2009 ж. 20 қаң.
Күнделікті нұр
Бірақ рухани жеміс бермейтін әр «сабақты» Әкем кесіп тастайды, ал өнім беретіндерін молырақ берсін деп тазартады.
Жохан 15:2
Себебі Ол күмісті балқытып тазалайтын зергердің оты әрі мата ағартушының сілтісі сияқты әрекет етпек. Сонда Ол күмісті балқытып, қоқысынан айырып тазартатын зергер іспетті леуіліктерді алтын-күмістей тазартып, зұлымдық атаулыдан арылтады. Содан кейін олар қайтадан Жаратқан Иеге арнап таза сый-тартулар ұсына алады.
Малахи 3:2–3
Шаттана аламыз. Себебі азаптың бізге шыдамды болуды үйренуге көмектесетінін білеміз. Шыдамдылықтан сенімділік туады, ал сенімділік бізге үміт береді. Бұл үміт алдамшы қиял емес, өйткені бізге сыйлаған Киелі Рухы арқылы Құдай жүрегімізді Өзінің сүйіспеншілігіне кенелтті.
Римдіктерге хат 5:3–5
Көріп жатқан азаптарыңа тәрбие ретінде шыдаңдар. Құдай сендерге рухани баласына қарағандай қарайды. Әкесі түзетпейтін бала бола ма? Барлық сенушілер де соны бастарынан өткізеді. Егер сендер осылай тәрбиеленбесеңдер, онда Оның шынайы рухани балалары болмағандарың. Кезінде әрбір жаза қуаныш емес, реніш туғызады. Ал соны басынан өткізіп тәрбиеленгенге ол кейінірек әділдік пен тыныштықтың игілікті жемісін береді. Сонымен салдырап, дәрменсіз қалған аяқ-қолдарыңның буындарын бекітіп, еңселеріңді көтеріңдер!
Еврейлерге хат 12:7–8, 11–12
Бұдан былай өркөкіректерді жарылқанған деп есептейміз.
Малахи 3:15
Себебі Киелі Құдай деп аталған, мәңгі тірі дәріптелген Алла Тағала мынаны да айтады: «Мен көктегі киелі мекенімде тұрамын. Сондай-ақ күйреп, күнәсіне шын көңілден өкінген кішіпейіл жанның қасында да боламын. Оны қайтадан рухтандырып, жаралы жүрегін сауықтырамын.
Ишая 57:15
Асқақпен олжа бөліскенше, Кедеймен кішіпейіл болған артық.
Нақыл сөздер 16:19
— Құдай алдында құр алақан тұрғандар бақытты: Құдайдың Патшалығы сондайларға арналған!
Матай 5:3
Жаратқан Ие мына алтауды жақтырмайды, Тіпті жетеуді жаны мүлдем жаратпайды: Тәкаппар көз бен өтірікші тіл.
Нақыл сөздер 6:16–17
Жаратқан Иеге жексұрын — жүрегі паңдар.
Нақыл сөздер 16:5
Уа, Құдай, жүрегімнің түкпірлерін тексере гөр, Мені мазалаған ойларымды біле гөр, Қауіпті жолдамын ба, сынай көрсеңші, Мәңгілік өмір жолымен мені жүргізсеңші!
Забур жырлары 138:23–24
Сендерге Құдай Әкеміз бен Иеміз Иса Мәсіх рақымын жаудырып, тыныштық сыйлай көрсін! Сендерді еске алған сайын Құдайға ризашылық білдіріп.
Філіпілікт. хат 1:2–3
Кішіпейіл жандар бақытты: олар жерді иемденетін болады!
Матай 5:5
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2009 ж. 20 қаң.
2009 ж. 19 қаң.
2009 ж. 18 қаң.
2009 ж. 17 қаң.
2009 ж. 16 қаң.
2009 ж. 15 қаң.
2009 ж. 14 қаң.

Иса Мәсіх
Христиандар Исаны тек жақсы адам деп айтатын типтік христиан еместерге осы логиканы ұсынуы керек. Көптеген…
Әке Құдай
Исаның Оны ашқанынан бастап, сенушілердің Мәсіх арқылы Оның балалары болуына дейін, Киелі кітаптың Әке Құдай…

Мейірімділік
Жақсы Самариялық туралы астарлы әңгіме Құдайдың өліп бара жатқан күнәкарларға деген мейірімділігін көрсетеді…

Иса Мәсіх
Исаның Киелі жазбадан қаншалықты жиі дәйексөз келтіргенін және оның қызметіне терең әсерін біліңіз. Құдай…

Эсхатология
Иса Мәсіхтің қайтып келуіне қатысты Інжіл пайғамбарлықтары мен уәделерін, Оның алғашқы келуінен бастап…

Жүрек
Дәуітті Құдайдың жүрегіне ұқсас адам еткен оның жүрегінің қасиеттерін зерттеңіз. Оның тұтастығын…