2009 ж. 25 қар.
Күнделікті нұр
Күйеуінің келіншегін қамқорлайтынындай.
Ишая 62:4
Жақыптың үрім-бұтағы, Исраил халқы ... Қорықпа, Мен сені құныңды төлеп құтқарып алдым. Сені өз атыңмен шақырдым: Сен Мендіксің!
Ишая 43:1
— Әлде әйел өз сәбиін ұмыта ала ма, құрсағынан шыққан ұлын аямай ма?! Анасы ұмытып кеткен күнде де Мен сені ешқашан ұмытпаймын, Иерусалим! Есіміңді алақаныма ойып жазып алдым, қамалдарың әрдайым көз алдымда!
Ишая 49:15–16
Әділдің қадамын Жаратқан нығайтады, Жүрген өмір жолын Ол ұнатады.
Забур жырлары 36:23
Адамзатқа да шат-шадыман болдым.
Нақыл сөздер 8:31
Қайта, риза болады Жаратқан Ие Өзін қастерлеп, рақымына үміт еткенге.
Забур жырлары 146:11
Мен сот жүргізетін күні олар Менің өз халқым әрі ерекше құнды меншігім болады, — деп уәде етеді Әлемнің Иесі. — Әке өзінің адал қызмет етіп келген ұлына мейірім көрсететініндей, Мен де оларға мейірім көрсетемін!
Малахи 3:17
Ал сендер бұрын жаман ой-пікірлерге салынып, зұлым іс-әрекет жасап, Құдайға жат әрі қас болдыңдар. Алайда Ол сендерді Мәсіхтің тәндік өлімі арқылы Өзімен татуластырды. Бұны сендерді алдына әкелген кезде Өзіне бағышталған кінәратсыз, айып тақпайтындай таза болуларың үшін жасады.
Қолостықт. хат 1:21–22
Ал күнәкар дүниелік қайғы-қасіреттің нәтижесі — рухани өлім.
Қорынттықт. 2-хат 7:10
Ал өз кеңесінің іске аспағанын көрген Ахитопел есегін ерттеп, өзі тұратын қаладағы үйіне кетіп қалды. Сонда жеткеннен кейін үй ішіне соңғы өсиеттерін табыстап, асылып өлді.
Патшалықтар 2-ж. 17:23
Ал рухы күйрегенге кім дем берер?
Нақыл сөздер 18:14
Ғилақад қыраттарында май дәрі жоқ па еді? Онда дәрігер қалмағаны ма? Халқымның жарақаты неге жазылмай қойды?
Еремия 8:22
Жаратқан Ие мені жарлыларға ізгі хабар жеткізуге және жаралы жүректерді жұбатып орнықтыруға тағайындады ... қайғырып жүргендердің бәрін жұбатуға да жіберді. Маған Сион қаласындағы жоқтап жүргендердің бастарына шашқан күл орнына әшекейлі тәж кигізіп, жұпар иісмай жағып, қайғыларын қуанышпен алмастыруды тапсырды. Үміттері үзіліп, көңілдерін мұң шалғандар енді мадақтау әндерін шырқап, шаттыққа бөленетін болады.
Ишая 61:1–3
Қиналып қатты шаршап-шалдыққандар, Еңселерін тым ауыр жүк басқандар, Менің қасыма келіңдер, бәрің, Жандарыңды Мен рақатқа бөлеймін! Қамытымды бірге киісіп, үйреніңдер Өзімнен, Өйткені жуас, кішіпейілмін шын жүректен, Тыныштық табады сонда көңілдерің. Себебі ыңғайлы — қамытым Менің, Әрі жеңіл — жүктейтін міндеттерім.
Матай 11:28–30
Иса туралы Ізгі хабарды айтып берді.
Елшіл. істері 8:35
Жаралы жүректерді сауықтырар, Қайғы-қасіреттерін Ол жұбатар.
Забур жырлары 146:3
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2009 ж. 25 қар.
2009 ж. 24 қар.
2009 ж. 23 қар.
2009 ж. 22 қар.
2009 ж. 21 қар.
2009 ж. 20 қар.
2009 ж. 19 қар.

Христология
Мәсіхтің Ескі Өсиетте типтер, пайғамбарлықтар және символдар арқылы қалай ашылғанын зерттеңіз. Таныс оқиғалар…

Құтқарылу
Үміт гауһары баға жетпес, бірақ сіздің жаныңыз шексіз қымбат. Исаның сіздің құтқарылуыңыз үшін ең жоғары…

Суицид
Суицид, мәңгілік қауіпсіздік және сенушінің Мәсіхтегі тағдыры туралы Киелі кітаптағы көзқарасты, тіпті терең…

Даналық
Нақыл сөздердегі даналықтың екі библиялық анықтамасын зерттеңіз: жақсылық пен жамандықты Құдайдың нұрымен…
Дұға
Малахи 3:16 Құдайдың Өзінен қорыққандардың әңгімелерін тыңдайтынын көрсетеді. Адал сөйлесу мен тікелей…

Эсхатология
Иса Мәсіхтің қайтып келуіне қатысты Інжіл пайғамбарлықтары мен уәделерін, Оның алғашқы келуінен бастап…