Сондықтан да біз: «Ием маған жар, мен қорықпаймын ешбір жайттан, не істей алады адам баласы маған?» деп нық сеніммен айтамыз.
Еврейлерге 13:6
Күнтізбе

Сондықтан да біз: «Ием маған жар, мен қорықпаймын ешбір жайттан, не істей алады адам баласы маған?» деп нық сеніммен айтамыз.
Еврейлерге 13:6
Мәсіхтің сүйіспеншілігінен бізді не айыра алады? Азап пен қысым ба, қудалану мен аштық-жалаңаштық па, әлде қауіп пен семсер ме?
Римдіктерге 8:35
Ал осының бәрінде біз өзімізді шексіз сүйетін Иеміздің арқасында ұлы жеңіске жетеміз.
Римдіктерге 8:37
Достарым, сендерге айтамын: тәнді өлтірсе де, кейін басқа ештеңе істей алмайтындардан қорықпаңдар! Сендерге кімнен қорқу керек екенін айтайын: өлтіргеннен кейін тозаққа түсіре алатын Құдайдан қорқыңдар! Сендерге тағы айтамын: Одан қорқып, Оны терең қастерлеңдер!
Лұқа 12:4–5
Әділдік үшін қудаланғандар бақытты: Құдай Патшалығы сондайларға арналған! Адамдар сендерді Маған бола қорлап, қудалап, әр түрлі жала жауып жамандаса, бақыттысыңдар! Қуана шаттаныңдар, себебі көкте сендерді зор сыйларың күтіп тұр! Жұрт сендерден бұрынғы пайғамбарларды да солай қудалаған.
Матай 5:10–12
Бірақ мен өз жанымды ойламай, тиісті өмір жолыммен жүре отырып, Иеміз Исаның маған тапсырған ісін аяқтасам, Құдайдың рақымы туралы Ізгі хабарды уағыздап жеткізсем болғаны.
Елшіл. істері 20:24
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
2017 ж. 7 қаз.
Забур жырлары 25:9
2017 ж. 6 қаз.
Аян 19:6
2017 ж. 5 қаз.
Забур жырлары 50:15
2017 ж. 4 қаз.
Мысырдан шығу 34:29
2017 ж. 3 қаз.
Аян 1:5
2017 ж. 2 қаз.
Леуіліктер 16:22
2017 ж. 1 қаз.
Ғалаттықт. хат 5:22–23

Кешірім
Мойындау мен кешірім туралы 1 Жохан 1:9-ды зерттеу, сонымен қатар Құдайға рухпен және шындықпен ғибадат…

Құтқарылу
Сенушілер үшін Римдіктерге 8-ден он екі жігерлендіретін уәдені ашыңыз: айыптау жоқ, Киелі Рухтың күші…

Суицид
Суицид, мәңгілік қауіпсіздік және сенушінің Мәсіхтегі тағдыры туралы Киелі кітаптағы көзқарасты, тіпті терең…

Киелілік
Киелі кітаптың әулиелер туралы шынымен не үйрететінін біліңіз. Әрбір сенуші рухани суперқаһармандар ғана…

Рухани соғыс
Христиандарда сауыттың үш түрі бар. Құдайдың сауытының сенушілерді ібілістің айла-шарғысынан қалай…

Сенім
Жакыптың хатын зерттеңіз, бұл сөзді тек естушілер емес, орындаушылар болуға шақыратын ояту. Шынайы сенімнің…