Мәриям Ұл таппақ, Оның атын Иса деп қой! Себебі Ол халқын күнәларынан құтқаратын болады», — деді.
Матай 1:21
Күнтізбе
Мәриям Ұл таппақ, Оның атын Иса деп қой! Себебі Ол халқын күнәларынан құтқаратын болады», — деді.
Матай 1:21
Ал Мәсіхтің күнәларымызды алып тастауға келгенін де, Оның ешқандай күнә жасамағанын да білесіңдер.
Жоханның 1-хаты 3:5
Біз күнәнің құлдығынан босатылып, әділ өмір сүре алуымыз үшін Мәсіх айқыш ағашта күнәларымыздың айыбын өз денесінде көтеріп тұрды. Осылай Оның жаралары арқылы (рухани дертімізден) сауықтық.
Петірдің 1-хаты 2:24
Сол себептен Ол Өзі арқылы Құдайға сиынғандардың бәрін толықтай құтқара алады. Иса мәңгі өмір сүріп, олар үшін өтініш жасайды.
Еврейлерге хат 7:25
Алайда Құдайдың Қызметшісі біздің күнәларымыз үшін түйреліп, біздің әділетсіз істеріміз үшін құртылды. Оның тартқан жазасы бізге амандық пен тыныштық әкелді. Оның жараларының арқасында біз (рухани дертімізден) сауықтық. Барлығымыз адасқан қойлардай тентіреп, өз бетімізбен жүрдік. Ал Жаратқан Ие бәріміздің күнәларымызды Қызметшісінің мойнына артты.
Ишая 53:5–6
Былай деп жазылған ғой: Мәсіх азап шегіп өліп, үшінші күні қайта тірілуге тиіс. Оның атынан Иерусалимнен бастап барлық ұлттарға да теріс жолдан қайтқан адамдардың күнәларын Құдай кешіреді деген Ізгі хабарды жариялау да қажет.
Лұқа 24:46–47
Әйтпесе Ол әлем жаратылғаннан бері әлденеше рет азап шегіп өлуге мәжбүр болған болар еді. Керісінше, Мәсіх қазір, дүниенің ақырғы заманында, бір-ақ рет жер бетіне келіп, адамдарды күнәларынан біржола арылту үшін Өзін құрбандыққа қиды.
Еврейлерге хат 9:26
Құдай Оны көкке көтеріп, Көсем және Құтқарушы ретінде Өзінің оң жағындағы ең құрметті орынға көтеріп жайғастырды. Осылай Ол Исраилдің бетін теріс жолдан қайтарып, күнәларын кешірмек.
Елшіл. істері 5:31
Сондықтан, бауырластар, мынаны біліп алыңдар: біз сендерге Құдай күнәларыңды осы Адамның құрбандығы арқылы кешіретінін хабарлаймыз. Мұса қалдырған Таурат заңын орындасаңдар да, күнәларыңнан шынайы ақтала алмадыңдар. Ал енді Исаға сенген әркім бар күнәларынан Исаның құрбан болғандығы арқылы ақталады.
Елшіл. істері 13:38–39
Балаларым менің, Исаның құрбандығы арқасында күнәларың кешірілгендіктен сендерге осыны жазып отырмын.
Жоханның 1-хаты 2:12
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
2016 ж. 24 сәу.
Жаратылыстың баст. 21:1
2016 ж. 23 сәу.
Забур жырлары 18:18
2016 ж. 22 сәу.
Леуіліктер 1:3–4
2016 ж. 21 сәу.
Філіпілікт. хат 4:1
2016 ж. 20 сәу.
Заңды қайталау 13:17
2016 ж. 19 сәу.
Жохан 10:7
2016 ж. 18 сәу.
Заңды қайталау 18:18

Христология
Еврейлерге жазылған хаттағы Мәсіхтің үш көрінісін зерттеңіз: Оның қазіргі шапағаты, күнә үшін өткен…

Күнә
Мәсіхшілер күнә жасағанда, олардың Құдаймен қарым-қатынасы қауіпсіз болады, бірақ қарым-қатынас үзіледі…

Иса Мәсіх
Иса Мәсіхтің Құдайдың мәңгілік Ұлы, Әкемен тең және ғаламның Жаратушысы ретіндегі толық құдайлығына қатысты…

Дін қызметі
Құдайдың оң жағында жоғары көтерілген Мәсіхті, біздің Бас діни қызметшімізді ашыңыз. Оның даңқы біздің…

Киелілік
Киелі кітаптың әулиелер туралы шынымен не үйрететінін біліңіз. Әрбір сенуші рухани суперқаһармандар ғана…

Қанағат
Көптеген ересектердің жағдайлары біздің қалауымызға сай болмаған кезде наразы, тітіркенген, тіпті ашулы…