Ал Иеміз Иса: — Әй, Марта, Марта-ай, сен көп нәрсенің қамын ойлап, уайымдайсың.
Лұқа 10:41
Күнделікті Жарық
Ал Иеміз Иса: — Әй, Марта, Марта-ай, сен көп нәрсенің қамын ойлап, уайымдайсың.
Лұқа 10:41
Қарғаларға назар салыңдаршы: олар егін екпейді де, оны ормайды да, ешқандай қоймалары мен қамбалары да жоқ, бірақ Құдай оларды асырайды. Ал сендер құстардан қаншама артықсыңдар!
Лұқа 12:24
Қызғалдақтардың қалай өсіп тұрғанына көңіл бөліңдерші: олар еңбек те етпейді, жіп те иірмейді. Сендерге былай деймін: тіпті Сүлеймен патша өзінің бар сән-салтанатында сол гүлдердің біріндей әдемі киінбеген.
Лұқа 12:27
Сондықтан не ішіп-жейміз деп ойлап уайымға салынбаңдар! Осы күнәкар дүниенің адамдары сондай нәрселердің бәріне ие болуға тынымсыз ұмтылуда. Ал бұлардың сендерге қажет екенін көктегі Әкелерің біледі ғой.
Лұқа 12:29-30
But having food and clothing, we will be content with that. But those who are determined to be rich fall into a temptation and a snare and many foolish and harmful lusts, such as drown men in ruin and destruction. For the love of money is a root of all kinds of evil. Some have been led astray from the faith in their greed, and have pierced themselves through with many sorrows.
1 Timothy 6:8-10
алайда бұ дүниелік тұрмыс қамын ойлап абыржып, байлыққа алданады. Өзге нәрселерге деген құмарлықтар да бойларына сіңеді. Сондықтан Ізгі хабар оларда ескерусіз қалып тұншығып, өнім бермейді.
Марқа 4:19
Осылай өз сенімдерін айқын паш еткен қалың көпшілік бізді жарыстағы жанкүйерлердей қоршап тұр. Сондықтан да бізге бөгет болатынның барлығынан, әсіресе, тез шырмап алатын әрбір күнәдан арылып, алдымыздағы «жарысты» қажырлылықпен аяқтайық!
Еврейлерге хат 12:1
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
2026 ж. 13 мау.
John 15:4
2026 ж. 12 мау.
Numbers 31:23
2026 ж. 11 мау.
Luke 15:20
2026 ж. 10 мау.
Luke 15:13
2026 ж. 9 мау.
John 7:46
2026 ж. 8 мау.
Genesis 39:3
2026 ж. 7 мау.
Luke 18:1