2010 ж. 30 мам.
Күнделікті нұр
Сен енді қайтып Жақып деп аталмайсың. Бұдан былай Исраил деп аталатын боласың! Себебі Құдаймен күресіп, (Оның жарылқауын) ұтып алдың, — деді.
Жаратылыстың баст. 32:28
Оны алдап соқты. Ер жеткенде ол Құдаймен күресті. Сол кезде Жақып Құдайдың періштесімен күресіп, үстем болды, әрі періштеден ақ бата беруін жылап өтінді.
Ошия 12:3–4
Қайта, Ыбырайым Құдайдың уәдесіне күмәнданбай, Оған деген сенімінен қуат алды.
Римдіктерге хат 4:20
Иса жауап беріп шәкірттеріне былай деді: — Құдайға сеніңдер! Сендерге шындығын айтайын: біреу мына тауға «Орныңнан көтеріліп, теңізге лақтырыл!» деп, айтқан сөзінің іске асатынына жүрегінде еш күмәнданбай сенсе, сол өтініші орындалады. Сондықтан сендерге былай деймін: Құдайға сиынып (Оның еркіне сай) не сұрасаңдар да, соны қабылдадық деп сеніңдер! Сонда ол орындалмақ.
Марқа 11:22–24
Қолыңыздан келсе» деген не сөз? Сенушіге бәрі де мүмкін, — деп жауап берді.
Марқа 9:23
Жаратқан Иеге сенген сен бақыттысың, Оның саған айтқаны жүзеге аспақ!
Лұқа 1:45
Сенімімізді арттыра көріңіз, — деп өтінді.
Лұқа 17:5
Балаларым менің, Мәсіхпен тығыз байланыста қала беріңдер!
Жоханның 1-хаты 2:28
Себебі күмәнданған адам жел айдап, соқтығысқан теңіз толқынына ұқсас. Мұндай кісі Жаратқан Иеден бір нәрсе аламын деп күтпесін: ол — екіойлы, барлық іс-әрекетінде тұрақсыз адам.
Жақыптың хаты 1:6–8
Сендерді Мәсіхтің рақымы арқылы Өзіне шақырған Тәңір Иеден осылай тез бас тартып, өзге бір «ізгі хабарға» бет бұрып кеткендеріңе таңғаламын. Дегенмен өзге «ізгі хабар» жоқ! ... Егер біздер немесе тіпті «көктен түскен періште» сендерге бұрын уағыздағандарымызға қайшы өзге бір «ізгі хабарды» уағыздайтын болсақ, онда солай істегенімізді Құдайдың қарғысы атпақ.
Ғалаттықт. хат 1:6–8
Осы заңды ұстану арқылы ақталуға тырыссаңдар, онда Мәсіхпен байланыстарың үзілді! Сендер Құдайдың рақымынан ада болдыңдар! ... Жақсы жүріп бара жатыр едіңдер. Енді кім жолдарыңа бөгеу болып.
Ғалаттықт. хат 5:4–7
Сонда Мен өздеріңмен тығыз байланыста тұрамын. Сабақ өздігінен емес, тек бұтасымен байланыста тұрса ғана жеміс бере алады. Сол секілді сендер де Менімен тығыз байланыста тұрмасаңдар, рухани өнім бере алмайсыңдар. Ал егер сендер Менімен тығыз байланыста тұрсаңдар, әрі Менің сөздерім өздеріңмен бірге болса, қалағандарыңның бәрін көктегі Әкемнен сұраңдар, сонда аласыңдар.
Жохан 15:4, 7
Оның барлық уәделері Мәсіх арқылы жүзеге асып, «иәға» айналады; сондықтан «аумин» деп, Мәсіхтің атымен Тәңір Иенің ұлылығын мадақтаймыз.
Қорынттықт. 2-хат 1:20
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2010 ж. 30 мам.
2010 ж. 29 мам.
2010 ж. 28 мам.
2010 ж. 27 мам.
2010 ж. 26 мам.
2010 ж. 25 мам.
2010 ж. 24 мам.

Мойынсұну
Мәсіхтің өлімге дейінгі кемелді бағынуы бізді Оның үлгісіне ілесуге шақырады. Құдайға деген шынайы…

Бейбітшілік
Шынайы тыныштықтың тек Иса Мәсіхте қалай табылатынын біліңіз. Құтқарылу арқылы Құдаймен тыныштық және Оның…

Дұға
Құпия дұға – Иса мен ертедегі мәсіхшілер көрсеткендей, рухани күш пен қуаттың қайнар көзі.

Мейірімділік
Жақсы Самариялық туралы астарлы әңгіме Құдайдың өліп бара жатқан күнәкарларға деген мейірімділігін көрсетеді…

Ізгі хабар тарату
Киелі Рухтың жер бетіндегі міндеті Мәсіхті дәріптеу және Мәсіхтің істерін бізге де, Оны қабылдамаған бұл…

Рухани өсу
Құдайдың өмір дауылдарын біздің сенімімізді жетілдіру және Оның қатысуы мен тыныштығы арқылы бізді жоғары…