Сол себепті біз Құдайымызға сиынып, олардан қорғану үшін күні-түні қабырғаға қарауыл қойдық.
Нехемия 4:9
Күнтізбе

Сол себепті біз Құдайымызға сиынып, олардан қорғану үшін күні-түні қабырғаға қарауыл қойдық.
Нехемия 4:9
Азғырылмау үшін сергек болып, сиынып мінажат етіңдер! Рух дайын болғанмен, тән осал», — деді.
Матай 26:41
Әрдайым Құдайға сиынып, рухани сергек те шыдамды болып, шүкірлік ете беріңдер!
Қолостықт. хат 4:2
Құдай Өзіне сенуші сендерді құдіретті күшімен қорғап, заманның ақырында осы күнәкар дүниеден құтқаратын болады, сол кез жеткенде бұл айқын көрінбек. Қазір сендерге біраз уақыт азап шегіп, қуғын-сүргін көруге тура келгенмен, осы сөнбес үмітке қуаныңдар! Азап шегулеріңнің мақсаты — шын жүректен сенгендеріңді дәлелдеу. Жойылып кетуі мүмкін алтын отта балқытылған кезде сыналып, тазартылады. Сол сияқты, алтыннан әлдеқайда бағалы сенімдерің де бастан кешкен азаптарың арқылы сыналып, берік те шынайы екендігі дәлелденеді. Сонда Иса Мәсіхтің қайта оралып, ашық көрінетін күні Құдай сендерді мақтап, даңқ пен құрметке бөлемек.
Петір 1 5:7–9
Егер сендер айтқандарымды орындамасаңдар, несіне Мені «Мырза, Ие!» дейсіңдер?
Лұқа 6:46
Құдайдың айтқандарын құр естуші ғана болмай, оларды іске асырушы болыңдар! Әйтпесе өздеріңді-өздерің алдайсыңдар.
Жақып 1:22
Сонда Жаратқан Ие Мұсаға былай деп тіл қатты: — Неге айқайлап Мені шақырып тұрсың? Исраилдің үрім-бұтағына: «Алға қарай жылжи беріңдер!» деп бұйыр.
Мысырдан шығу 14:15
Еш нәрсені уайымдамай, барлық жағдайда өтініштеріңді Құдайға сиынып тілекпен және шүкірлікпен білдіріңдер! Сонда Құдайдың адам ақылынан асқан керемет тыныштығы сендердің жүректерің мен ой-саналарыңды Мәсіх Исада сақтайды.
Філіпілікт. хат 4:6–7
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
2019 ж. 15 шіл.
Матай 6:10
2019 ж. 14 шіл.
Матай 12:34
2019 ж. 13 шіл.
Таңдаулы ән 7:10
2019 ж. 12 шіл.
Мысырдан шығу 33:14
2019 ж. 11 шіл.
Еремия 15:20
2019 ж. 10 шіл.
Матай 10:24
2019 ж. 9 шіл.
Зәкәрия 3:4

Сенім
Еврейлерге 11-тараудың иман туралы ілімін және оның мәсіхшілерге көрінбейтін, мәңгілік шындықтарды түсінуге…

Сенім
Еврейлерге хаттағы «жақсырақ нәрселерді» ашыңыз: жақсырақ зат, ел, тірілу және Құдай сенушілер үшін…
Қасиетті Вечер
Иеміздің Кешкі Асын түсініңіз: Мәсіхтің ең жоғары құрбандығының қасиетті еске алуы, Пасхадан бастау алады…
Христология
Исаға арналған мадақ доксологиясын зерттеңіз: Оның өзгермейтін сүйіспеншілігі, күнәларымызды жуып-шаюы және…

Дін қызметі
Барлық христиандар қасиетті және патшалық діни қызметкер ретінде қызмет етеді. Құдайға рухани құрбандықтарды…
Ескертулер
Еврейлерге 4-тараудағы бағынбаушылық пен сенімсіздікке қарсы ескертуді зерттеңіз. Қатал жүректің Құдайдың…