2009 ж. 5 қар.
Күнделікті нұр
Өмірлеріңнің бірден-бір бастауы мен мақсаты — Мәсіх. Ол жер бетінде қайтадан көрінген кезде сендер де Онымен бірге салтанатты ұлылықпен көрінесіңдер.
Қолостықт. хат 3:4
Қайта тірілу мен шынайы өмір — Менмін. Маған сенетін адам өлсе де, шынайы өмір сүретін болады.
Жохан 11:25
Құдай бізге мәңгілік өмір сыйлады. Осы өмір Оның рухани Ұлында: Құдайдың рухани Ұлымен байланысы бар адам шынайы өмірге ие, ал Онымен байланысы жоқта шынайы өмір де жоқ.
Жоханның 1-хаты 5:11–12
Өйткені Иеміздің Өзі көктен түсіп, бұйрық береді, әрі бас періште шақырып, Құдайдың кернейі қатты дауыстайды. Сонда ең алдымен Мәсіхке сеніп бұ дүниеден кеткендер қайта тіріледі. Тірі жүрген біз мұнан соң солармен бірге Иемізбен кездесу үшін бұлттың үстімен көкке көтерілеміз. Содан мәңгі бақи Иемізбен бірге боламыз. Бір-біріңді осы сөзбен жұбатыңдар!
Салониқал. 1-хат 4:16–18
Алайда Мәсіх қайтып келгенде Оған ұқсайтынымызды білеміз. Себебі сол кезде Оның шынымен қандай екенін көретін боламыз.
Жоханның 1-хаты 3:2
Жерленіп, дене қор болады, ал кейін салтанатпен тіріледі. Әлсіз тән жерленеді, күшті болып қайта тіріледі.
Қорынттықт. 1-хат 15:43
Барып, дайындап болғаннан кейін қайтып келіп, Өзім болатын жерде сендерді де болсын деп қасыма алып кетемін.
Жохан 14:3
Шындығыңа сай бағыттап, нұсқай гөр.
Забур жырлары 24:5
Алайда шындықты білдіретін Құдай Рухы келгеннен кейін сендерді бар шындыққа жеткізеді.
Жохан 16:13
Киелі Құдай сендерге Өзінің Рухын қондырғандықтан барлығын ажырата білесіңдер.
Жоханның 1-хаты 2:20
Қайта, Жаратқан Иенің білдірген тәлімдері мен ескертулеріне көңіл бөліп, соларға сүйеніңдер!» — Егер халық осы хабарларыма сай сөйлемесе, онда оларға атар таң жоқ.
Ишая 8:20
Киелі жазбалардың бәрі Құдай Рухының жетелеуімен жазылған. Олар тәлім беру, әшкерелеу, түзету әрі әділдікке тәрбиелеу үшін тиімді. Осылай Құдайдың адамы барша игі іске дайындалып, толықтай даяр болмақ.
Тімотеге 2-хат 3:16–17
Сонымен бірге балалық шағыңнан-ақ Киелі жазбалармен таныссың. Олар сені парасатты етіп, Мәсіх Исаға деген сенімің арқылы құтқарылуға бастап әкеледі.
Тімотеге 2-хат 3:15
Мен саған ақыл-кеңес беремін, Жүретін жолыңды көрсетемін. Сені таса қылмай көзімнен, Әрдайым жетелеп жүремін Мен.
Забур жырлары 31:8
Дененің «шамы» — көз. Көзің кіршіксіз таза болғанда өмірің түгелдей нұрға кенеледі.
Матай 6:22
Соның еркін орындағысы келген әркім осы ілім Құдайдан ба, әлде Мен өз бетіммен сөйлеп тұрмын ба.
Жохан 7:17
Тек Құдайдың халқы жүреді. Менмен ақымақтар оған еш түспейді.
Ишая 35:8
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2009 ж. 5 қар.
2009 ж. 4 қар.
2009 ж. 3 қар.
2009 ж. 2 қар.
2009 ж. 1 қар.
2009 ж. 31 қаз.
2009 ж. 30 қаз.

Құдай Патшалығы
Пауыл өз Иесі мен Қожайынының ұлылығы мен даңқты ұлылығын жариялауға батылдық танытты. Әлем сол баталыны…

Эсхатология
Иса Мәсіхтің қайтып келуіне қатысты Інжіл пайғамбарлықтары мен уәделерін, Оның алғашқы келуінен бастап…

Жаратылыш
Құдай аспан мен жерді жаратты, және Құдай: «Сулардың ортасында кеңістік болсын» деді (1:20-тармақ) Құдай…

Жаңа жаратылыс
Құдайдың Киелі жазбада Нұхтан Исаның өзгерістеріне дейін қалай жаңа бастамалар ұсынатынын біліңіз. Оның…

Ізгі хабар тарату
Киелі Рухтың жер бетіндегі міндеті Мәсіхті дәріптеу және Мәсіхтің істерін бізге де, Оны қабылдамаған бұл…

Кішіпейілділік
Фарисей өзіне ұнады, бірақ кішіпейіл салық жинаушы Құдайға ұнады. Неге өзін-өзі ақтау емес, кішіпейілдік…