2009 ж. 14 қар.
Күнделікті нұр
Құдай уәделеріне берік, Ол сендерді Өзінің рухани Ұлы — Иеміз Иса Мәсіхпен тығыз байланыста болуға шақырған.
Қорынттықт. 1-хат 1:9
Мойындаған үмітімізді үзбей, берік ұстанайық, себебі уәде берген Құдай сөзіне адал.
Еврейлерге хат 10:23
Құдайдың Өзі мынадай сөздер айтқан: «Мен орталарында тұрып, араларында жүретін боламын. Мен олардың Құдайы, ал олар Менің халқым болады».
Қорынттықт. 2-хат 6:16
Осылай бәріміз Әкемен және Оның рухани Ұлы Иса Мәсіхпен байланыстамыз.
Жоханның 1-хаты 1:3
Неғұрлым көбірек Мәсіх секілді азап шексеңдер, соғұрлым көбірек қуаныңдар. Сонда Мәсіх салтанатты ұлылықпен қайта оралып, ашық көрінген кезде де шаттанып қуанатын боласыңдар.
Петірдің 1-хаты 4:13
Мәсіх сенімдерің арқылы жүректеріңе орныға көрсін, әрі рухани өмірлерің Оның сүйіспеншілігіне тамыр жайып, негізделсін. Осылай сендер Мәсіхтің сүйіспеншілігінің қаншалықты кең де көз жеткісіз терең және биік екенін Құдайдың бүкіл халқымен бірге түсіне алып, адам санасы жетпейтін осы сүйіспеншілікті танып білсеңдер екен. Сол арқылы Құдайдың рухани қасиеттері бойларыңа толықтай дари берсін!
Ефестікт. хат 3:17–19
Кім Исаны Құдайдың рухани Ұлы деп мойындаса, Құдай онымен, ол да Құдаймен тығыз байланыста тұрады.
Жоханның 1-хаты 4:15
Кім Оның өсиеттерін орындаса, ол Құдаймен және Құдай онымен тығыз байланыста тұрады.
Жоханның 1-хаты 3:24
Құдай бізді Иса Мәсіхпен тығыз байланыста болып, игі істер жасау үшін ерекше қылып жаратты.
Ефестікт. хат 2:10
Жұмыскерлер патшаның әмірі бойынша ғибадатхананың негізін қалау үшін тас қазып, қашайтын орыннан үлкен, сапалы тастар қашап, тасып әкелді.
Патшалықтар 3-ж. 5:17
Ғимарат тас қазып, қашайтын орында өңделіп дайындалған тастардан салынды. Сол себепті салынып жатқан киелі үйден балға, балта сияқты темір құралдардың дыбысы естілмеді.
Патшалықтар 3-ж. 6:7
Сендер де рухани үйге (яғни қауымға) қаланған тірі тастар сияқтысыңдар.
Петірдің 1-хаты 2:5
Құдайдың рухани үйінің елшілер мен пайғамбарлар салған іргетасының үстіне сендер де «тірі тас» іспетті қаландыңдар. Осы «үйдің» ең негізгі және басты «Тасы» — Иса Мәсіхтің Өзі. Ол арқылы бүкіл рухани құрылыс (сенушілердің бәрі) біріктіріліп, Жаратқан Иеге бағышталған «киелі үй» болу үшін өсіп жатыр. Осылайша сендер Иса Мәсіхтің арқасында «Құдайдың тұратын мекені» ретінде бірге қаланасыңдар. Құдай оны Өзінің Киелі Рухы арқылы мекендейді.
Ефестікт. хат 2:20–22
Бір кезде біртұтас халық емес едіңдер, ал қазір Құдайдың халқысыңдар.
Петірдің 1-хаты 2:10
Сондай-ақ, сендер Құдайдың «құрылысысыңдар».
Қорынттықт. 1-хат 3:9
Сонымен, біреу Мәсіхпен тығыз байланыста болса, сол — жаңадан жаратылған адам. Ескі өмірі өтіп кетіп, міне, жаңасы пайда болды!
Қорынттықт. 2-хат 5:17
Бізді осы үшін де жаратқан Құдай Өзінің берген уәделерінің орындалуының кепілі болсын деп, Киелі Рухын сыйлады.
Қорынттықт. 2-хат 5:5
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2009 ж. 14 қар.
2009 ж. 13 қар.
2009 ж. 12 қар.
2009 ж. 11 қар.
2009 ж. 10 қар.
2009 ж. 9 қар.
2009 ж. 8 қар.

Сенушілердің діни қызметі
Мәсіхшілердің үш құрбандығын ашыңыз: мадақтау, басқаларға қызмет ету және денеңізді тірі құрбандық ретінде…

Иса Мәсіх
Иса Мәсіхтің Құдайдың мәңгілік Ұлы, Әкемен тең және ғаламның Жаратушысы ретіндегі толық құдайлығына қатысты…
Мейірім
Ескі Өсиетте Құдай бір ұлтты, Исраилді таңдап, олармен ерекше қарым-қатынаста болды. Бірақ, Жаңа Өсиеттегі…
Әке Құдай
Исаның Оны ашқанынан бастап, сенушілердің Мәсіх арқылы Оның балалары болуына дейін, Киелі кітаптың Әке Құдай…

Мәсіхшілік өмір
Рождество әндері арқылы Рождествоның шынайы мағынасын ашыңыз, Иса Мәсіх арқылы Құдаймен татуласудан келетін…

Құлшылық
Ежелгі исраилдік әйелдер діни қызметкерлердің Құдай алдында жуынуына мүмкіндік беру үшін өз айналарын…