Уа, Жаратқан Ие, Сен көкті жарып, жерге зымырап түссең екен, шіркін! Сенің алдыңда таулар шайқалар еді!
Ишая 64:1
Күнделікті Жарық
Уа, Жаратқан Ие, Сен көкті жарып, жерге зымырап түссең екен, шіркін! Сенің алдыңда таулар шайқалар еді!
Ишая 64:1
Уа, сүйіктім, маған жүгіріп келсең екен, Жұпар иісі аңқыған шөптер мол өскен Тауларда елік, жас бұғыдай секірсең!
Таңдаулы ән 8:14
Бірақ ол ғана емес, Құдайдың алғашқы сыйы ретінде Киелі Рухты қабылдаған біз де іштей ыңқылдай күрсіне отырып, Құдай бізді рухани баласы ретінде Өзіне алатын, осылай тәнімізді өткіншіліктен азат ететін күнді сағына күтудеміз.
Римдіктерге хат 8:23
Сенің керемет ұлы салтанатың Әрі ғажап істерің жайлы толғанамын.
Забур жырлары 144:5
«Уа, ғалилеялықтар! Неменеге бұл жерде аспанға қарап тұрсыңдар? Жаңа қастарыңнан көкке көтеріліп, Құдай қабылдаған Иса көз алдарыңнан көкке қалай кетсе, тура солай қайтып келеді», — деді.
Елшіл. істері 1:11
Сол секілді Мәсіх бір рет көптеген адамдардың күнәларын өз мойнына алып құрбан болды. Ол дүниеге қайта оралған кезде тағы да күнәнің құнын өтеу үшін емес, Өзін аңсап күтіп жүргендерді түгелдей құтқару үшін келеді.
Еврейлерге хат 9:28
Сол кезде адамдар былай дейтін болады: «Біліп алыңдар, Бұл — біздің Құдайымыз, Аңсап Оны Оған сенім артамыз, Ол — жаудың қолынан Құтқарушымыз, Біздің Иеміз һәм Жаратушымыз, Оны аңсап Оған сенім артамыз. Енді бәріміз қатты қуанамыз, Бізді құтқарғанына шаттанамыз!»
Ишая 25:9
Осының бәрін Растаушы былай дейді: — Бұл шындық, Мен жуырда келемін! Аумин! — Иеміз Иса, келе гөр!
Аян 22:20
Себебі біз керемет үмітіміздің іске асуын күтудеміз: ұлы Құдайымыз әрі Құтқарушымыз Иса Мәсіх зор салтанатпен көрінетін болады.
Титке хат 2:13
Алайда біздің отанымыз көкте, содан Құтқарушымызды — Иеміз Иса Мәсіхті сағына күтеміз.
Філіпілікт. хат 3:20
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
2025 ж. 28 шіл.
Ephesians 5:2
2025 ж. 27 шіл.
2 Corinthians 4:4
2025 ж. 26 шіл.
Hebrews 11:8
2025 ж. 25 шіл.
1 John 3:14
2025 ж. 24 шіл.
Romans 12:12
2025 ж. 23 шіл.
1 Corinthians 15:24
2025 ж. 22 шіл.
Romans 6:10