Әрі ауызың таңдаулы шараптай! (Жас келін:) Сусын сүйіктіме тікелей төгілсін, Ерін мен тіс арқылы ағатын болсын.
Таңдаулы ән 7:10
Күнтізбе
Әрі ауызың таңдаулы шараптай! (Жас келін:) Сусын сүйіктіме тікелей төгілсін, Ерін мен тіс арқылы ағатын болсын.
Таңдаулы ән 7:10
Сол себептен мен осындай азап көріп жатырмын. Ал соған еш ұялмаймын, себебі Кімге сенім артқанымды білемін. Оның қайтып келетін күніне дейін Өзінің маған аманаттаған Ізгі хабарын аман-есен сақтайтынына кәміл сенемін.
Тімотеге 2-хат 1:12
Мен мынаған нық сенемін: өлім де, өмір де, періштелер де, жын-перілер де, бүгінгі күн де, болашақ та, табиғаттан тыс күштер де бізді Құдайдың сүйіспеншілігінен айыра алмайды! Рас, не үстіміздегі, не астымыздағы ешқандай күш те, тіпті жаратылыстың басқа ешбір нәрсесі де бізді Құдайдың Иеміз Иса Мәсіх арқылы көрсетіп жүрген сүйіспеншілігінен айыра алмайды!
Римдіктерге хат 8:38–39
Мен қастарында болған кезімде оларды Сенің Маған берген есіміңнің құдіретімен қорғап, аман сақтап жүрдім. Құрып кетуге тиісті адамнан басқа бірде-біреуін жоғалтқан жоқпын. Киелі жазбада сол адамның істейтіні туралы айтылғандар орындалу үшін осылай болды.
Жохан 17:12
Жаратқан өз халқынан рақат табады, Кішіпейілдерді даңқтап, құтқарады.
Забур жырлары 149:4
Жаратқанның әлемінде көңілдендім, Адамзатқа да шат-шадыман болдым».
Нақыл сөздер 8:31
Алайда рақымы мол Құдай бізге зор сүйіспеншілігін көрсетті:
Ефестікт. хат 2:4
Адамның достарына көрсететін ең зор сүйіспеншілігі — олар үшін өмірін құрбан етуі.
Жохан 15:13
Иеміз сендерді үлкен құн төлеп, күнәнің құлдығынан азат етті. Ендеше денелеріңмен Құдайдың даңқын арттырыңдар!
Қорынттықт. 1-хат 6:20
Себебі өмір сүрсек, Иемізді даңқтау үшін өмір сүреміз, ал өлсек, Иемізді даңқтау үшін өлеміз. Сонымен өмір сүрсек те, өлсек те, Иеміздің меншігіміз.
Римдіктерге хат 14:8
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
2016 ж. 12 шіл.
Мысырдан шығу 33:14
2016 ж. 11 шіл.
Еремия 15:20
2016 ж. 10 шіл.
Матай 10:24
2016 ж. 9 шіл.
Зәкәрия 3:4
2016 ж. 8 шіл.
Жоханның 1-хаты 1:9
2016 ж. 7 шіл.
Матай 4:1
2016 ж. 6 шіл.
Қолостықт. хат 4:6

Рухани өсу
Киелі кітапты оқудың терең себептерін ашыңыз. Оның қалай басшылық, рухани өсу және Иса Мәсіх арқылы мәңгілік…

Үміт
Христиандық үміттің Киелі жазбалардағы көзқарасын, Құдайдың орындалмайтын уәделеріне негізделген сенімді…

Киелі кітапты зерттеу
Інжіл Құдайдың сүйіспеншілігін, Құтқарушыға деген қажеттілігіңізді және Иса Мәсіх арқылы мәңгілік өмірге…

Иса Мәсіх
Исаның Киелі жазбадан қаншалықты жиі дәйексөз келтіргенін және оның қызметіне терең әсерін біліңіз. Құдай…

Мәсіхшілік өмір
Сүлейменнің жырынан Мәсіхтің сенушілерге, оның шіркеуіне және еврей қалдығына деген сүйіспеншілігінің өсіп…

Христология
Мәсіхтің Ескі Өсиетте типтер, пайғамбарлықтар және символдар арқылы қалай ашылғанын зерттеңіз. Таныс оқиғалар…