бірге мәңгілік үйіңізде…

Рухани өсу
Лоттың рухани сәтсіздігіне әкелген бес қадамды, қате көзқарастан бастап түпкілікті жойылуға дейін зерттеңіз…
Сенім
Самсонның сапарын ашыңыз: туылғаннан назарит, оның қайғылы құлдырауы және құтқарушы өлімі. Оның біздің түпкі…

Қайта тірілу
Қайта тірілген Мәсіхтің өз шәкірттеріне қалай көрінгенін, тыныштық әкелгенін және олардың Киелі жазбаларды…

Рухани соғыс
Құдайдың дауысын шайтанның өтіріктерінен Киелі кітаптың шындығымен салыстыру арқылы қалай ажырату керектігін…