Тыныштықты сыйлайтын Құдай сендерді Өзіне толықтай бағышталдырып, қасиетті өмір сүргізсін. Иеміз Иса Мәсіх қайтып келгенде мінсіз болуларың үшін рухтарың мен жан-тәндерің кіршіксіз пәк сақталсын.
Салониқал. 1-хат 5:23
Күнтізбе
Тыныштықты сыйлайтын Құдай сендерді Өзіне толықтай бағышталдырып, қасиетті өмір сүргізсін. Иеміз Иса Мәсіх қайтып келгенде мінсіз болуларың үшін рухтарың мен жан-тәндерің кіршіксіз пәк сақталсын.
Салониқал. 1-хат 5:23
Күйеулер, Мәсіх қауымды қалай сүйсе, сендер де әйелдеріңді солай сүйіңдер: Мәсіх қауым үшін жанын қиды!
Ефестікт. хат 5:25
Сонымен қауым күйеуіне апарылған қалыңдықтай салтанатты да сұлу, ешбір дақсыз, ақаусыз, басқа да кемшіліксіз, қасиетті де пәк таза болсын.
Ефестікт. хат 5:27
Мәсіх туралы хабарды біз барлық адамдарға жеткізіп, бәріне де ескертіп, барынша даналықпен тәлім беріп келеміз. Осылай әрбір жанды Мәсіхпен тығыз байланыста, толық кемелденген түрде Құдай алдына әкелуге талаптанудамыз.
Қолостықт. хат 1:28
Сонда Құдайдың адам ақылынан асқан керемет тыныштығы сендердің жүректерің мен ой-саналарыңды Мәсіх Исада сақтайды.
Філіпілікт. хат 4:7
Иеміз Мәсіх сыйлаған тыныштық сендерге билігін жүргізсін! Ол сендерді біртұтас рухани дененің құрамдас мүшелері ретінде татулықта тұруға шақырды. Сонымен қатар ризашылықтарыңды білдіріңдер!
Қолостықт. хат 3:15
Лайым бізді сүйетін, әрі рақымын төгіп, мәңгілік жұбаныш пен үзілмес үміт берген Иеміз Иса Мәсіх пен Құдай Әкеміз жүректеріңді жігерлендіріп, сендерге іс жүзінде де, сөз жүзінде де ізгілік жасауға күш бергей.
Салониқал. 2-хат 2:16–17
Иеміздің қайта оралатын сол күні еш айыпталмауларың үшін Тәңір Ие сендерді өмірлеріңнің аяғына дейін табанды етпек.
Қорынттықт. 1-хат 1:8
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
2016 ж. 9 қаң.
Забур жырлары 60:4
2016 ж. 8 қаң.
Забур жырлары 9:10
2016 ж. 7 қаң.
Нехемия 5:19
2016 ж. 6 қаң.
Забур жырлары 90:17
2016 ж. 5 қаң.
Еврейлерге хат 4:3
2016 ж. 4 қаң.
Заңды қайталау 12:9
2016 ж. 3 қаң.
Забур жырлары 107:7

Мәсіх
Иса Мәсіхтің туылуын, өлімін, қайта тірілуін және Иеміздің Майланғаны ретіндегі мәңгілік билігін пайғамбарлық…
Дебораның есімі жиі «бал арасы» деп аударылады – бұл еврей тіліндегі «сөйлеу» етістігімен тығыз байланысты…
Құдайдың қасиеттері
Құдай туралы дұрыс ойлау христиан өмірі үшін өте маңызды. Оның қасиеттерін түсіну пұтқа табынудан аулақ…

Құтқарылу
Киелі кітап екі «мәселе» туралы айтады: Құдайдың өлімнен құтқаруы және жүрегіңіздегі өмірдің қайнар көзі.
Көшбасшылық
Мұсадан Исаға дейінгі шопандардың киелі кітаптағы рөлін зерттеңіз және Құдайдың отарына бүгінгі күні…
Жесірлер
Құдай жесірлерге ерекше қамқорлық пен қамтамасыз етуді ұсынады, бұл Киелі жазбаларда Зарефаттық жесір сияқты…