2009 ж. 15 жел.
Күнделікті нұр
Иса оларға деген сүйіспеншілігін ақырына дейін ісімен де толық көрсетті.
Жохан 13:1
Олар үшін өтініп жатырмын. Саған бағынбайтын дүние үшін емес, Өзің Маған берген шәкірттерім үшін өтініп жатырмын, себебі олар Сенікі. Менікінің бәрі Сенікі, Сенікінің бәрі де Менікі. Бұл адамдар арқылы Менің ұлылығым көрініп тұр. Сенен оларды осы дүниеден әкете гөр деп емес, әзәзіл шайтаннан қорғай гөр деп сұрап тұрмын. Менің осы дүниелік еместігім сияқты, бұлар да осы күнәкар дүниенің адамдары емес.
Жохан 17:9–10, 15–16
Әкем Мені қалай сүйсе, Мен де сендерді солай сүйемін. Сүйіспеншілігімді қабылдай беріңдер!
Жохан 15:9
Адамның достарына көрсететін ең зор сүйіспеншілігі — олар үшін өмірін құрбан етуі. Егер Менің тапсырғандарымды орындасаңдар, Маған доссыңдар.
Жохан 15:13–14
Сендерге бір жаңа өсиет айтамын: біріңді-бірің жақсы көріңдер! Мен өздеріңді сүйгендей, сендер де бір-біріңді сүйіңдер!
Жохан 13:34
Мәсіх Иса қайта оралар күнге дейін толықтай аяқтайтынына кәміл сенемін.
Філіпілікт. хат 1:6
Сендер де әйелдеріңді солай сүйіңдер: Мәсіх қауым үшін жанын қиды! Оны Құдай сөзімен тазартып, қайта туғызып, қасиетті қылды.
Ефестікт. хат 5:25–26
Құдайдың терең ой-мақсаттарынан да хабардар.
Қорынттықт. 1-хат 2:10
Сендерді бұдан былай құл демеймін, құл иесінің не істеп жүргенін білмейді. Қайта, сендерді достарым деп атадым, өйткені Әкемнен естігендерімнің бәрін сендерге білдірдім.
Жохан 15:15
Құдай өз Патшалығы туралы сырларды білуді оларға емес.
Матай 13:11
Ал біз осы дүниелік рухты емес, Құдайдан келген Киелі Рухты қабылдадық, Соның көмегімен Құдайдың бізге сыйлаған игіліктерін біле аламыз.
Қорынттықт. 1-хат 2:12
Сол себептен мен сендер үшін Құдай Әкеміз алдында тізе бүгіп Оған сиынамын; көктегі және жердегі бүкіл әкелік бедел Оның атынан тарайды. Былай деп мінажат етемін: Құдай өз ұлылығының байлығына сәйкес Киелі Рухының арқасында жан дүниелеріңді Өзінің құдіретімен нығайта көрсін. Мәсіх сенімдерің арқылы жүректеріңе орныға көрсін, әрі рухани өмірлерің Оның сүйіспеншілігіне тамыр жайып, негізделсін. Осылай сендер Мәсіхтің сүйіспеншілігінің қаншалықты кең де көз жеткісіз терең және биік екенін Құдайдың бүкіл халқымен бірге түсіне алып, адам санасы жетпейтін осы сүйіспеншілікті танып білсеңдер екен. Сол арқылы Құдайдың рухани қасиеттері бойларыңа толықтай дари берсін!
Ефестікт. хат 3:14–19
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2009 ж. 15 жел.
2009 ж. 14 жел.
2009 ж. 13 жел.
2009 ж. 12 жел.
2009 ж. 11 жел.
2009 ж. 10 жел.
2009 ж. 9 жел.

Мойынсұну
Мәсіхтің өлімге дейінгі кемелді бағынуы бізді Оның үлгісіне ілесуге шақырады. Құдайға деген шынайы…

Жаңа жаратылыс
Киелі кітаптағы «жаңа» сөзінің маңыздылығын зерттеңіз, жаратылыстан жаңа келісімге және жаңа аспан мен жерге…

Құдай Патшалығы
Киелі кітапта «Құдай Патшалығы» деген тіркес билікпен және басқарумен байланыстырылады. Біріншісі Құдайдың…

Сенім
Құдайды сүю, басқаларға қызмет ету және Мәсіхтің қайтып келуін күту арқылы шынымен бақытты жаңа жылды қалай…

Ізгі хабар тарату
Киелі Рухтың жер бетіндегі міндеті Мәсіхті дәріптеу және Мәсіхтің істерін бізге де, Оны қабылдамаған бұл…

Құдайға сүйену
«Тәуелсіздік» және «тәуелділік» әр түрлі мағыналарға ие болуы немесе бізде белгілі бір әсер қалдыруы мүмкін…