2009 ж. 30 қаз.
Күнделікті нұр
Билік күшімен де емес, тек Менің Рухыммен ғана табысқа жетесің! — дейді Әлемнің Иесі.
Зәкәрия 4:6
Кім Жаратқанның ақыл-ойын ұққан, Кеңесшісі болып бағыт берді Оған?
Ишая 40:13
Бірақ осы дүние кімдерді «ақымақ» деп санаса, Құдай «данышпан-ақылгөй» делінгендерді ұялту үшін соларды таңдап алды. Және осы дүние «күшсіз» деп тапқандарды Құдай «күштілерді» ұялту үшін Өзіне таңдады. Осы дүние маңызды деп есептейтіндерді жою үшін Құдай осы дүниенің менсінбей, қорлап, түкке тұрғысыз деп санағандарын таңдап алды. Осылайша Құдайдың алдында ешкімнің де мақтануына болмайды.
Қорынттықт. 1-хат 1:27–29
Жел қалаған жерінде соғады: оның гуілін естисің, бірақ қайдан келіп, қайда кеткенін білмейсің. Киелі Рухтан туылған әр адамның басынан өткені де осыған ұқсас, — деді.
Жохан 3:8
Пенденің қалауы бойынша бұл дүниеге келгендіктен емес, Құдай оларға шынайы өмір бергендіктен ғана Оның рухани балалары болды.
Жохан 1:13
Бұдан былай да Менің Рухым араларыңда тұратын болады. Қорықпаңдар!
Хаққай 2:5
Бұл шайқасты сендер емес, Құдайдың Өзі жүргізеді!
Шежірелер 2-ж. 20:15
Мұнда жиналғандардың бәрі де Жаратқан Иенің құтқару үшін семсер мен сүңгіні керек қылмайтынына көз жеткізетін болады! Себебі бұл соғысты Жаратқан Иенің Өзі жүргізіп, сендерді біздің қолымызға тапсырады!
Патшалықтар 1-ж. 17:47
Уәдеңді орындайтын бола гөр.
Патшалықтар 2-ж. 7:25
Ием, орындай гөр маған берген сөзіңді, Содан бәрі терең қастерлесін Өзіңді. Сонда сөккенге жауап бере аламын, Сенің сөзіңе сенімімді артамын. Ескере гөр пендеңе берген уәдеңді, Өзің қалайсың соған үміттенуімді. Жат жерлік болып тұрған жақтарда мен Жарлықтарыңды жырлап жүремін. Мыңдаған алтын-күміс ақшалардан Аузыңнан шыққан тәлімің қымбат маған! Сенің айтқан сөздерің, Жаратқан Ием, Көкте тұр мәңгілікке бекітілген! Күллі келер ұрпаққа адал боласың.
Забур жырлары 118:38, 42, 49, 54, 72, 89–90
Сондықтан Құдай да Өзінің уәдесін иемденетіндерге алға қойған мақсатының мызғымас екенін өте айқын көрсеткісі келгенде, айтқандарын антпен бекітті. Осылайша біз бұл екі мызғымас негізге (Құдайдың уәдесі мен антына) сүйеніп, олардан зор күш-жігер аламыз. Себебі Құдайдың өтірік айтуы еш мүмкін емес қой. Бізге ұсынылған осы үміттен күдер үзбей, Одан пана таптық. Бұл үмітіміз — берік зәкір сияқты жанымыздың сенімді сүйеніші; ол көктегі киелі үйдің ішіндегі «шымылдықтың арт жағында» Құдайдың Өзімен бекітілген. Сол жерге Исаның Өзі кіріп, осы арқылы бізге де сонда кіруге жол ашты.
Еврейлерге хат 6:17–20
Құдай бізге аса құнды да тамаша уәделерін берді.
Петірдің 2-хаты 1:4
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2009 ж. 30 қаз.
2009 ж. 29 қаз.
2009 ж. 28 қаз.
2009 ж. 27 қаз.
2009 ж. 26 қаз.
2009 ж. 25 қаз.
2009 ж. 24 қаз.

Сенім
Киелі кітапта сенімдегі, қандағы және уәделердегі "қымбатты" дегеннің нені білдіретінін зерттеңіз. Сынақтар…

Рухани өсу
1 Жохан 2:12-14-те сипатталған мәсіхшілік өсудің үш кезеңін – балалық шақ, жастық шақ және ересектік шақты…

Мәңгілік қауіпсіздік
Иса Мәсіхке сенушілер үшін мәңгілік қауіпсіздіктің киелі жазбалық кепілдігін ашыңыз. Құтқарылуды алғаннан…

Киелілік
Құдайдың қаһары Қасиетті әрекет Бұл – «Мейірім мен Ақиқат» журналы Құдайдың қаһары Мұнда қасиетті әрекет…

Қайта тірілу
Қайта тірілген Мәсіхтің өз шәкірттеріне қалай көрінгенін, тыныштық әкелгенін және олардың Киелі жазбаларды…

Иса Мәсіх
Исаның Киелі жазбадан қаншалықты жиі дәйексөз келтіргенін және оның қызметіне терең әсерін біліңіз. Құдай…