Иса Мәсіхтің қызметшісі Пауылдан дұғай сәлем. Мәсіх мені елші болуға шақырып, Құдайдың Ізгі хабарын жариялауға бағыштап тағайындады.
Римдіктерге 1:1
Күнтізбе

Иса Мәсіхтің қызметшісі Пауылдан дұғай сәлем. Мәсіх мені елші болуға шақырып, Құдайдың Ізгі хабарын жариялауға бағыштап тағайындады.
Римдіктерге 1:1
Маған «Ұстаз», «Ием» дейсіңдер. Осылай атағандарың дұрыс, себебі Мен Солмын.
Жохан 13:13
Кім Маған қызмет еткісі келсе, сол Маған ерсін. Мен қайда болсам, қызметшім де сонда болады. Ал Маған қызмет етіп жүрген әркімді Әкем құрметтейді.
Жохан 12:26
Қамытымды бірге киісіп, үйреніңдер Өзімнен, Өйткені жуас, кішіпейілмін шын жүректен, Тыныштық табады сонда көңілдерің. Себебі ыңғайлы — қамытым Менің, Әрі жеңіл — жүктейтін міндеттерім».
Матай 11:29–30
Алайда осы «артықшылықтарымды» Мәсіхке бола залал деп санай бастадым.
Філіпілікт. хат 3:7
Енді сендер күнәнің үстемдігінен босатылып, Құдайдың қызметіне кірдіңдер. Бұның өнімі — Құдайға бағышталған қасиетті өмір. Ал түпкі нәтижесі — мәңгілік өмір.
Римдіктерге 6:22
Сендерді бұдан былай құл демеймін, құл иесінің не істеп жүргенін білмейді. Қайта, сендерді достарым деп атадым, өйткені Әкемнен естігендерімнің бәрін сендерге білдірдім.
Жохан 15:15
Сонымен енді құл емес, рухани ұлсың; ал рухани баласы болған соң, Құдай саған Өзінің уәде еткендерін сыйлайтын болады.
Ғалаттықт. хат 4:7
Мәсіх бізді еркін өмір сүрсін деп азат етті. Енді табанды болып, құлдықтың қамытын қайта кимеңдер!
Ғалаттықт. хат 5:1
Бауырластар, Құдай сендерді еркіндікке шақырды. Бірақ еркіндікті күнәлі құмарлықтарыңды қанағаттандыру үшін теріс пайдаланбаңдар, қайта, бір-біріңе сүйіспеншілікпен қызмет етіңдер!
Ғалаттықт. хат 5:13
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
2017 ж. 15 мам.
Аян 21:4
2017 ж. 14 мам.
Філіпілікт. хат 3:10
2017 ж. 13 мам.
Тимотейге 1 2:8
2017 ж. 12 мам.
Жохан 1 4:7
2017 ж. 11 мам.
Қорынттықт. 1-хат 15:34
2017 ж. 10 мам.
Жохан 1 3:8
2017 ж. 9 мам.
Еврейлерге 11:1

Иса Мәсіх
Жаңа Өсиетте «Қожайын» деп аударылған сегіз түрлі грек сөзінің және олардың Мәсіх үшін ерекше мағыналарын…

Иса Мәсіх
Иса Мәсіхтің Құдайдың мәңгілік Ұлы, Әкемен тең және ғаламның Жаратушысы ретіндегі толық құдайлығына қатысты…

Иса Мәсіх
Ишая 9:6 екі шындықты ашады: Мәсіх туылған бала ретінде толықтай адам болды, бірақ Құдайдың Ұлы ретінде…

Құдайдың жетелеуі
Иса Мәсіх — біздің қатесіз жолбасшымыз, ол бізді өмірдің қауіп-қатерлері арқылы киелілікке, бақытқа және ақыр…

Гомосексуализм
Киелі кітаптың гомосексуализм туралы не үйрететінін және христиандардың күресіп жатқандарға шындық пен…
Бейбітшілік
Христиандар қақтығыс әлемінде де Иса Мәсіх арқылы Құдаймен, басқалармен және өздерімен мәңгілік тыныштық таба…