Ақбұлақ

Шолу

  • Кітаптар
  • Мақалалар
  • Оқу жоспарлары
  • Сөздік

Байланысу

  • Біз туралы
  • Байланыс

Қадам жасаңыз

  • Құдайды тану
  • Інжілді оқыңыз

Бүгінгі оқуды email арқылы алыңыз

© 2026 Ақбұлақ. Тегін христиан кітапханасы. Көптеген мақалалар қайта басылған; рұқсаттар дереккөзге байланысты.

Ақбұлақ
  • Мақалалар
  • Оқу жоспарлары
  • Сөздік
Құдайды тануКіру
Ақбұлақ
Ақбұлақ
Жоспарлар

2016 ж. 27 қараша, жексенбі

Күнтізбе

2016 ж. 27 қар.

Солар да Біз сияқты біртұтас болсын деп, Өзің Маған сыйлаған ұлылықты Мен оларға да бердім.

Жохан 17:22

Ұзиях патша қайтыс болған жылы мен аса дәріптелген, заңғар биік тағында отырған Тәңір Иенің аянын көрдім. Оның салтанатты шапанының етегі киелі үйдің ішін алып жатты. Тәңір Иені айналдыра оттай жалындаған періштелер қызмет етіп тұрды. Әрқайсысында алты қанаттан болды, солардың екеуімен бетін, тағы екеуімен денесін жауып, қалған екеуімен ұшатын. Жалындаған періштелер бір-біріне дауыстап: «Әлемнің Иесі киелі, қасиетті, қастерлі! Бүкіл дүние Оның салтанатты ұлылығына кенелген!» — десіп тұрды.

Ишая 6:1–3

Ишая пайғамбар Иеміздің салтанатты ұлылығын көргендіктен, Ол туралы осылай деп алдын ала айтып кеткен еді.

Жохан 12:41

Сол кеңістіктің жоғарғы жағында саф көк асыл тастан жасалған таққа ұқсас бір нәрсе тұрды, ал оның үстінде сырт кейпі адамға ұқсас Біреу отырды.

Езекиел 1:26

Оның айналасындағы жарқыраған нұр жаңбырлы күні бұлттарда пайда болатын кемпірқосаққа ұқсас еді.

Езекиел 1:28

Сонда Мұса: — Ендеше маған Сенің нұрлы салтанатыңды көрсете гөр, — деп өтінді.

Мысырдан шығу 33:18

Бірақ бет-жүзімді көруіңе болмайды, өйткені оны көрген пенде тірі қалмайды. —

Мысырдан шығу 33:20

Құдайды ешкім ешқашан көзімен көрген емес. Әкесімен тығыз байланыстағы жалғыз рухани Ұлы бізге Оны жақыннан танытты.

Жохан 1:18

Сондықтан да, бауырластарым, мен сендерге келіп, Құдайдың шынайы хабарын уағыздаған кезде шешен сөздер және дана пікірлер қолданған жоқпын. Сендерге Иса Мәсіх пен Оның айқыштағы құрбандық өлімінен басқа нәрселер туралы айтпауға шешім қабылдаған едім. Араларыңда күш-қуатсыз, дірілдеп, қатты жүрексініп тұрып жаттым. Сөз сөйлеп, уағыз айтқанда адамды сендірерліктей данышпан пікірлерге емес, Құдайдың Рухы мен құдіретінің айқын көрінуіне сүйендім. Ондағы мақсатым — сенімдеріңнің негізі адамның даналығы емес, Құдайдың құдіретінің болуы. Дегенмен, біз рухани жетілгендерге даналық туралы хабарды уағыздай береміз. Ал бұл даналық осы күнәкар дүниенікі емес, сондай-ақ, осы дүниелік билеушілердікі де емес; солар — болашақта құрып кететіндер. Керісінше, жариялап жүргеніміз — Құдайдың құпия даналығы, бұл адамзаттың көзінен таса болып келді. Ал Құдай оны біздің ұлылыққа ие болуымыз үшін әлемді жаратпастан бұрын-ақ белгілеп қойған болатын. Бұны осы дүниелік билеушілердің біреуі де ұққан емес; ұққан болса, олар Ұлылықтың Иесін айқышқа шегелетіп өлтіртпес еді. Алайда (Киелі жазбаларда) алдын ала жазылғандай, көз көріп, құлақ естімеген, адам ойына ешқашан келмеген игіліктерді Құдай Өзін сүйетіндерге дайындап қойған. Бұны Құдай біздерге Өзінің Киелі Рухы арқылы анық білдірді. Киелі Рух бәрінен де, Құдайдың терең ой-мақсаттарынан да хабардар. Себебі адамның ішкі құпия-сырларын оның өз рухынан басқа бірде-бір адам біле ме? Сол сияқты, Құдайдың терең ой-мақсаттарын да Оның Киелі Рухынан басқа ешкім білмейді. Ал біз осы дүниелік рухты емес, Құдайдан келген Киелі Рухты қабылдадық, Соның көмегімен Құдайдың бізге сыйлаған игіліктерін біле аламыз. Солар туралы біз адамзаттың даналығынан емес, Киелі Рухтан үйренген сөздермен уағыздап, Оған мойынсұнғандарға рухани шындықты түсіндіреміз. Өз еркімен жүретін адам Құдайдың Рухынан келгенді қабылдамайды, соны түсіне алмай, ақымақтық деп санайды. Себебі оны Киелі Рухтың тұрғысынан бағалау керек. Ал Құдайдың Рухына мойынсұнушы Одан келгеннің бәрін де бағалай алады, бірақ басқалар ондай адамға баға бере алмайды. Өйткені «Кім Жаратқанның ақыл-ойын ұққан, кеңесшісі болып бағыт берді Оған?» (деп жазылған). Ал бізде Мәсіхтің ой-ниеті бар.

