2009 ж. 21 қар.
Күнделікті нұр
Киелі Рухтың жетелеуімен сиыныңдар.
Яһуданың хаты 1:20
Құдайдың Өзі — Рух. Сондықтан Оған сиынатындар Оның Рухына кенеліп, шындықпен сиынуға тиіс.
Жохан 4:24
Екі жағымызға да Мәсіх арқылы бір Киелі Рухтың арқасында Құдай Әкеге сиынуға жол ашылды.
Ефестікт. хат 2:18
Мүмкін болса, (қаһарыңа толы) осы «тостағанды» Маған жолата көрме. Алайда Менің емес, Сенің еркіңе сай болсын!
Матай 26:39
Сонымен қатар әлсіреген бізді Киелі Рух та қолдайды. Тәңір Иеден не тілейтінімізді дұрыстап білмесек те, Киелі Рухтың Өзі біз үшін өтініш етіп, сөзбен айта алмас ыңқыл, күрсінісімізді Оған жеткізеді. Ал Тәңір Ие адам жүрегінің түкпір-түкпіріндегіні біледі. Киелі Рух Құдайдың адамдары үшін Оның еркіне сай өтініш жасағанда Құдай Киелі Рухтың ниетін де түгелдей түсінеді.
Римдіктерге хат 8:26–27
Біз Оның еркіне сай бір нәрсе сұрасақ, Құдай тілегімізге құлақ салады деп нық сенеміз.
Жоханның 1-хаты 5:14
Алайда шындықты білдіретін Құдай Рухы келгеннен кейін сендерді бар шындыққа жеткізеді.
Жохан 16:13
Киелі Рух арқылы әрдайым Құдайға сиынып, барлық өтініштеріңді айтып, рухани сергек те шыдамды болыңдар: Құдайдың бүкіл халқы үшін мінажат ете беріңдер!
Ефестікт. хат 6:18
Тіпті ағаштың да үміті бар: оны кесіп тастаса да, ол қайтадан өркен жайып өсе бермек.
Әйүп 14:7
Ол майысқан таяқты сындырмайды.
Ишая 42:3
Ием жаныма күш дарытады.
Забур жырлары 22:3
Себебі Құдайдың еркімен болған қайғы-қасірет адамның Оған бет бұрып, құтқарылуына түрткі болады. Ол кейін соған өкінбейді де. Ал күнәкар дүниелік қайғы-қасіреттің нәтижесі — рухани өлім.
Қорынттықт. 2-хат 7:10
Кезінде әрбір жаза қуаныш емес, реніш туғызады. Ал соны басынан өткізіп тәрбиеленгенге ол кейінірек әділдік пен тыныштықтың игілікті жемісін береді.
Еврейлерге хат 12:11
Мен азап шекпес бұрын жолдан адасқан едім, Ал енді Сенің сөзіңді сақтап жүремін.
Забур жырлары 118:67
Басымызға түскендердің бәрі өзіміздің зұлым істеріміз бен зор кінәміздің кесірінен болды. Сонда да Сен, уа, Құдайымыз, бізді күнәларымыз бойынша емес, одан жеңілірек жазаладың. Осылайша халқымыздың толығымен қырылып кетуіне жол бермей, бірқатарымызды тірі алып қалдың.
Езра 9:13
Мені табалама, дұшпаным! Құласам да, қайта тұрамын! Қазір түнекте отырсам да, Жаратқан Ие жарық нұрым болады! — дейді Иерусалим ... Сонда Ол мені нұрға алып шығады, Оның әділ істерін көремін!
Миха 7:8–9
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2009 ж. 21 қар.
2009 ж. 20 қар.
2009 ж. 19 қар.
2009 ж. 18 қар.
2009 ж. 17 қар.
2009 ж. 16 қар.
2009 ж. 15 қар.

Құдайдың егемендігі
Құдай білім ағашын бағыну сынағы ретінде, қателік емес, көз алдына қойды.

Мәңгілік қауіпсіздік
Иса Мәсіхке сенушілер үшін мәңгілік қауіпсіздіктің киелі жазбалық кепілдігін ашыңыз. Құтқарылуды алғаннан…

Иса Мәсіх
Исаның Киелі жазбадан қаншалықты жиі дәйексөз келтіргенін және оның қызметіне терең әсерін біліңіз. Құдай…

Ізгі хабар тарату
Киелі Рухтың жер бетіндегі міндеті Мәсіхті дәріптеу және Мәсіхтің істерін бізге де, Оны қабылдамаған бұл…

Мәсіхшілік өмір
Рождество әндері арқылы Рождествоның шынайы мағынасын ашыңыз, Иса Мәсіх арқылы Құдаймен татуласудан келетін…

Қасиетті Вечер
Христиандардың қауымдастық туралы түсінігін және нан мен шараптың Исаның денесі мен қанына тікелей…