2009 ж. 16 қыр.
Күнделікті нұр
Ол майысқан таяқты сындырмайды.
Матай 12:20
Ал Құдайға ұнамды сый, құрбандық — Күнәсіне шынымен өкінген рух. Шын опық жеп, бағынған жүрекке Сен Теріс қарамайсың, уа, Құдай Ием.
Забур жырлары 50:19
Жаралы жүректерді сауықтырар, Қайғы-қасіреттерін Ол жұбатар.
Забур жырлары 146:3
Себебі Киелі Құдай деп аталған, мәңгі тірі дәріптелген Алла Тағала мынаны да айтады: «Мен көктегі киелі мекенімде тұрамын. Сондай-ақ күйреп, күнәсіне шын көңілден өкінген кішіпейіл жанның қасында да боламын. Оны қайтадан рухтандырып, жаралы жүрегін сауықтырамын. Мен сондайларға мәңгі бақи ашуланбаймын, айып та тақпаймын. Әйтпесе адамның жаны алдымда әлсіреп, Өзім өмір лебін үрлеп жаратқан пенде құрып, жоқ болар еді.
Ишая 57:15–16
Мен жоғалғандарын іздеп, адасқандарын қайтарып алып келетін боламын. Мертіккендерін байлап-таңып, әлсіздерін күшейтемін. Бірақ қоңдылары мен қуаттыларын бақылап.
Езекиел 34:16
Сонымен салдырап, дәрменсіз қалған аяқ-қолдарыңның буындарын бекітіп, еңселеріңді көтеріңдер! Рухани жағынан әлсіреген бауырластарыңның адаспай, қайта, сауығып кетулері үшін түзу жолмен аяқтарыңды нық басып жүріңдер!
Еврейлерге хат 12:12–13
Сендер сиынатын Құдай жауларыңды өздері жасаған қылмыстары үшін жазалауға келеді. ... Құдай сендерді құтқаруға келе жатыр!
Ишая 35:4
Жаратқанның ізгілігіне көз жеткізіңдер, Қандай бақытты Оған сенімін жүктегендер!
Забур жырлары 33:9
Асаба шарапқа айналған әлгі суды татып көрді. Бірақ асаба оның қайдан екенін білген жоқ ... «Әркім алдымен жақсы шарабын құяды, қонақтар қызып алған кезде оның төмендеу түрін береді. Ал сен ең жақсысын осы уақытқа дейін сақтап қойыпсың!» — деді.
Жохан 2:9–10
Өйткені тілдің тамақтың дәмін ажырататыны сияқты, адамның құлағы да сөздерді тексеріп ажыратады.
Әйүп 34:3
Содан мынаны айттым деп жазылған. Осындай сенімді Құдайға біз де жүктейміз.
Қорынттықт. 2-хат 4:13
Себебі Кімге сенім артқанымды білемін.
Тімотеге 2-хат 1:12
Саясында оның отыра берсем екен, Жемісі тәтті, ләззат табамын мен.
Таңдаулы ән 2:3
Сабырлылығын және шыдамдылығын менсінбейсің бе?
Римдіктерге хат 2:4
Ол Өзінің жалғыз рухани Ұлын аямай, Оны біз үшін өлімге қиды. Ендеше Онымен бірге бізге қажеттінің бәрін қалайша сыйламайды?
Римдіктерге хат 8:32
Жаңа туған сәбидің сүтке шөліркегеніндей, әрдайым Құдай сөзінің «таза сүтіне» құштар болыңдар. Содан нәр алғанда рухани өсіп, күнәнің құлдығынан толығырақ құтқарыла аласыңдар. Себебі «Иеміздің қандай ізгі екенін» өздерің біліп алдыңдар.
Петірдің 1-хаты 2:2–3
Өзіңе үміт артқандар шаттансын, Лайым қуана мадақтап ән салсын.
Забур жырлары 5:12
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2009 ж. 16 қыр.
2009 ж. 15 қыр.
2009 ж. 14 қыр.
2009 ж. 13 қыр.
2009 ж. 12 қыр.
2009 ж. 11 қыр.
2009 ж. 10 қыр.
Құдайдың қасиеттері
Жаратылыстан бастап Мәсіхтің келуіне дейін Құдайдың ізгілігін Киелі кітап арқылы зерттеңіз. Оның ізгілігін…
Мәңгілік
Мәңгілік ұғымын Құдайға, Мәсіхтің етке айналуына және жоғалғандар мен құтқарылғандардың мәңгілік тағдырларына…
Жақсылық
Мәсіхтің рақымының зерттелмейтін байлықтарын, Құдайдың мұрасының даңқын және тәубеге және құтқарылуға…
Емдеу
Исаның ғажайып емдеулері мен қазіргі заманғы Құдайлық емдеу туралы мәлімдемелер арасындағы айырмашылықтарды…
Қайғы
Өмірдің ауыртпалықтарымен қалай күресуге және Құдайдың күшіне, жұбанышына және Оның Сөзінің күшіне сүйене…

Құдайдың қасиеттері
Құдайдың қасиеттілігінің табиғатын, сенушінің Мәсіхтегі позициялық қасиеттілігін және киелену арқылы іс…