2010 ж. 16 қаң.
Күнделікті нұр
Сен алып қалдың мені өлім аузынан.
Ишая 38:17
Сол арқылы шынайы өмір сүруіміз үшін Құдай Өзінің жалғыз рухани Ұлын бұ дүниеге жіберді. Бұл сүйіспеншіліктің мәнісі мынада: Құдайды сүйген біз емес, қайта, Ол бізді сүйгендіктен, құрбандығы арқылы күнәміздің құнын өтеу үшін Өзінің рухани Ұлын жіберді.
Жоханның 1-хаты 4:9–10
Өз меншікті халқын кінәсінен арылтатын әрі оның тірі қалғандарының теріс істерін кешіретін Сен сияқты қай Құдай бар? Сен мәңгілікке қаһарланбайсың, қайта, берік мейірім көрсетуден рақат табасың. Сен бізге қайтадан рақымыңды көрсетесің. Әділетсіз істерімізді аяғыңмен таптап, күнәларымыздың бәрін де теңіздің тұңғиығына тастайсың!
Миха 7:18–19
О, Құдай Ием, мен Саған сиындым Қолдау сұрап, сонда мені сауықтырдың. Уа, Ием, мені көрден алып қалдың, Ажалдан жанымды арашаладың.
Забур жырлары 29:3–4
Көңілім құлазып, үміт өшкенде, Уа, Тәңір Ием, Сені алдым есіме, Мінажатым құлағыңа жетті де Сенің көктегі киелі үйіңде.
Жүніс 2:8
Нық сүйеніп келемін Жаратқан Иеме ... Жаратқан Ием қорқынышты шұңқырдан Мені тартып шығарды әрі батпақтан; Дәу тастың үстіне тұрғызды аяғымды, Нық.
Забур жырлары 39:2–3
Қазіргі барды және одан кейін болатындарды жазып қой!
Аян 1:19
Сол сияқты, біздің қазір көргеніміз Айнадағы көмескі бейне іспетті.
Қорынттықт. 1-хат 13:12
Алайда біз бәрінің де адам баласына бағынғандығын қазір көре алмаймыз.
Еврейлерге хат 2:8
Сонымен қатар, біздерде пайғамбарлардың жазып қалдырған нық сенімді сөздері бар ғой. Бұларға көңіл бөлсеңдер, жақсы болады. Сол сөздер қараңғылықта «нұрын шашып тұрған шам-шыраққа» ұқсайды. Таң атып, шолпан жұлдызының пайда болатынындай, ақырында Мәсіх көктен қайтып келіп, жүректеріңе толық түсінік құятын болады.
Петірдің 2-хаты 1:19
Сенің сөздерің қадамдарымды жарқыратады, Өмір жолыма шам-шырақтай нұрын шашады.
Забур жырлары 118:105
Ал сендер, сүйікті бауырластарым, Иеміз Иса Мәсіхтің елшілерінің алдын ала айтып кеткендерін естеріңе түсіріңдерші! Олар сендерге: «Осы соңғы заманда өздерінің арсыз құмарлықтарына салынып, шынайы ілімді келемеждеп жүрген адамдар шығады!» — деген еді.
Яһуданың хаты 1:17–18
Құдай Рухы: «Соңғы дәуірде кейбіреулер сенімдерінен бас тартып, жалған рухтарға құлақ салып, жындар үйреткен ілімдерге еретін болады», — деп анық айтады.
Тімотеге 1-хат 4:1
Балаларым менің, қазіргі уақыт — осы заманның соңғы дәуірі.
Жоханның 1-хаты 2:18
Түнгі уақыт бітуге таяп қалды, ал Мәсіхтің күні жақындады. Сондықтан қара түнектегі жаман істерден бас тартып, жамандыққа қарсы тұратын «нұрдың қаруын» асынайық!
Римдіктерге хат 13:12
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2010 ж. 16 қаң.
2010 ж. 15 қаң.
2010 ж. 14 қаң.
2010 ж. 13 қаң.
2010 ж. 12 қаң.
2010 ж. 11 қаң.
2010 ж. 10 қаң.
Иса Мәсіх
Ескі Өсиетте «жұлдыз» сөзі билеушіні білдіру үшін ауыспалы мағынада қолданылады. Жаңа Өсиетте «Таң жұлдызы»…

Рухани соғыс
Христиандар ет пен қанмен емес, рухани қақтығысқа тап болады. Құдай Ібілістің айла-шарғыларына қарсы тұру…

Үміт
Павелдің Римге сапары рульші мен кеме иесі қалағандай тегіс болмады. Павел олардың бәрін тамақ ішуге шақырып…

Киелі кітапты зерттеу
Христиан діни қызметкерлері мен мұғалімдері Киелі Жазбада айтылған белгілі бір тақырып немесе адам туралы…

Иса Мәсіх
Иса Мәсіхтің Құдайдың мәңгілік Ұлы, Әкемен тең және ғаламның Жаратушысы ретіндегі толық құдайлығына қатысты…

Христология
Біздің тамаша Киелі кітабымыздағы соңғы кітап былай басталады: «Иса Мәсіхтің аяны, оны Құдай Өзінің…