2006 ж. 21 қаз.
Күнделікті нұр, 22 қазан: Уа, Құдай, жүрегім Саған сенімді
Күнделікті нұр
Уа, Құдай, жүрегім Саған сенімді.
Забур жырлары 107:2
(Дәуіттің жыры.) Жаратқан — нұрым менің, құтқарушым да, Кімнен мен қорқамын солай болғанда? Жаратқан — өмірімнің берік қорғаны да, Кімнен үрейленемін солай болғанда?
Забур жырлары 26:1
Әрдайым ойын Саған бағыттаған Әрі сенімін бір Өзіңе артқан Жанды сақтайсың Сен тыныш, аман.
Ишая 26:3
Сондай адам қауесеттен қорықпайды, Жаратқанға сеніп жүрегі қобалжымайды, Қайта, жүрегі нық, үрейленбейді, Соңында жаулардың жеңілісін көреді.
Забур жырлары 111:7–8
Қорыққанда Саған артам сенімімді.
Забур жырлары 55:4
Өйткені менің басыма күн туғанда Ол тасалайды мені тұрағында, Жасырады өз құпия орнында, Аман сақтайды биік тау құзында. Сонда қоршаған жауымнан биік тұрамын, Иемнің киелі үйінде шаттанамын, Қуана Оған сый-тартулар бағыштаймын, Ән-жырымды Жаратқан Иеге арнаймын.
Забур жырлары 26:5–6
Ал барлық рақымның бастауы, Құдай, біразырақ уақыт азап шегіп жатқан сендерді қайтадан жетілдіріп, нығайтып, қуатты да табанды етпек. Себебі Ол Мәсіх Иса арқылы сендерді Өзінің салтанатты ұлылығын мәңгі бөлісуге шақырды. Оның билігі мәңгілік бола берсін!
Петірдің 1-хаты 5:10–11
Жаратқан Ие көкте орнатты өз тағын, Оның Патшалығы билейді барлығын.
Забур жырлары 102:19
Лақтырған жеребең алдыңа түсер, Оның шешімін Жаратқан Ие берер.
Нақыл сөздер 16:33
Жаратқан Ие жібермесе, қала апатқа ұшырай ма?
Амос 3:6
Мен Жаратқан Иемін, жалғыз Құдаймын, Менен өзге құдай жоқ! Өзімді білмесең де, Мен сені күшті қыламын. Шығыстан батысқа дейінгі аралықтағы адамдардың бәрі Менен өзге бірде-бір құдай жоқ екеніне көз жеткізсін! Мен Жаратқан Иемін, жалғыз Құдаймын. Жарықты да, қараңғылықты да Мен жараттым, не амандық орнатып, не апат жіберемін. Мен, Жаратқан Ие, мұның бәрін істеймін.
Ишая 45:5–7
Ол көктегі періштелер топтарына да, жердегі адамдарға да Өзінің еркіне сай әрекет етеді. Оның құдіретті қолын тоқтатып, Оны: «Не істеп отырсың?» деп сынай алатын ешкім де жоқ.
Даниял 4:32
Бізге кім қарсы шыға алады?!
Римдіктерге хат 8:31
Құдай «барлық жауларын Оның табанының астына салып бергенше», Мәсіх билік жүргізуге тиіс.
Қорынттықт. 1-хат 15:25
Шағын қауым, қорықпа! Көктегі Әкең Патшалықты сендерге тапсыруға ризалық еткен.
Лұқа 12:32
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2006 ж. 20 қаз.
Римдіктерге хат 7:22 · Забур жырлары 119:97
2006 ж. 19 қаз.
Нақыл сөздер 3:26 · Забур жырлары 76:10
2006 ж. 18 қаз.
Жохан 19:34 · Мысырдан шығу 24:8
2006 ж. 17 қаз.
Забур жырлары 89:16 · Ишая 45:24–25
2006 ж. 16 қаз.
Римдіктерге хат 12:11 · Уағыздаушы 9:10
2006 ж. 15 қаз.
Забур жырлары 59:9 · Патшалықтар 2-ж. 22:2–3





