Егер бір адам басқа біреудің алдында кінәлі болып қалса, онда Құдай тағайындаған билер екеуінің арасында жүріп, оның сөзін сөйлей алады. Ал егер ол Жаратқан Иенің Өзіне қарсы күнә жасаса, онда сол пенденің сөзін кім сөйлейді?»
Әйтсе де ұлдары Елидің айтқанына құлақ аспады. Өйткені Жаратқан Ие оларды өлімге бұйырып қойған болатын.
Патшалықтар 1-ж. 2:25
Балаларым менің, сендер күнә жасамасын деп осыны жазып отырмын. Алайда егер біреуің күнә жасап қойсаң, Әкенің алдында әділ Қорғаушымыз бар. Сол Қорғаушымыз — Иса Мәсіх. Ол өз жанын құрбан етіп, күнәларымыздың құнын өтеді. Өзіміздің ғана емес, сондай-ақ бүкіл адамзаттың да күнәларының құнын өтеді.
Жоханның 1-хаты 2:1–2
Құдай Мәсіхті күнәлардың құнын өтеуші құрбандық етіп көрсетті: Соның қаны төгіліп құрбан болғандығына сенгендерді Құдай кешіреді. Құдайдың әділдігі осы арқылы айқын көрінеді. Себебі Ол бұрыннан бері шыдамдылық көрсетіп, адамдарға күнәларына лайықты жазаларын дереу тартқызбай жүрген еді. Ал қазіргі заманда Ол Өзінің әділдігін осылай дәлелдейді: Құдай әділ, Ол Исаға сенуші әркімді ақтап алады.
Римдіктерге хат 3:25–26
онда ол: «Оны көрге түсуден аман сақтап қала гөр! Оның жанының құнын өтейтін төлемді таптым!» деп мейірім көрсететін болады.
Әйүп 33:24
Бұл жайында не дейміз? Құдай жақтаса, бізге кім қарсы шыға алады?!
Римдіктерге хат 8:31
Құдайдың таңдап алғандарына кім айып таға алады? Құдайдың Өзі оларды ақтайды, ендеше кім үкім шығара алады? Мәсіх Иса біз үшін өлді, Ол қайта тірілді де. Содан Ол Құдайдың оң жағынан орын алып, бізді қолдауда.
Римдіктерге хат 8:33–34