Әкесінің ұлын көтеріп алып жүргені сияқты, Құдай Иеміздің де сендерді иен далада жүрген жолдарыңның барлығында қамқорлап келгенін өздерің көрдіңдер. Сендерді осы жерге бастап алып келген де Сол».
Заңды қайталау 1:31
Күнтізбе
Әкесінің ұлын көтеріп алып жүргені сияқты, Құдай Иеміздің де сендерді иен далада жүрген жолдарыңның барлығында қамқорлап келгенін өздерің көрдіңдер. Сендерді осы жерге бастап алып келген де Сол».
Заңды қайталау 1:31
«Сендер Менің мысырлықтарға не істегенімді, әрі өздеріңді балапандарын қанаттарымен тасыған қыран іспетті осы жерге аман-есен алып келгенімді көрдіңдер.
Мысырдан шығу 19:4
Олар азап шеккен кездің бәрінде Жаратқан Ие бірге азап шекті, Өзінің қасындағы періштесі Таңдаған халқын қорғап-қоршап жүрді. Құдайымыз сүйіспеншілігімен Және мол қайырымдылығымен Халқын құтқарып алып, бүкіл өткен Заманда Қамқоршысы болып келген.
Ишая 63:9
Бүркіттей ұясын күзетіп тұрған, Балапандары үстінен қалықтаған, Олар үшін қанаттарын кең жайған, Қауырсын қанатымен тасыған. Жаратқанның жалғыз Өзі халқын бастады, Қасында ешқандай бөгде тәңір болмады.
Заңды қайталау 32:11–12
Сендер қартайған шақта да Мен өзгермеймін, шаштарың ағарған кезде де қолдай беремін. Сендерді жаратқан едім, бұдан былай да көтеріп жүремін. Мен ауыртпалықтарыңа төзіп, құтқарып қорғай беремін.
Ишая 46:4
Міне, бұл — ақымақтың жүрер жолдары, Сөздерін қолдайды ізбасарлары.
Забур жырлары 48:14
Сондықтан сендерге мынаны айтамын: не ішіп-жейміз деп өмірлеріңді, не киеміз деп тәндеріңді уайымдамаңдар! Өмір тамақтан, тән киімнен артық қой!
Матай 6:25
Тәңірге мойынсұнбайтындар барлық сондай нәрселерге ие болуға тынымсыз ұмтылуда. Ал бұлардың бәрінің сендерге қажет екенін көктегі Әкелерің біледі ғой.
Матай 6:32
Бұдан кейін Самуил Миспа мен Шен арасына үлкен тасты ескерткіш ретінде орнатып, оны Әбен-Езер («Көмек тасы») деп атады. Себебі ол: «Осыған дейін Жаратқан Ие бізге көмектесіп келеді!» — деп ризашылығын білдірді.
Патшалықтар 1-ж. 7:12
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
2015 ж. 30 жел.
Қорынттықт. 1-хат 1:8
2015 ж. 29 жел.
Ефестікт. хат 5:17
2015 ж. 28 жел.
Марқа 2:5
2015 ж. 27 жел.
Қорынттықт. 2-хат 4:18
2015 ж. 26 жел.
Қорынттықт. 1-хат 15:58
2015 ж. 25 жел.
Титке хат 3:4
2015 ж. 24 жел.
Римдіктерге хат 8:13

Құдай Патшалығы
Пауыл өз Иесі мен Қожайынының ұлылығы мен даңқты ұлылығын жариялауға батылдық танытты. Әлем сол баталыны…

Иса Мәсіх
Ишая 33:17-ден шабыт алған бұл діни өлең Даңқ Патшасы Мәсіхтің сұлулығы мен ұлылығын және Оның шіркеуге деген…

Жүрек
Дәуітті Құдайдың жүрегіне ұқсас адам еткен оның жүрегінің қасиеттерін зерттеңіз. Оның тұтастығын…

Төзімділік
Мәсіхшілер дұшпандарын сүюге және төзімді болуға шақырылады, сонымен қатар жалған ілімдер мен ауыр күнәларға…

Кереметтер
Өлімнен тірілген адам туралы вирустық видеоның мәлімдемелерін талдау, оны тірілу, жұмақ және тозақ туралы…

Иса Мәсіх
Матай Інжілі Ескі Өсиет пайғамбарлығын жаңа рақым дәуірімен байланыстырады, Иса Мәсіхті Исраилдің уәде…