Себебі сендер рухани өлдіңдер, енді өлген кісідей бұрынғы күнәлі іс-әрекеттеріңе жоқсыңдар. Ал Мәсіхпен бірлесіп сүрген жаңа өмірлерің ел көзінен таса, Құдайдың алдында.
Қолостықт. хат 3:3
Күнтізбе
Себебі сендер рухани өлдіңдер, енді өлген кісідей бұрынғы күнәлі іс-әрекеттеріңе жоқсыңдар. Ал Мәсіхпен бірлесіп сүрген жаңа өмірлерің ел көзінен таса, Құдайдың алдында.
Қолостықт. хат 3:3
Жоқ, олай істеуге болмайды! Өлген адам күнә жасамайды ғой. Біз (сенушілер) де сол өлген адамдай күнәға жоқ болдық. Қалайша бұдан былай күнә жасап өмір сүрмекпіз?!
Римдіктерге хат 6:2
сондықтан өзім бұдан былай өмір сүріп жатқаным жоқ, қайта, бойымда Мәсіх өмір сүруде. Ендігі тәндік өмірім — Құдайдың рухани Ұлына деген сенімімнің арқасындағы өмір. Ол мені сүйгендіктен, Өзін мен үшін құрбан етті!
Ғалаттықт. хат 2:20
Мәсіхтің бәрі үшін өлгендігінің мақсаты мынау: жаңа өмірге ие болғандар енді тек өздері үшін ғана тіршілік етпесін, қайта, Мәсіхке бағышталып өмір сүрсін! Ол солардың игілігіне бола жанын құрбан етіп, өлімнен қайта тірілді ғой.
Қорынттықт. 2-хат 5:15
Сонымен, біреу Мәсіхпен тығыз байланыста болса, сол — жаңадан жаратылған адам. Ескі өмірі өтіп кетіп, міне, жаңасы пайда болды!
Қорынттықт. 2-хат 5:17
Құдайдың рухани Ұлының келгенін де білеміз; біздің шынайы Құдаймен танысуымыз үшін Ол көзімізді ашты. Сондықтан шынайы Құдаймен және Оның рухани Ұлы Иса Мәсіхпен байланыстамыз. Ол — шынайы Құдай және мәңгілік өмір.
Жоханның 1-хаты 5:20
Әке, Мені Өзіңнің жібергендігіңе адамзаттың сенуі үшін, Сенің Менімен, Менің де Сенімен тығыз байланыста тұрғанымыздай, сенушілер де Екеуімізбен тығыз байланыста тұрып, бәрі біртұтас болсын деп өтінемін.
Жохан 17:21
Сонымен сендер бірігіп Мәсіхтің рухани денесі, ал жеке дара оның бір мүшесісіңдер.
Қорынттықт. 1-хат 12:27
Енді аз уақыт қалды, содан кейін осы күнәкар дүние Мені көрмейді, ал сендер Мені көресіңдер. Мен қайта тірілемін, сондықтан сендер де мәңгілік өмірге ие боласыңдар.
Жохан 14:19
Құлағы барлар Киелі Рухтың қауымдарға айтқандарын жақсылап тыңдап алсын! Жеңіп шыққан әркімді Мен «жасырылған маннамен» тамақтандырамын. Оған алған кісіден басқа ешкім де білмейтін жаңа есім ойып жазылған бір ақ тасты да сыйлаймын.
Аян 2:17
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
2016 ж. 21 мау.
Петірдің 1-хаты 2:21
2016 ж. 20 мау.
Мысырдан шығу 2:9
2016 ж. 19 мау.
Еврейлерге хат 12:14
2016 ж. 18 мау.
Мысырдан шығу 25:21–22
2016 ж. 17 мау.
Філіпілікт. хат 4:6
2016 ж. 16 мау.
Ефестікт. хат 5:15–16
2016 ж. 15 мау.
Заңды қайталау 29:29

Киелілік
Киелі кітаптың әулиелер туралы шынымен не үйрететінін біліңіз. Әрбір сенуші рухани суперқаһармандар ғана…

Христология
Еврейлерге жазылған хаттағы Мәсіхтің үш көрінісін зерттеңіз: Оның қазіргі шапағаты, күнә үшін өткен…

Пайғамбарлық
Самуил тек пайғамбар ғана емес, сонымен қатар соңғы би болды. Ол діни қызметкер де болды: «Самуил Иеміздің…

Жаратылыш
Құдай аспан мен жерді жаратты, және Құдай: «Сулардың ортасында кеңістік болсын» деді (1:20-тармақ) Құдай…

Кереметтер
Өлімнен тірілген адам туралы вирустық видеоның мәлімдемелерін талдау, оны тірілу, жұмақ және тозақ туралы…

Христология
Исаның Жохан Інжіліндегі «Менмін» деген сөздері арқылы Құдайдың түсініксіз, бірақ танымал табиғатын қалай…