Бір күні кешке қарай ол далаға шығып, ойға батып отырғанда, айналасына көз тастап, келе жатқан керуенді байқады.
Жаратылыстың баст. 24:63
Күнтізбе

Бір күні кешке қарай ол далаға шығып, ойға батып отырғанда, айналасына көз тастап, келе жатқан керуенді байқады.
Жаратылыстың баст. 24:63
Балалардың, кішкене бөбектердің Аузымен Өзіңді дәріптетесің. Дұшпандарыңа бола солай істейсің, Қас жауыңды, кекшілді үндетпейсің. Сенің қолыңнан шыққан аспаныңа, Өзің орнатқан ай мен жұлдыздарға Назар аударған әрбір уақытымда Мынадай сұрақтар туады ойымда:
Забур жырлары 8:3–4
Әулеті оның елде күшті болады, Иә, әділдің ұрпақтары жарылқанады,
Забур жырлары 111:2
Мынадай адам шынымен бақытты: Ол құдайсыздар кеңесіне бармайды, Күнәкарлар жолымен де жүрмейді, Мазақтаушылармен бірге отырмайды. Қайта, ол Жаратқанның тәліміне қуанады, Күні-түні сол туралы ойланады.
Забур жырлары 1:1–2
Осы Таурат заңы кітабында жазылғандардың бәрін сақтап, орындай алуың үшін оларды аузыңнан тастамай, күні-түні оқып, солар туралы ойланатын бол! Сонда ғана өркендеп табысты боласың.
Ешуа 1:8
Айыпсыз жанды атады тосқауылдан, Кенеттен тап береді қорықпастан. Зұлым ойларында бір-бірін қолдайды, Құпия тор құруды жоспарлайды, «Мұны кім көрер?» деп өздерін мақтайды.
Забур жырлары 63:5–6
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
2018 ж. 29 нау.
Матай 25:34
2018 ж. 28 нау.
Ешуа 1:18
2018 ж. 27 нау.
Нақыл сөздер 11:18
2018 ж. 26 нау.
Матай 2:14–15
2018 ж. 25 нау.
Еврейлерге 13:5–6
2018 ж. 24 нау.
Жаратылыстың баст. 15:6
2018 ж. 23 нау.
Аян 4:8
Жандану
Патша Жосияның жаңғыруынан сабақ алыңыз! Құдайдың ұмытылған Сөзін қабылдау біздің әлемімізді қалай өзгертіп…

Жүрек
Дәуітті Құдайдың жүрегіне ұқсас адам еткен оның жүрегінің қасиеттерін зерттеңіз. Оның тұтастығын…

Сенім
Киелі кітапта сенімдегі, қандағы және уәделердегі "қымбатты" дегеннің нені білдіретінін зерттеңіз. Сынақтар…

Ізгі хабар тарату
Пауылдың Құдай Сөзін қалай жеткізгенін көрсететін Елшілердің істері 17:1-12-дегі сегіз негізгі өрнекті…
Жаңа табиғат
Құтқарылу туралы төрт маңызды шындықты зерттеңіз: кешірім, жаңа табиғат, Киелі Рух және Құдаймен қауымдастық.

Бос әурешілік
Бұл мақала нарциссизм мен өзімшілдік күнәсін зерттейді, сенушілерді Құдай Сөзі арқылы Мәсіхтегі шынайы…