Жаратқан Ие: — Мен халқымның Мысырда шеккен жәбіріне назар аударып, олардың айдаушыларынан қаналып, қинала айқайлағандарына құлақ салып келемін; олардың көрген азаптарын түгел білемін.
Мысырдан шығу 3:7
Күнделікті Жарық
Жаратқан Ие: — Мен халқымның Мысырда шеккен жәбіріне назар аударып, олардың айдаушыларынан қаналып, қинала айқайлағандарына құлақ салып келемін; олардың көрген азаптарын түгел білемін.
Мысырдан шығу 3:7
Оны адамдар менсінбей, жалғыз қалдырды. Ол ауыр азап көріп, көп қасірет шегіп, жұрт бетін бұрып әкететіндей жиренішті болды. Оны біз де бағалаған жоқпыз.
Ишая 53:3
Ол бізге жаны ашымайтын, осал жақтарымызды түсінбейтін діни қызметкер емес, қайта, өзіміз сияқты әр түрлі сынақтан өтіп көрді, бірақ ешқашан күнә жасаған жоқ.
Еврейлерге хат 4:15
Осылай Ишая пайғамбардың: Ол «біздің қасіретімізді Өзіне алды, біздің ауруларымызды өз мойнымен көтерді» деп алдын ала айтқаны жүзеге асты.
Матай 8:17
Сол жерде «Жақыптың құдығы» бар еді. Жол жүріп шаршаған Иса құдықтың қасына отыра кетті. Түс мезгілі болатын,
Жохан 4:6
Мәриямның және оған ерген яһудилердің қайғырып жылағандарын көргенде, Иса іштей қатты қобалжып, қайғырып, толқып кетті.
Жохан 11:33
Иса көзіне жас алды.
Жохан 11:35
Өзі азап шегіп ауыр сынаққа төзген Ол сынақтан өтіп жатқан бізге де көмектесе алады.
Еврейлерге хат 2:18
Жаратқан Ие көкте орнатты өз тағын, Оның Патшалығы билейді барлығын. Уа, Иеміздің сөзіне құлақ салатын, Оның айтқанын іске асыратын, Құдіреті күшті періштелері, Жаратқан Иеге мақтау айтыңдар!
Забур жырлары 102:19-20
Құдай жүретін жолымды жақсы біледі. Ол мені сынап тексергенде, алтын сияқты таза болып шыға келемін.
Әйүп 23:10
Дұшпаным өкшелеп қуғындайды, Жерге жығып жанымды таптайды, Мені көрде жатқан сүйектей етті, Түнекте тұруға мәжбүрледі.
Забур жырлары 142:3
Себебі бір даңқты кезеңнен кейін Әлемнің Иесі мені өздеріңді тонаған халықтарға жіберіп, мынаны айтты: «Кім сендерге тиіссе, соның Менің көзімнің қарашығына тиіскені!
Зәкәрия 2:8
Олар азап шеккен кездің бәрінде Жаратқан Ие бірге азап шекті, Өзінің қасындағы періштесі Таңдаған халқын қорғап-қоршап жүрді. Құдайымыз сүйіспеншілігімен Және мол қайырымдылығымен Халқын құтқарып алып, бүкіл өткен Заманда Қамқоршысы болып келген.
Ишая 63:9
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
2025 ж. 23 там.
Jeremiah 31:3
2025 ж. 22 там.
Romans 14:7-8
2025 ж. 21 там.
Psalms 119:57
2025 ж. 20 там.
Numbers 23:19
2025 ж. 19 там.
1 Peter 1:15
2025 ж. 18 там.
Deuteronomy 3:24
2025 ж. 17 там.
James 5:16