2009 ж. 10 қаз.
Күнделікті нұр
Енді алыстай көрме менен Өзің. Себебі азап-бейнет қалды таяп.
Забур жырлары 21:12
Уа, Жаратқан, қашанғы Сен мені ұмытпақсың? Мәңгілік пе бет-жүзіңді менен жасырмағың? Қашанғы көңілім уайымға тола бермек, Жүрегім күн сайын қасіретке кенелмек?
Забур жырлары 12:2–3
Бет-жүзіңді жасыра көрме менен, Ашумен бас тартпа мендей пендеңнен. Қорғап-қолдаушым болып келесің Сен, Жалғыз қалдырып безіп кетпе менен, Уа, Құдайым, Құтқарушымсың Сен.
Забур жырлары 26:9
Ол Маған сиынғанда құлақ саламын, Азап шеккен кезінде оған жар боламын, Аман-есен сақтап, құрметке бөлеймін.
Забур жырлары 90:15
Иеміз Өзіне сиынғандардың жанында, Ол шынайы шақырғандардың қасында, Өзін қастерлейтіннің тілегін орындайды, Жалынышын естіп, оны аман сақтайды.
Забур жырлары 144:18–19
Мен сендерді жетімсіретпей, өздеріңе қайтып келемін.
Жохан 14:18
Мен бұл дүниенің ақыр соңына дейін әр күні өздеріңмен бірге болып, сендерге жар боламын!» (Аумин).
Матай 28:20
Құдай — біздің панамыз да күшіміз, Қиын кезде сенімді көмекшіміз.
Забур жырлары 45:2
Жаным тыным табады жалғыз Құдайдан, Құтқарылуым келеді тек қана Одан.
Забур жырлары 61:2
Жан дүнием, тыным тап жалғыз Құдайдан, Үміт келеді маған тек қана Одан.
Забур жырлары 61:6
Сенің киелі есімің қастерлене берсін.
Матай 6:9
Жаратқан Иеден, басқа ешбір тәңірге құлшылық етпеңдер! Себебі бір атағым «Қызғаныш». Өзімді шын көңілмен сүйіп, түгелдей бағышталуларыңды талап еткен Құдаймын.
Мысырдан шығу 34:14
Уа, Жаратқан Ие, қай «тәңір» Саған тең келер еді? Ешкім жоқ Сендей салтанатты да қасиетті, Даңқты ұлылығымен айбынды да қастерлі, Керемет істер жасайтын сондай құдіретті!
Мысырдан шығу 15:11
Мәңгі бар және болашақта келетін Құдай Ие қасиетті.
Аян 4:8
Қасиетті салтанатына бөленіңдер, Жаратқан Иеге бағынып бас иіңдер!
Шежірелер 1-ж. 16:29
Заңғар биік тағында отырған Тәңір Иенің аянын көрдім. Оның салтанатты шапанының етегі киелі үйдің ішін алып жатты. Тәңір Иені айналдыра оттай жалындаған періштелер қызмет етіп тұрды ... Жалындаған періштелер бір-біріне дауыстап: «Әлемнің Иесі киелі, қасиетті, қастерлі! Бүкіл дүние Оның салтанатты ұлылығына кенелген!» — десіп тұрды. Сонда мен дауыстап: Қасіретке қалдым-ау, енді құритын болдым!
Ишая 6:1–3, 5
Сен туралы бұрын өзгелерден естігенмін, ал енді Сені өз көкірек көзіммен көріп тұрмын. Сондықтан бұрынғы айтқандарыма өкініп, қатты қайғырып күл-топырақта отырмын.
Әйүп 42:5–6
Онда өзара байланыста боламыз және Оның рухани Ұлы Исаның төгілген қаны бізді барлық күнәларымыздан тазартады.
Жоханның 1-хаты 1:7
Осылайша Өзінің қасиетті болғанындай бізді де қасиетті етуді көздейді.
Еврейлерге хат 12:10
Сонымен, бауырластар, Исаның өз қанын төккенінің арқасында енді нық сеніммен ең қасиетті орынға кіре аламыз. Сондықтан да адал жүрекпен, нық сеніммен Құдай алдына барып, Оған сиынайық.
Еврейлерге хат 10:19, 22
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2009 ж. 10 қаз.
2009 ж. 9 қаз.
2009 ж. 8 қаз.
2009 ж. 7 қаз.
2009 ж. 6 қаз.
2009 ж. 5 қаз.
2009 ж. 4 қаз.
Үміт
Иса Мәсіх дайындаған нақты орын – аспанға деген христиандық үмітті ашыңыз. Құдаймен бірге мәңгілік үйіңізде…

Сенім
Құдай біздің сенімімізді өлшеу және жүрегімізді ашу үшін хабарсыз сынақтар береді. Ғидеонның әскерінен…

Адам Ұлы
Иса жоғалғанды іздеу және құтқару үшін келді, соттау үшін емес. Құдайдың таңғажайып рақымын және күнәдан…
Мәңгілік
Өмірдің көлеңкелері арқылы Құдайдың жоспарына сеніңіз. Жұмақта мәңгілік нұр мен қуаныш күтіп тұр, онда барлық…
Иса Мәсіх
Иса Мәсіхтің теңдессіз сұлулығын ашыңыз. Сенушілер Оны қымбат деп бағалайды, Оның сөздерінен рақым, тыныштық…
Рухани аштық
Құдай Сөзі неліктен балдан тәтті екенін біліңіз. Рухани аштық тіпті тәртіпті де тәтті етеді, ал дүниелік…