Қорынттықт. 2-хат 4:6

ЖИ көмегімен аударылған, Киелі кітап дәйексөздері де соның ішінде — кез келген сілтемені ашып, Киелі кітап аудармасынан оқыңыз.

© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.

Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).

АлдыңғыКелесі
Оқу параметрлері

Мақала қаріп өлшемі

Соңғы күндер

  • 2016 ж. 26 қар.

    Ишая 62:4 · Ишая 43:1

    Ишая 62:4

  • 2016 ж. 25 қар.

    Римдіктерге 6:18 · Матай 6:24

    Римдіктерге 6:18

  • 2016 ж. 24 қар.

    Лұқа 8:21 · Еврейлерге 2:11–12

    Лұқа 8:21

  • 2016 ж. 23 қар.

    Нақыл сөздер 1:33 · Забур жырлары 90:1

    Нақыл сөздер 1:33

  • 2016 ж. 22 қар.

    Яһуда 20 · Жохан 4:24

    Яһуда 20

  • 2016 ж. 21 қар.

    Жохан 6:37 · Мысырдан шығу 22:27

    Жохан 6:37

  • 2016 ж. 20 қар.

    Миха 7:8 · Ишая 43:2–3

    Миха 7:8

Ұқсас мақалалар

  • Иса Мәсіх

    Иса шынымен Құдай ма? Мәсіхтің Құдайлығына қатысты Киелі Жазба дәлелдері

    Иса Мәсіхтің Құдайдың мәңгілік Ұлы, Әкемен тең және ғаламның Жаратушысы ретіндегі толық құдайлығына қатысты…

    2024 ж. 23 там.·Даг Хэйхоу
  • Киелілік

    Құдайдың қасиетті қаһары: Құдайдың ашуы мен әділдігін түсіну

    Құдайдың қаһары Қасиетті әрекет Бұл – «Мейірім мен Ақиқат» журналы Құдайдың қаһары Мұнда қасиетті әрекет…

    2025 ж. 7 мау.·Г. Х. Б.
  • Шәкірттік

    Андрей мен Філіп: Мәсіхпен танысу өмірді өзгертеді

    Андрей мен Філіптің қарама-қайшы сенімін зерттеңіз, Исамен терең, жеке танысу өмірді қалай өзгертетінін және…

    2026 ж. 27 мам.·Белгісіз
  • Бірлік

    Христиандық бірлік шіркеулерді қалай өзгертеді және жандарды қалай жеңеді

    Мәсіхтің ойы сенушілер арасында қалай күшті бірлік жасайтынын біліңіз. Ертедегі шіркеудің қауымдастық пен…

    2024 ж. 20 қаз.·Уоррен Хендерсон
  • Рухани өсу

    Лоттың өміріндегі рухани сәтсіздіктің бес қадамы

    Лоттың рухани сәтсіздігіне әкелген бес қадамды, қате көзқарастан бастап түпкілікті жойылуға дейін зерттеңіз…

    2025 ж. 13 там.·Дэвид Рид
  • Рухтың жемісі

    Рухтың жемісі: Құдайдың жоспары және біздің өміріміз

    Жаратылыста Құдай ағаштардан шыққан жемістерді «тағам үшін» деп арнайы айтқан. Оның бағынбаушылығы арқылы…

    2026 ж. 3 мау.·Пол Альбертс
  • Иса Мәсіх

    Иса шынымен Құдай ма? Мәсіхтің Құдайлығына қатысты Киелі Жазба дәлелдері

    Иса Мәсіхтің Құдайдың мәңгілік Ұлы, Әкемен тең және ғаламның Жаратушысы ретіндегі толық құдайлығына қатысты…

    2024 ж. 23 там.·Даг Хэйхоу

Киелілік

Құдайдың қасиетті қаһары: Құдайдың ашуы мен әділдігін түсіну

Құдайдың қаһары Қасиетті әрекет Бұл – «Мейірім мен Ақиқат» журналы Құдайдың қаһары Мұнда қасиетті әрекет…

2025 ж. 7 мау.·Г. Х. Б.
  • Шәкірттік

    Андрей мен Філіп: Мәсіхпен танысу өмірді өзгертеді

    Андрей мен Філіптің қарама-қайшы сенімін зерттеңіз, Исамен терең, жеке танысу өмірді қалай өзгертетінін және…

    2026 ж. 27 мам.·Белгісіз
  • Бірлік

    Христиандық бірлік шіркеулерді қалай өзгертеді және жандарды қалай жеңеді

    Мәсіхтің ойы сенушілер арасында қалай күшті бірлік жасайтынын біліңіз. Ертедегі шіркеудің қауымдастық пен…

    2024 ж. 20 қаз.·Уоррен Хендерсон
  • Рухани өсу

    Лоттың өміріндегі рухани сәтсіздіктің бес қадамы

    Лоттың рухани сәтсіздігіне әкелген бес қадамды, қате көзқарастан бастап түпкілікті жойылуға дейін зерттеңіз…

    2025 ж. 13 там.·Дэвид Рид
  • Рухтың жемісі

    Рухтың жемісі: Құдайдың жоспары және біздің өміріміз

    Жаратылыста Құдай ағаштардан шыққан жемістерді «тағам үшін» деп арнайы айтқан. Оның бағынбаушылығы арқылы…

    2026 ж. 3 мау.·Пол Альбертс