2009 ж. 26 қар.
Күнделікті нұр
Өзің Маған сыйлаған ұлылықты Мен оларға да бердім.
Жохан 17:22
Заңғар биік тағында отырған Тәңір Иенің аянын көрдім. Оның салтанатты шапанының етегі киелі үйдің ішін алып жатты. Тәңір Иені айналдыра оттай жалындаған періштелер қызмет етіп тұрды. ... Жалындаған періштелер бір-біріне дауыстап: «Әлемнің Иесі киелі, қасиетті, қастерлі! Бүкіл дүние Оның салтанатты ұлылығына кенелген!» — десіп тұрды.
Ишая 6:1–3
Ишая пайғамбар Иеміздің салтанатты ұлылығын көргендіктен, Ол туралы осылай деп алдын ала айтып кеткен еді.
Жохан 12:41
Ал оның үстінде сырт кейпі адамға ұқсас Біреу отырды. Оның айналасындағы жарқыраған нұр жаңбырлы күні бұлттарда пайда болатын кемпірқосаққа ұқсас еді.
Езекиел 1:26, 28
Ендеше маған Сенің нұрлы салтанатыңды көрсете гөр, — деп өтінді. Бірақ бет-жүзімді көруіңе болмайды, өйткені оны көрген пенде тірі қалмайды.
Мысырдан шығу 33:18, 20
Құдайды ешкім ешқашан көзімен көрген емес. Әкесімен тығыз байланыстағы жалғыз рухани Ұлы бізге Оны жақыннан танытты.
Жохан 1:18
Жаратылыстың басталуында қараңғылықтан нұрдың жарқырауын бұйырған Құдай жан дүниемізді де жарқыратып, бізді Иса Мәсіхтің бетінен көрінетін Өзінің салтанатты ұлылығын білуіміз арқылы нұрландырды.
Қорынттықт. 2-хат 4:6
Балам, күнәкарлар еліктіргенде Айтқандарына сен ешқашан көнбе.
Нақыл сөздер 1:10
Содан ол ағаштың жемісінен алып жеді. Әйел қасындағы күйеуіне де берді, ол да жеді.
Жаратылыстың баст. 3:6
Зарахтың шөбересі Ахан Жаратқан Иеге бағышталған заттардан алып опасыздық жасап, соның кесірінен Жаратқан Ие Исраилдің бүкіл қауымына қаһарланған жоқ па еді? Осы үшін өлген Аханның жалғыз өзі ғана емес қой.
Ешуа 22:20
Көпшілікке еріп те зұлымдық жасама!
Мысырдан шығу 23:2
Тозаққа апаратын қақпа кең, жол да даңғыл. Онымен көп адамдар жүреді.
Матай 7:13
Ешқайсымыз тек өзіміз үшін ғана өмір сүрмейміз де.
Римдіктерге хат 14:7
Бауырластар, Құдай сендерді еркіндікке шақырды. Бірақ еркіндікті күнәлі құмарлықтарыңды қанағаттандыру үшін теріс пайдаланбаңдар, қайта, бір-біріңе сүйіспеншілікпен қызмет етіңдер!
Ғалаттықт. хат 5:13
Дегенмен байқаңдар, бұл еркіндіктерің сенімі әлсіздерді күнәға азғырмасын! Міне, осылайша бауырластарыңның әлсіз ар-ұждандарын жарақаттап, оларға қарсы күнә жасауыңмен Мәсіхке қарсы да күнә жасайсың.
Қорынттықт. 1-хат 8:9, 12
Барлығымыз адасқан қойлардай тентіреп, өз бетімізбен жүрдік. Ал Жаратқан Ие бәріміздің күнәларымызды Қызметшісінің мойнына артты.
Ишая 53:6
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2009 ж. 26 қар.
2009 ж. 25 қар.
2009 ж. 24 қар.
2009 ж. 23 қар.
2009 ж. 22 қар.
2009 ж. 21 қар.
2009 ж. 20 қар.

Бейбітшілік
Сенушілердің өмірдегі ең үлкен қиындықтардың өзінде қалай шынайы тыныштық пен бейбітшілік таба алатынын…

Киелілік
Құдайдың қаһары Қасиетті әрекет Бұл – «Мейірім мен Ақиқат» журналы Құдайдың қаһары Мұнда қасиетті әрекет…

Мәңгілік қауіпсіздік
Иса Мәсіхке сенушілер үшін мәңгілік қауіпсіздіктің киелі жазбалық кепілдігін ашыңыз. Құтқарылуды алғаннан…

Құлшылық
Забур 19-да Құдайдан келген екі құдіретті хабарды ашыңыз, Оның жаратылыс арқылы орасан зор құдіретін және Өз…

Иса Мәсіх
Исаның Киелі жазбадан қаншалықты жиі дәйексөз келтіргенін және оның қызметіне терең әсерін біліңіз. Құдай…

Эсхатология
Иса Мәсіхтің қайтып келуіне қатысты Інжіл пайғамбарлықтары мен уәделерін, Оның алғашқы келуінен бастап…