2009 ж. 8 қар.
Күнделікті нұр
Адал кісіңе мынадай сөз айтқан едің: «Мен жауынгер адамға күш-қуат дарыттым, Халықтан оны таңдап ап, жоғарылаттым.
Забур жырлары 88:20
Мен Жаратқан Иемін, Менен басқа Құтқарушы жоқ!
Ишая 43:11
Біреу-ақ, Құдай мен адамдар арасын Келістіруші де Біреу, Ол — адам (болып дүниеге келген) Иса Мәсіх.
Тімотеге 1-хат 2:5
Аспан астында бізді құтқаратын басқа ешкімнің есімі адамдарға бұйырылмаған!
Елшіл. істері 4:12
Тыныштықты сыйлайтын Әмірші.
Ишая 9:6
Қайта, Өз құдіреті мен салтанатты ұлылығынан Бас тартып, қабылдады құлдың сиқын: Ол адам секілді бұ дүниеге келді, Әрі кәдімгі адамға ұқсап көрінді. Өзін төмен тұтып, Құдайға мойынсұнды, Өлімге, тіпті айқыштағы өлімге бойсұнды. Сондықтан да Құдай Оны көкке көтерді, Оның мәртебесін бәрінен де биіктетті, Оған бар есімнен жоғары Атақты сыйлап берді.
Філіпілікт. хат 2:7–9
Бірақ Исаның азапты өлім шеккені үшін Патша ретінде ғаламат салтанат пен құрметке бөленгенін көреміз. Ол біраз уақыт періштелерден төмен болып, Құдайдың рақымының арқасында күллі адамзат үшін жанын қиды.
Еврейлерге хат 2:9
Тәңір Иенің рухани балалары ет пен сүйектен жаралғандықтан, Иса да ет пен сүйектен тұратын тәнді қабылдады.
Еврейлерге хат 2:14
«Қасыма жинаңдар Менің сенімді халқымды, Құрбандық шалып Өзіммен Келісім жасағандарды!»
Забур жырлары 49:5
Сол секілді Мәсіх бір рет көптеген адамдардың күнәларын өз мойнына алып құрбан болды. Ол дүниеге қайта оралған кезде тағы да күнәнің құнын өтеу үшін емес, Өзін аңсап күтіп жүргендерді түгелдей құтқару үшін келеді.
Еврейлерге хат 9:28
Сол себептен де Мәсіх Жаңа Келісімнің негізін салушы! ... Сондықтан енді Құдай шақырғандар Оның уәде еткен мәңгілік жарылқауына ие болады.
Еврейлерге хат 9:15
Әке, Маған тапсырған адамдарыңның Өзім болатын жерде болуларын және Өзің Маған сыйлаған салтанатты ұлылығымды көрулерін қалаймын.
Жохан 17:24
Мен періштелерімді жіберіп, әлемнің о шетінен бұ шетіне дейін, дүниенің төрт бұрышынан Өзімнің таңдап алған адамдарымды жинап әкелетін боламын.
Марқа 13:27
Тіпті жердің қиыр шеттеріне аластатылған болсаңдар да, Құдай Иеміз сендерді сол жақтан да жинап.
Заңды қайталау 30:4
Сонда ең алдымен Мәсіхке сеніп бұ дүниеден кеткендер қайта тіріледі. Тірі жүрген біз мұнан соң солармен бірге Иемізбен кездесу үшін бұлттың үстімен көкке көтерілеміз. Содан мәңгі бақи Иемізбен бірге боламыз.
Салониқал. 1-хат 4:16–17
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2009 ж. 8 қар.
2009 ж. 7 қар.
2009 ж. 6 қар.
2009 ж. 5 қар.
2009 ж. 4 қар.
2009 ж. 3 қар.
2009 ж. 2 қар.

Құтқарылу
Күнәнің жазасы мен күшінен құтқарудан бастап, оның болуынан болашақ құтқаруға дейінгі құтқарудың жан-жақты…

Иса Мәсіх
Иса Мәсіхтің Құдайдың мәңгілік Ұлы, Әкемен тең және ғаламның Жаратушысы ретіндегі толық құдайлығына қатысты…

Жаратылыш
Құдай аспан мен жерді жаратты, және Құдай: «Сулардың ортасында кеңістік болсын» деді (1:20-тармақ) Құдай…

Мәсіхшілік өмір
Рождество әндері арқылы Рождествоның шынайы мағынасын ашыңыз, Иса Мәсіх арқылы Құдаймен татуласудан келетін…

Мәңгілік қауіпсіздік
Иса Мәсіхке сенушілер үшін мәңгілік қауіпсіздіктің киелі жазбалық кепілдігін ашыңыз. Құтқарылуды алғаннан…

Бейбітшілік
Шынайы тыныштықтың тек Иса Мәсіхте қалай табылатынын біліңіз. Құтқарылу арқылы Құдаймен тыныштық және Оның…