2009 ж. 27 қаз.
Күнделікті нұр
Ақиқатты жақтайтын бірде-бір адамның жоқ екенін көріп, зорлық-зомбылық шеккендерді қолдайтын ешкімнің болмағанына таңғалды. Сондықтан Тәңір Ие Өзінің әділдігіне сүйеніп, құдіретті қолымен құтқаруды дайындады.
Ишая 59:16
Құрбандықтар мен сый-тартуларды қаламадың, Бірақ маған Өзіңе құлақ салғыздың. Шалып, өртелетін не күнәнің құнын Өтейтін құрбандықтарды талап қылмадың. Сонда мен былай дедім: «Міне, келе жатырмын, Шиыршық кітапта мен туралы жазылған: Сенің еркіңді орындауға құштармын, Уа, Құдайым, жүрегімде Сенің тағылымың».
Забур жырлары 39:7–9
Себебі Мен жанымды қиямын, содан кейін оны қайтадан аламын. Жанымды ешкім Менен тартып алмайды, оны өз еркіммен қиямын. Қиятын да, қайтып алатын да билігім бар.
Жохан 10:17–18
Жалғыз Мен ғана әділ Құдай әрі Құтқарушымын. Менен өзге құдай болған емес, болмайды да! Ей, жердің түкпір-түкпіріндегілер, Маған бет бұрыңдар, сонда құтқарыласыңдар. Жалғыз Құдай Менмін, өзге құдай жоқ!
Ишая 45:21–22
Аспан астында бізді құтқаратын басқа ешкімнің есімі адамдарға бұйырылмаған!
Елшіл. істері 4:12
Иеміз Иса Мәсіхтің рақымдылығын жақсы білесіңдер: Ол сондай бай бола тұра, сендердің рухани баюларың үшін бәрінен бас тартып, жоқшылыққа ұшырады!
Қорынттықт. 2-хат 8:9
Жаудың барлық күшін жеңетін билік бердім.
Лұқа 10:19
Салауатты да сергек болыңдар! Сендердің қас жауларың, шайтан, ақырған арыстандай қауымды айнала шарлап, кімді жалмасам деп торуылдап жүр.
Петірдің 1-хаты 5:8
Әзәзіл шайтанға қарсы тұрыңдар, сонда ол сендерден қашып кетеді.
Жақыптың хаты 4:7
Шайтанның қастық іс-әрекетіне тойтарыс бере алуларың үшін Құдай берген «рухани қару-жарақпен» түгел жабдықталыңдар! Біз адам баласына қарсы емес, қазіргі қара түнектің әкімдері мен күштілеріне әрі дүниені билеп-төстеушілеріне: көзге көрінбейтін дүниедегі зұлым рухтарға қарсы күресудеміз. Сондықтан Құдай берген «рухани қару-жарақтың» бәрін асыныңдар! Сөйтіп зұлым күштер шабуыл жасаған күні қарсы тұрып, ақырына дейін күресіп, жеңіп шыға аласыңдар. Сонымен, шындықпен «белді бекем буып», әділдікті «сауыт қылып киіп», табанды тұрыңдар! «Аяқкиімдеріңді де киіп», татуласу туралы Ізгі хабарды таратуға дайын болыңдар! Бұларға қоса сенімдеріңді «қалқан қылыңдар», онымен шайтанның барлық «отты жебелерін» өшіріп тастай аласыңдар.
Ефестікт. хат 6:11–16
Мені табалама, дұшпаным! Құласам да, қайта тұрамын! Қазір түнекте отырсам да, Жаратқан Ие жарық нұрым болады! — дейді Иерусалим.
Миха 7:8
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2009 ж. 27 қаз.
2009 ж. 26 қаз.
2009 ж. 25 қаз.
2009 ж. 24 қаз.
2009 ж. 23 қаз.
2009 ж. 22 қаз.
2009 ж. 21 қаз.

Рухани соғыс
Құдайдың дауысын шайтанның өтіріктерінен Киелі кітаптың шындығымен салыстыру арқылы қалай ажырату керектігін…

Құтқарылу
Күнәнің жазасы мен күшінен құтқарудан бастап, оның болуынан болашақ құтқаруға дейінгі құтқарудың жан-жақты…

Рухани өсу
Құдайдың өмір дауылдарын біздің сенімімізді жетілдіру және Оның қатысуы мен тыныштығы арқылы бізді жоғары…

Сенім
Дәуіт пен Голиат туралы мәңгілік оқиғаны зерттеңіз, Дәуіттің мызғымас сенімі мен Құдайға сүйенуіне назар…

Мейірімділік
Жақсы Самариялық туралы астарлы әңгіме Құдайдың өліп бара жатқан күнәкарларға деген мейірімділігін көрсетеді…

Дүниеқоңыздық
Worldliness is the enemy of godliness, impacting your heart and obedience. Learn to live unspotted from the…