Ал кім кемелді тәлімге, яғни күнәнің құрсауынан азат ететін Ізгі хабарға, ұқыпты ден қойып, онысын ұдайы жалғастыра берсе, сол ұмытшақ тыңдаушы емес. Қайта, ол естігендерін жүзеге асырушы болып, іс-әрекетінде жарылқанбақ.
Жақып 1:25
Күнтізбе

Ал кім кемелді тәлімге, яғни күнәнің құрсауынан азат ететін Ізгі хабарға, ұқыпты ден қойып, онысын ұдайы жалғастыра берсе, сол ұмытшақ тыңдаушы емес. Қайта, ол естігендерін жүзеге асырушы болып, іс-әрекетінде жарылқанбақ.
Жақып 1:25
Сонда ақиқатты біле түсесіңдер, ал ақиқат сендерді азаттыққа жеткізеді. — Олар: — Біз Ыбырайымның ұрпағымыз, ешқашан да біреудің құлы болған емеспіз! Қалайша бізге «азаттыққа жетесіңдер» деп айта аласыз? — деді. Иса оларға былай деп жауап берді: — Сендерге өте маңызды шындықты айтамын: кім күнә жасаса, сол — күнәнің құлы.
Жохан 8:32–34
Сонымен егер Құдайдың рухани Ұлы сендерді азаттыққа жеткізсе, шынымен азат боласыңдар.
Жохан 8:36
Мәсіх бізді еркін өмір сүрсін деп азат етті. Енді табанды болып, құлдықтың қамытын қайта кимеңдер!
Ғалаттықт. хат 5:1
Бауырластар, Құдай сендерді еркіндікке шақырды. Бірақ еркіндікті күнәлі құмарлықтарыңды қанағаттандыру үшін теріс пайдаланбаңдар, қайта, бір-біріңе сүйіспеншілікпен қызмет етіңдер! Бүкіл Таурат заңын орындау мына бір бұйрыққа саяды: «Өзіңді қалай сүйсең, маңайыңдағы адамды да солай сүй!»
Ғалаттықт. хат 5:13–14
Күнәнің үстемдігінен босағанда әділдіктің «құлы» болдыңдар.
Римдіктерге 6:18
Мысалы, тұрмысқа шыққан әйел күйеуінің тірісінде оны тастап кетсе, бұнысы неке заңына қарсы. Бірақ күйеуі өлсе, әйел оған қосқан заңның ықпалынан босайды.
Римдіктерге 7:2
Себебі Иса Мәсіхпен тығыз байланыстырып, жаңа өмір сыйлаған Киелі Рух мені күнәлі құмарлық пен рухани өлімнің күштеуінен азат етті.
Римдіктерге 8:2
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
2018 ж. 9 жел.
Нақыл сөздер 21:3
2018 ж. 8 жел.
Ғалаттықт. хат 5:13
2018 ж. 7 жел.
Қорынттықт. 2-хат 5:21
2018 ж. 6 жел.
Філіпілікт. хат 2:13
2018 ж. 5 жел.
Забур жырлары 119:71
2018 ж. 4 жел.
Әйүп 28:12
2018 ж. 3 жел.
Әйүп 5:8

Құтқарылу
Римдіктерге 8 – Құдайдың жеңісі және біздің баталарымыз – Құдайдың жеңісі және біздің баталарымыз. Құдай…

Рухани соғыс
Қарға әлсіздерге шабуыл жасайтын Шайтанды бейнелейді, ал кукабурра Мәсіхтің Шайтанды жеңуін бейнелейді.

Мәңгілік өмір
Мәңгілік өмір жай ғана тіршілік емес, Мәсіхтегі Құдайлық өмір, Құдайды Әке ретінде танумен сипатталады. Оның…

Айқышқа керілу
Ол б.з.д. 1-ғасырдан бастап б.з. 4-ғасырына дейін жиі қолданылды. Римдіктер айқышқа керген адамдардың нақты…

Киелі кітапты зерттеу
Киелі кітаптың өзін рухани тағам, жетекші жарық және тазартатын айна сияқты метафоралар арқылы қалай…

Киелілік
Құдайдың қаһары Қасиетті әрекет Бұл – «Мейірім мен Ақиқат» журналы Құдайдың қаһары Мұнда қасиетті әрекет…