2025 ж. 30 шілде, сәрсенбі

Күнделікті Жарық

2025 ж. 30 шіл.

Сонымен, Мәсіх өлімнен қайта тірілгенде сендер Онымен бірге рухани тірілдіңдер. Сондықтан көкке лайықты қасиеттерді иемденуге ұмтылыңдар! Өйткені Мәсіх көкте, Құдайдың оң жағында отыр.

Қолостықт. хат 3:1

Парасатқа ие болып, даналыққа кенелгін, Сөздерімді ұмытып, бас тартып жүрмегін.

Нақыл сөздер 4:5

Көктен келген даналық адамды ең алдымен пәк таза қылады, содан кейін оны ынтымақшыл, төзімді, ымырашыл, қайырым мен игі істер жасағыш, ешкімді алаламайтын әділ қылып, екіжүзділіктен арылтады.

Жақыптың хаты 3:17

Терең тұңғиық: «Ол менде емес!» дейді, Теңіз де: «Менде ол жоқ!» деп мәлімдейді.

Әйүп 28:14

Демек, Мәсіхпен тығыз байланысқанда біздер Онымен бірге рухани «өліп, жерлендік». Сонымен, Құдай Әке Өзінің ұлы құдіретінің арқасында Мәсіхті өлімнен қайта тірілтіп, жаңа өмір бергендей, біз де енді жаңаша өмір сүруіміз керек! Себебі біз осылай рухани тұрғыдан Мәсіхпен бірге «өліп», күнәлі өмір салтымыздан біржола бас тартқан болсақ, енді өлімнен қайта тірілген Мәсіхпен тығыз байланыста тұрып жаңаша өмір сүрейік!

Римдіктерге хат 6:4-5

Осылай өз сенімдерін айқын паш еткен қалың көпшілік бізді жарыстағы жанкүйерлердей қоршап тұр. Сондықтан да бізге бөгет болатынның барлығынан, әсіресе, тез шырмап алатын әрбір күнәдан арылып, алдымыздағы «жарысты» қажырлылықпен аяқтайық!

Еврейлерге хат 12:1

Алайда рақымы мол Құдай бізге зор сүйіспеншілігін көрсетті: Оның айтқанына көнбей, рухани өлі болған бізді Құдай Мәсіхпен бірге тірілтіп алды. Осылайша тек Оның рақымымен ғана құтқарылдыңдар. Құдай Мәсіх Исамен тығыз байланыстағы бізді Онымен бірге тірілтіп, көкте Оның жанына отырғызды.

Ефестікт. хат 2:4-6

Осылай айтқандар өздерінің шынайы отандарын көздеп жүргендерін білдіреді.

Еврейлерге хат 11:14

Жиналып, Жаратқан Иеге бет бұрып сиыныңдар, уа, елдегі кішіпейіл әрі Оның еркін орындаушы жандар! Оған мойынсұнып әділдік үшін ұмтылыңдар! Мүмкін, сол күні Жаратқан Иенің қаһарынан аман сақталып қаларсыңдар.

Софония 2:3

ЖИ көмегімен аударылған, Киелі кітап дәйексөздері де соның ішінде — кез келген сілтемені ашып, Киелі кітап аудармасынан оқыңыз.

Kieli Kitap © Orta Asia Baspasy, 1993, 1996, 2000, 2010, 2025

Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).

Соңғы күндер