2010 ж. 6 мау.
Күнделікті нұр
Иса шәкірттеріне әрқашан үмітін үзбей Құдайдан сұрай берудің керектігін де астарлы әңгімемен түсіндіріп.
Лұқа 18:1
Иса (мінажат ету туралы тәлімін жалғастырып) оларға былай деді: — Араларыңдағы біреудің досы бар дейік. Түн ортасында ол соның үйіне барып, одан: «Досым, маған қарызға үш күлше нан бере тұршы. Себебі жаңа ғана бір жолдасым жолаушылап келіп қалған еді. Үйімде оған беретін ештеңем болмай тұр», — деп сұрайды. Бірақ сол кісі іштен дауыстап жауап беріп: «Мені мазалама! Есігім бекітулі, балаларым да, өзім де жатып қалдық. Енді тұрып, саған ештеңе бере алмаймын», — дейді. Сендерге айтамын, сол адам төсегінен тұрып, сұрағанын тіпті дос болғаны үшін бермесе де, көршісі қадалып сұрап тұрып алғандықтан, ақыры оған қажетінің бәрін береді.
Лұқа 11:5–8
Киелі Рух арқылы әрдайым Құдайға сиынып, барлық өтініштеріңді айтып, рухани сергек те шыдамды болыңдар: Құдайдың бүкіл халқы үшін мінажат ете беріңдер!
Ефестікт. хат 6:18
Маған батаңды бермейінше сені жібермеймін, — деп жауап берді. ... Бұдан былай Исраил деп аталатын боласың! Себебі Құдаймен күресіп, (Оның жарылқауын) ұтып алдың.
Жаратылыстың баст. 32:26, 28
Әрдайым Құдайға сиынып, рухани сергек те шыдамды болып, шүкірлік ете беріңдер!
Қолостықт. хат 4:2
Сол күндері Иса мінажат ету үшін бір таудың басына шығып, түні бойы сиынумен болды.
Лұқа 6:12
Бүкіл күнәларымды кешіре гөр.
Забур жырлары 24:18
Жаратқан Ие былай деп шақырады: «Келіңдер, мәселелеріңді талқылап, шындығына жетейік! Күнәларың ал қызыл болса да, рақым етіп, сендерді қардай аппақ қылмақпын. Қылмыстарың қан қызыл болса да, сендерді кешіріп, аппақ жүндей ағартпақпын.
Ишая 1:18
Балам, сенің күнәларың кешірілді!» — деді.
Матай 9:2
Алайда Мен өз еркіме сай қылмыстарыңды өшіріп тастаймын! Енді қайтып ешқашан да күнәларыңды есіме алмаймын!
Ишая 43:25
Ал Билеуші ретінде көктен келген Менің жер бетінде күнәларды кешіруге билігімнің бар екендігін білулеріңіз үшін,..
Матай 9:6
Мәсіхтің құрбан болып, қаны төгілуімен төлеміміз өтеліп, біздер жамандықтың құлдығынан азат етіліп, күнәларымыз кешірілді. Осылайша Құдай Өзінің шексіз зор рақымын.
Ефестікт. хат 1:7
Бізді құтқарды. Ол бізді жасаған әділ істерімізге бола емес, Өзінің мейіріміне бола күнәдан жуып тазартып, Киелі Рухы арқылы рухани қайта туғызып жаңартты. Құдай бізді Өзінің Киелі Рухына Құтқарушымыз Иса Мәсіхтің арқасында молынан кенелтті.
Титке хат 3:5–6
Алайда Құдай сендерді Мәсіхпен бірге қайта тірілтіп алды. Ол күллі күнәларымызды кешірді: бізге айып тағып, үкім белгілейтін «құжатты» Мәсіх құрбан болған айқышқа «шегелеп іліп қойып», күшін жойды.
Қолостықт. хат 2:13–14
Жан-тәніммен Жаратқан Иені мадақтаймын ... Ол бар күнәларымды кешіріп.
Забур жырлары 102:2–3
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2010 ж. 6 мау.
2010 ж. 5 мау.
2010 ж. 4 мау.
2010 ж. 3 мау.
2010 ж. 2 мау.
2010 ж. 1 мау.
2010 ж. 31 мам.

Сенім
Жақыптың айлакерлік пен өзіне-өзі сенімділік өмірін, оның Құдаймен күресін және қалай сынғандық арқылы бата…

Рухани тәртіп
Киелі жазбаларды оқу, медитация және дұға арқылы Құдаймен күнделікті тыныш уақытты қалай орнатуға және…

Пайғамбарлық
Самуил тек пайғамбар ғана емес, сонымен қатар соңғы би болды. Ол діни қызметкер де болды: «Самуил Иеміздің…

Жігерсіздік
Рухани әлсіздікті жеңу және Құдайдың күші мен қатысуы арқылы күшіңізді жаңарту үшін алты библиялық қадамды…

Құтқарылу
Кішкентай қыз өліп бара жатқан анасына құтқарылу табуға көмектесу үшін уағызшы іздейді. Әйел де, уағызшы да…

Дұға
Құпия дұға – Иса мен ертедегі мәсіхшілер көрсеткендей, рухани күш пен қуаттың қайнар көзі.