Келесі күні Жақия өзіне қарай келе жатқан Исаны көріп: — Қараңдар, Мынау — Құдайдың құрбандыққа жіберген «Тоқтысы»! Ол адамзаттың күнәсін өз мойнына артып, сол үшін жанын қияды.
Жохан 1:29
Күнтізбе

Келесі күні Жақия өзіне қарай келе жатқан Исаны көріп: — Қараңдар, Мынау — Құдайдың құрбандыққа жіберген «Тоқтысы»! Ол адамзаттың күнәсін өз мойнына артып, сол үшін жанын қияды.
Жохан 1:29
Өйткені құрбанға шалынған бұқалар мен қошқарлардың қаны адамның күнәсін толығымен алып тастай алмайды. Сол себепті Мәсіх бұл дүниеге келгенде, Өзін құрбандыққа қиятыны туралы (Құдай Әкеге) мынадай сөздер айтқан: Құрбандықтар мен сый-тартуларды қаламадың, Бірақ Маған тәндік денемді дайындадың. Шалып, өртелетін не күнәнің құнын Өтейтін құрбандықтарды жақтырмадың. Сонда Мен былай дедім: «Міне, келе жатырмын, Уа, Құдай, Сенің еркіңді орындау үшін. Шиыршық кітапта Мен туралы жазылған».
Еврейлерге 10:4–7
Ол зорлық көріп қиналды, алайда аузын ашпады. Оны тоқты сияқты сойылатын жерге алып барды. Ол қырқылып жатқанда үні шықпайтын қой секілді тіс жармады.
Ишая 53:7
Олар қатты дауыспен әндетіп былай деді: «Құрбандыққа шалынған Тоқты Билік пен байлықты, Даналық пен құдіретті, Құрмет, ұлылық пен дәріпті Қабылдауға әбден лайықты!»
Аян 5:12
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
2017 ж. 27 сәу.
Қорынттықт. 1-хат 7:29
2017 ж. 26 сәу.
Таңдаулы ән 2:6
2017 ж. 25 сәу.
Матай 1:21
2017 ж. 24 сәу.
Жаратылыстың баст. 21:1
2017 ж. 23 сәу.
Забур жырлары 18:18
2017 ж. 22 сәу.
Леуіліктер 1:3–4
2017 ж. 21 сәу.
Філіпілікт. хат 4:1

Сенім
Киелі кітапта сенімдегі, қандағы және уәделердегі "қымбатты" дегеннің нені білдіретінін зерттеңіз. Сынақтар…

Киелі кітапты түсіндіру
Қасиетті Киелі жазбаның шабыттандырылғанын және қателеспейтінін қабылдайтын мәсіхшілер Киелі кітаптың…
Жұмақ
Жұмақ – жаратылыстағы материалдық орын емес, Құдай мекендейтін рухани әлем. Киелі кітаптың үшінші жұмақ…
Құтқарылу
Христиандық жетілу Исаны Құтқарушы ретінде танудан Оны Ие ретінде бағынуға көшуді білдіреді. Құтқаруыңыздың…
Шомылдыру рәсімі
Мәсіхшілік шомылдыру рәсімінің мағынасын, оның тарихи түсіндірмелерін және оның кешіріммен және номиналды…
Дұға
Мен Әскери-теңіз флотында болғанымда, жақын маңдағы жиналыстағы бірнеше әйел маған жексенбі күндері таңертең…