2009 ж. 4 қар.
Күнделікті нұр
Өзің ең таңдаулы хош иісті мына нәрселерді ... Киелі шатырдағы қызметке кіріскен кезде адамдар мен заттарға май жағу рәсімін жасау үшін арнайы шеберлер бұл заттарды келіде түйіп, араластырып, хош иісті май қоспасын дайындасын.
Мысырдан шығу 30:23, 25
Осы хош иісті май қоспасын басқа адамдардың денесіне жағуға да, өздеріңе қолдану үшін сондай құрамдағы қоспаны жасауға да болмайды. Ол тек Маған ғана арналған, оны киелі деп санаңдар!
Мысырдан шығу 30:32
Құдайдың Рухы да Біреу.
Ефестікт. хат 4:4
Алуан түрлі дарындар бар, бірақ оларды сыйлайтын Киелі Рух Біреу-ақ.
Қорынттықт. 1-хат 12:4
Өз Құдайың сенің, Өзіңді тағайындап, сыйлады саған Серіктеріңнен гөрі шаттықты молынан.
Забур жырлары 44:8
Құдай Өзінің Киелі Рухы мен құдіретін назареттік Исаға дарытты. Ол игі істер жасап.
Елшіл. істері 10:38
Өйткені Құдай Оған Киелі Рухын шексіз береді.
Жохан 3:34
Оның шексіз рақымынан бәріміз молынан жарылқанып келеміз.
Жохан 1:16
Өйткені қажеттілердің бәрін де Киелі Рух үйретеді. Оның сендерге үйреткендері еш өтіріксіз, шынайы, сондықтан Киелі Рухтың үйреткені бойынша әрекет ете беріңдер.
Жоханның 1-хаты 2:27
Тағайындаған — Құдайдың Өзі: Ол бізге өз иелігінің «таңбасын басып», берген уәделерінің орындалуының кепілі ретінде Киелі Рухын жүректерімізге орнықтырды.
Қорынттықт. 2-хат 1:21–22
Ал Киелі Рух өмірлеріңде жетілдіретін игілікті «жеміс» мынадай: сүйіспеншілік, қуаныш, тыныштық, шыдамдылық, қайырымдылық, кеңпейілділік, сенімділік, ілтипаттылық, ұстамдылық. Ешбір заң бұларға қарсы тұрмайды.
Ғалаттықт. хат 5:22–23
Себебі дүниенің қазіргі қалпы жуырда сап болып, жойылады.
Қорынттықт. 1-хат 7:31
Мәтусал барлығы тоғыз жүз алпыс тоғыз жыл өмір сүріп, дүниеден өтті.
Жаратылыстың баст. 5:27
Қарапайым бауырластарың Құдай алдындағы жоғары дәрежесімен, ал бай адам қарапайым дәрежесімен мақтансын. Өйткені пенде шөп арасындағы жабайы гүл іспетті бірден құрып кетпек. Күн шығып, аптап ыстық басқанда шөп қурап, гүл де солып, бар сұлулығынан айырылады. Дәл солай, бай адам да бұ дүниедегі іс-әрекетімен шұғылданып жүргенде-ақ қалжырап, құрып кетпек.
Жақыптың хаты 1:9–11
Өмірлерің неге ұқсас? Ол әншейін аз уақытқа көрініп, кейін ғайып болатын бу іспетті емес пе?
Жақыптың хаты 4:14
Осы дүние мен оның ләззаты өткінші, ал Құдайдың еркін орындаушылар мәңгі өмір сүреді.
Жоханның 1-хаты 2:17
Көрсете гөр, Ием, ғұмырымның соңын, Көрер күндерімнің бүкіл санын, Өмірімнің өткіншілігін ұғайын.
Забур жырлары 38:5
Жұрт «Бәрі тыныш, қауіпсіз» деп жүргенде, апат аяғы ауыр әйелдің толғағындай табан астынан болады. Сонда ешкім қашып құтыла алмайды. Бірақ сендер, бауырластарымыз, түнекте тұрмай, сол күні ұры түскендей қапыда қалмайсыңдар.
Салониқал. 1-хат 5:3–4
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2009 ж. 4 қар.
2009 ж. 3 қар.
2009 ж. 2 қар.
2009 ж. 1 қар.
2009 ж. 31 қаз.
2009 ж. 30 қаз.
2009 ж. 29 қаз.

Мәңгілік қауіпсіздік
Иса Мәсіхке сенушілер үшін мәңгілік қауіпсіздіктің киелі жазбалық кепілдігін ашыңыз. Құтқарылуды алғаннан…

Сенім
Киелі кітапта сенімдегі, қандағы және уәделердегі "қымбатты" дегеннің нені білдіретінін зерттеңіз. Сынақтар…

Киелілік
Құдайдың қаһары Қасиетті әрекет Бұл – «Мейірім мен Ақиқат» журналы Құдайдың қаһары Мұнда қасиетті әрекет…

Қайта тірілу
Қайта тірілген Мәсіхтің өз шәкірттеріне қалай көрінгенін, тыныштық әкелгенін және олардың Киелі жазбаларды…

Иса Мәсіх
Исаның Киелі жазбадан қаншалықты жиі дәйексөз келтіргенін және оның қызметіне терең әсерін біліңіз. Құдай…

Рухани соғыс
Құдайдың дауысын шайтанның өтіріктерінен Киелі кітаптың шындығымен салыстыру арқылы қалай ажырату керектігін…